Ойланайық!

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Азып барамыз-ау… Өз ұрпағымыз далаға тасталып жатқанда, жарқын болашақ туралы армандау — бос дүние.
Теледидар да, газеттер де тастанды балалар жайында жиелетіп суық хабар жеткізуде. Естісең, денен түршігеді, көзіне жас келеді, бойынды ашу билейді… Сөзбен жеткізу мүмкін емес мұндай сезімді, әлде өлеңмен жеткізіп қалармын?!
Адамдар, адаммын деп мақтанбаңдар!
Бұл атақ емес, расында, бұл қасиет.
Сол қасиетті ешқашан жоғалтпаңдар,
Қиындықта шоқпар қылып ұстау керек.

Көріп жүрміз дүниеде екі аяқты,
Заты хайуан, аты адам болғанменен.
Өз бөлшегі — бауыр еті, балапанын,
Қоқыс қылып далаға тастайтынын.

Ақылы бар деп журсек, санасы бар,
Мұнымыз жалған үміт болса керек,
Жануардан үлгі алса бұл адамдар,
Өз баласын ешқашан тастамас ед!!!

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.