Ұстаз тілегі

Ей оқуышым, бері қара, тыңда мені,
Жаның зия құяр ұстаз демі.
Білім ал, өнер үйрен, оқу оқы
Дәл осындай ата-анаңның тілегені.

Оқысаңдар қуанамыз, шаттанамыз,
Балалармен балаша боп қаламыз.
Бар білімді арнаумен өздеріңе
Болашаққа үміт боп жалғанамыз.

«Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме»
Дегені Мағжандардың есіңде ме?
Шамнан шырақ жағылар оқысаңыз,
Озғандарға болады оқып жетісуге.

Келіңдер біз тамаша жол табалық,
Оқу, өнер, білімді қолға алалық.
Ыбырай атамыздың ұлағатты,
Кел балалар оқылығын жаттап алып.

Шартарапқа, аспанға шарықтайсың,
Оқысаңдар ешкімнен қалыспайсың.
Абай мен Ахметтердің ұрпағы боп,
Адал боп, ар жолынан адаспайсың.

Бек сеніммен айтамын оқысаңдар,
Оқысаңдар көңілге тоқысаңдар.
Өздеріңнен асатын жан қалмайды,
Кітап дейтін асыл досқа жанассаңдар.

1 пікір

akmaral
Ұстаз — екінші анамыз*)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.