Тренингке қатыссаңыз
Қазір сіздің іскерлік қабілетіңізді, креативтілік, қарым-қатынастағы табыстылығыңызды арттыратын, жалпы тұлғалық дамуыңызға жол ашатын түрлі тренингтер көп. Шынымен пайдалысы да, «қалай қызды/жігітті 5/10/15 күнде (бағасына қарай) жаулап алуға болады,
Сонымен, сіз тренердің біліктілігін, ақшасын, өткізілетін орнын ескеріп, қатысуға шешім қабылдадыңыз. Топтық тренингке келу арқылы сіз бір топтың мүшесі боласыз.
Сізге не білу керек? Төменде берілген пайдалы ережелер сіздің топтағы уақытыңызды өзіңізге тиімдірек етеді.
Мұқият бол. Топтан не қалайтының жөнінде жиі ойла және әр кездесу алдында топтан не күтетінің жайлы өзіңе сұрақ қой.
Икемді бол. Өзің жоспарламаған нәрсені де қабылдауға дайын бол.
«Жұмысқа тойымсыз» бол.Топтың табыстылығы сенің өзіңе жұмыс істеуге деген құлшынысыңнан көрінеді. Егер үнемі «өз кезегіңді» күтіп, табиғи импульсіңді тоқтата берсең, кезегің келмей қалуы да мүмкін.
Сезімдеріңді жиірек еске түсір. Мен ойлаймын деп емес, менің сезімім бойынша деп сөйлеген маңыздырақ.
Өзіңді көбірек таныт. Күлкілі болып көрінуден қорқып, біз әдетте сезім мен ойымызды іште сақтап қаламыз. Мұндай топ сол нәрселерді көрсеткенде шынымен не болатынын байқауға таптырмас орын.
Күтпе.Үнсіз қалма. Кері байланыс алудың бірден бірі жолы – сөйлесу. Әрі үнсіз болсаң, өзгелерді сенен бірдеме үйрену мүмкіндігінен айырасың.
Эксперимент жаса. Топ өзіңді жан-жақты көрсетуге қауіпсіз әрі еркін алаң. Мұнда байқап көргеніңді кейін күнделікті өміріңе пайдалана аласың.
Бәрі бірден өзгермейді. Өзіңе өзгеруге уақыт бер.
Ақыл беру мен сұрақ қоюдан қаш. Сенің өз сезімдеріңді айтқаның өзге адамға анағұрлым пайдалы.
Адамның өзіне бағыттап сөйле. Топтағы адам туралы үшінші жақта айтпа.
Біреуге көмекке асықпа. Адам өзін қинаған нәрсесін айту арқылы дами бастайды, кедергі болма.
Өзің жайлы қандай да бір пікірді естігенде эмоцияларыңды көрсет. Бұл саған деген сенімді арттырады.
Тренерге қарым-қатынастан өзіңнің жалпы авторитетке деген қатынасыңды аңғаруға болады.
Өзің туралы да, өзгелер туралы да стереотип қалыптастырма. Топта біреу саған біржақты қараса, мән бер.
Қаншалықты ашылатыныңды өзің шеш.
Бастысы, топта білгенің мен үйренгеніңді өмірде пайдалануға тырыс!
P.S. Иәә, бұйрық рай көп болып кетті. Бірақ, бірінші курста барған алғашқы тренингтерде бұларды білгенім жоқ. Көп нәрсені интуициямен жасадым. Өзгенің тәжірибесін тиімді пайдалану уақытты керемет үнемдейді ғой))
10 пікір
Толығырақ тоқталсаңыз!
Сосын қыздарды қалай сындыру жайлы, қателеспесем,"Нitch" деген Әмрикәнің киносын көріп ем.
жігіттерді сындыруды жайлы кино ше?)Ондай кино қарамадым әлі, тапсам, бөлісемінық ық, қай жігітті сындыра алмай жүрсіз???