Адам - ??

Қызықты психология /

Алдағы бірнеше пост индивидуалды ерекшелікке байланысты мамандық таңдауға арналады. Сізге қызық болса, қуанар едім.(рахметтің орнына ертеңгі емтиханға сәттілік тілесеңіздер болады))

Тестке нұсқау:
Мысалға, «Сіз кез-келген жұмысты орындауға көмектесетін бір оқудан өттіңіз. Осы екі мүмкін болған жұмыстың ішінен Сіз қайсысын таңдар едіңіз?»
1а) Жануарларға күтім жасау;
1б)Машиналар мен құрылғыларды жөндеу.
2а)Ауырып жатқан адамдарға көмектесу;
2б)Есептегіш құрылғылар үшін кестелерді, кескіндерді, бағдарламарды құрастыру.
3а)Кітаптағы суреттердің, плакаттардың, көркем ашық хаттардың және күй табақтардың сапасын тексеру;
3б)Өсімдіктердің жағдайларын, дамуын қадағалау.
4а)Материалдарды өңдеу (ағаш, металл, пластмасс және т.б);
4б)Тауарды сатып алушыға дейін жеткізу: жарнамалау, сату…
5а)Ғылыми-көпшілік кітаптар мен мақалаларды талқылау;
5б)Көркем кітаптарды талқылау (көріністерді, концерттерді талқылау).
6а)Төл жануарларды өсірумен айналысу (қандай-да болмасын текті жануарларды);
6б)Жолдастарыңызға (немесе өзіңізден кіші балаларға) белгілі бір дағдыларға үйрету және орындауға арналған жаттықтыру жұмыстарын жүргізу.
7а) Суреттердің көшірмелерін жасау (немесе музыкалық аспаптарды күйлеріне келтіру);
7б)Белгілі бір машинаны жүргізу (жүк машинасы немесе тасымал құралдары-жүк көтергіш, трактор және т.б ).
8а)Адамдарға қажетті мәліметтерді хабарлау (экскурсида, анықтама бюросында);
8б)Көрмелер мен витриналарды көркемдеу (немесе көрініс пен концерттерді ұйымдастыру жұмыстарына қатысу).
9а)Заттарды, бұйымдарды, техниканы, үйді жөндеу;
9б)Мәтін, кестелер мен суреттердегі қателіктерді іздеп, оларды түзету.
10а)Жануарларды емдеу;
10б)Есептеу жұмыстарын жүргізу.
11а)Өсімдіктердің жаңа түрлерін шығару;
11б)Жаңа өндіріс бұйымдарын құрастыру және жобалау (машиналарды, киімдерді, үйлерді және т.б).
12а)Адамдар арасындағы келіспеушіліктерді анықтау, көндіру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
12б)Кескіндер мен кестелерді талдау (тексеру, растау және т.б).
13а)Түрлі өнер үйірмелерінің жұмыстарын бақылап, зерттеу;
13б)Микробтардың өмір сүруін бақылап, зерттеу.
14а)Медициналық құрылғыларды тексеріп, оларға қызмет көрсету;
14б)Адамдардың түрлі жарақаттары кезінде көмек көрсету.
15а)Болып жатқан оқиғаларды көркем тілде суреттеу және бейнелеу (бақыланып немесе елестетіп жатқан);
15б)Бақыланып жатқан кеңістік, адамдар мен объекттер туралы нақты сипаттама-есептерді құрастыру.
16а)Ауруханада зертханалық анализдерді жасау;
16б)Ауырып жатқан адамдарды қабылдап, олармен сөйлесіп, емделу шараларын ұсыну.
17а)Бөлменің қабырғаларын немесе бұйымдардың сырттарын әсемдеу;
17б)Машиналар мен бұйымдардың құрастыру жұмыстарын жүргізу.
18а)Өзімен жасты немесе кіші жастағы балалар арасында театрға, музейге, экскурсияға және т.б жерлерге бару жұмыстарын ұйымдастыру);
18б)Сахнаға шығып, концерттерге қатысу.
19а)Кескіндер арқылы бұйымдарды жасап, үйлерді салу;
19б)Сызу жұмыстарымен айналысып, сызбаларды көшіру.
20а)Өсімдіктердің ауруларымен және бақшалар мен ормандарға зиянды жәндіктермен күресу;
20б)Жазатын машинамен, басып шығаратын және телетайп сияқты машиналармен жұмыс жасау.

Жауаптар кілті:
Мамандық типтері Сұрақтардың нөмірлері
Адам-табиғат 1а 3б 6а 10а 11а 13б 16а 20а
Адам-техника 1б 4а 7б 9а 11б 14а 17б 19а
Адам-Адам 2а 4б 6б 8а 12а 14б 16б 18а
Адам-белгілер жүйесі 2б 5а 9б 10б 12б 15а 19б 20б
Адам-көркем бейне 3а 5б 7а 8б 13а 15б 17а 18б

Тест қорытындысының интерпритациясы
«Адам-табиғат»-өсімдікті өсірумен, жануарлармен және орман шаруашылығымен байланысты барлық мамандықтар;
«Адам-техника»-барлық техникалық мамандықтар;
«Адам-адам»-адамдармен байланысы бар барлық мамандықтар;
«Адам-белгі»-есептеулермен, сандық немесе әріптік белгілермен, байланысты мамандықтар, соның ішінде музыкалық.
«Адам-көркем бейне» -барлық шығармашылықпен байланысты мамандықтар

4 пікір

calendula
Ерінемін, шынына, осыларды жасауға)
Jako
Мен сияқты еріншекке арналмаған,қиын екен.
alikona
Ертеңгі экзаменге сәттілік тілеймін!(рахметтің орнына))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.