Құммен сурет салу өнері

Қызықты психология /
*Бірде теледидардан жарық түсірілген әйнек үстелге көз ілеспейтін жылдамдықта құммен салынған суреттерді көріп таңғалдым. Білейін дегенім, осы өнерді қайдан үйренуге болады?
Құммен сурет салу – өткен ғасырдың 70 жыл­дары АҚШ-та пайда болып, Батыста қанат жайған жас өнер. Қас-қағым сәтте әйнек бетіне құммен салынған ғажап суреттерді үп еткен жел немесе болмашы қимыл әп-сәтте бұзып кетсе де, осынау нәзіктікті көрген жан әсерсіз қалмасы сөзсіз. Алға­шында құммен сурет салу мультфильмдер, анима­ция­лық фильмдер шығару үшін пайдаланыл­ған еді. Сурет салудың мұндай техникасында құмнан өзге жарма, кофе, тұз, басқа да ұсақ заттар қолда­ны­лады. Осы өнерді игерем деуші адам үшін ең бастысы – шеберлік, себебі суретшіден тек әй­нек бетіне бейнелерді түсіріп қана қоймай, құмды сезіне білу қабілеті талап етіледі. Бұл өнерді арна­йы студиялардан үйренуге болады. Бүгінде еліміз­дің Алматы, Астана, Павлодар, Өскемен секілді қалаларында мектепке дейінгі, мектеп жасын­дағы балаларға арналған құммен сурет салу өнерін үйрететін студиялар ашылуда. Құммен сурет салу – өте қызықты, сонымен қатар пайдалы өнер. Сурет салудың басқа да түрлері секілді, аталмыш өнер адамның қия­лын, кеңістікті қабылдауын, есте сақтау қабіле­тін дамытып, әсіресе балалардың дұ­рыс жеті­луі­не, саусақтарының епті болуына әсерін тигізеді.Құм терапиясы — ол адамның ойлау қабілетін дамытады, зейінін арттырады. Сонымен қатар, адамның жүйке жүйесін тыныштандыруға пайдасы зор. Жалпы әйнек бетіне сурет салуда құмнан өзге жарма, кофе, тұз сияқты басқа да ұсақ заттарды қолдануға болады. Саусақпен өріліп, құмның көмегімен бейнеленген бұл туындылар қазіргі кезде мол сұранысқа ие.

6 пікір

ernur96
қате болса кешірерсіздер… бұл мениң алғашқы жазбам
didi0393
ТАМАША! КЕРЕМЕТ!Әдемі! негізі менде аталмыш өнерге тәнтімін. менде үйренсем ба дим!
видеоны бір деммен карадым! мәләдес Ернұр! пост ұнады! плюссссс! тағыда осындай жапжаксы видеопосттарыңды күтемін!
mairosh
Пәнтазияяя дееее))) ҚОш келдің Ернұр)) Тағыда- тағыда қызықты жазба күтеміз))
AKA
Өзі жазған болар деп, бір мақтайын деп едім, эххх копипаст жайлаған заман-ай… Жалпы, қызық тақырып қозғағаның және видеоны ғана әкеліп қоя салмағаның үшін еңбегіңді оң бағаладым. Қош келдің, алдағы уақытта копипастқа жол бермейсің деп сенемін.
Zhanat
бірде теледидардан көріп қалдым суретшілер мектебінде жас балалар құммен сурет салып жатыр, сонда әлгілерді көріп қатты қызыққаным бар еді
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.