Бай адам кім?

Қызықты психология /
Әкем айтқан ақылы:
Алтын-ақша, атақ-даңқ, шен-дәреже дегеніміз байлыққа саналмайды. Нағыз байлық адамнан тартып алынбайды. Қызметің қанша жерден жоғары болса да онымен өзіңе есеп бермей-ақ қой, себебі, кез-келген уақытта тайып кетуің мүмкін. Ақшам бар деп тасыма, кез-келген уақытта, бұйрық келсе, айырыласың. Атақ-даңқты өз бауырларыңа көмектесуге құрал ретінде ғана қарастыр. Тіпті, денсаулықтың өзі масаттануға себеп емес, ойламаған жерден ауруға шалдыға кетесің.
Нағыз байлық — ол көркем мінез ғана. Әрқашан көмек сұрағанға қол ұшын беруге дайын, біреудің қатесін көрсе түзетуге тырысқан, ешкімнің мүшкіл халіне немқұрайлы қарамайтын, кінәсін мойындағанды кешіре білген,әрқашан өз шындығымен бөлісе білген, өмірде қандай жағдай тумаса да әрқашан да адам боп қала білген адам ғана бай!
Осы сөздерге қосқым келетіні: Ешқашан даму мақсатында қате(күнә емес) жасап қоюдан қорықпаған, қайта өз қателерін табуға тырысқан, өз қатесін еркін мойындаған, кешірім сұрай білген адамдар да БАЙ адамдар деп есептеймін.

2 пікір

beko
Жақсы жазылған да, жақсы айтылғанда, миыма ми қосып алдым, рақмет.
Нағыз байлық — ол көркем мінез ғана.
Меніңше, әркімге байлық әрнәрсе деп ойлаймын, мейлі нағызы қандай болсын. Мыс: Біреуге өзінің білімін санайды байлық орнына ал біреуге тармақталған ұрпағын яғни үлкен жанұясын менің байлығым осы дегендей, тағы солай сияқты…
Мына жазған постыңыз өте құнды мәліметтер, осындай посттар көп болса екен ғой шіркін…
ТАҒЫ ДА РАҚМЕТ!
qyrmyzy
Байлығым — отбасым, әке-шешем, ол, достарым! Ақшам болмаса, көңіл-күйім болмайды....
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.