Құммен сурет салу өнері
*Бірде теледидардан жарық түсірілген әйнек үстелге көз ілеспейтін жылдамдықта құммен салынған суреттерді көріп таңғалдым. Білейін дегенім, осы өнерді қайдан үйренуге болады?
Құммен сурет салу – өткен ғасырдың 70 жылдары АҚШ-та пайда болып, Батыста қанат жайған жас өнер. Қас-қағым сәтте әйнек бетіне құммен салынған ғажап суреттерді үп еткен жел немесе болмашы қимыл әп-сәтте бұзып кетсе де, осынау нәзіктікті көрген жан әсерсіз қалмасы сөзсіз. Алғашында құммен сурет салу мультфильмдер, анимациялық фильмдер шығару үшін пайдаланылған еді. Сурет салудың мұндай техникасында құмнан өзге жарма, кофе, тұз, басқа да ұсақ заттар қолданылады. Осы өнерді игерем деуші адам үшін ең бастысы – шеберлік, себебі суретшіден тек әйнек бетіне бейнелерді түсіріп қана қоймай, құмды сезіне білу қабілеті талап етіледі. Бұл өнерді арнайы студиялардан үйренуге болады. Бүгінде еліміздің Алматы, Астана, Павлодар, Өскемен секілді қалаларында мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларға арналған құммен сурет салу өнерін үйрететін студиялар ашылуда. Құммен сурет салу – өте қызықты, сонымен қатар пайдалы өнер. Сурет салудың басқа да түрлері секілді, аталмыш өнер адамның қиялын, кеңістікті қабылдауын, есте сақтау қабілетін дамытып, әсіресе балалардың дұрыс жетілуіне, саусақтарының епті болуына әсерін тигізеді.Құм терапиясы — ол адамның ойлау қабілетін дамытады, зейінін арттырады. Сонымен қатар, адамның жүйке жүйесін тыныштандыруға пайдасы зор. Жалпы әйнек бетіне сурет салуда құмнан өзге жарма, кофе, тұз сияқты басқа да ұсақ заттарды қолдануға болады. Саусақпен өріліп, құмның көмегімен бейнеленген бұл туындылар қазіргі кезде мол сұранысқа ие.

6 пікір
видеоны бір деммен карадым! мәләдес Ернұр! пост ұнады! плюссссс! тағыда осындай жапжаксы видеопосттарыңды күтемін!