Мен жақсы көретін, ең жақсы жүректің иесіне арналады (с)

Қызықты психология /
Сайтымыздың белсенді қолданушысы, аспазшы, архитектор, өзі Ананди .), сұлу да Korkem , Кидымның махаббаты, біз үшін қымбат жан — AKA мыздың жазбасының аудио нұсқасын жасадық.



Мен жақсы көретін, ең жақсы жүректің иесі!
• жазған: AKA
Ұйқымды ұрлап, ойларға бастап не түрлі
Арада жатыр арызы бітпес құба түн.
Сағыныш бірақ, сарқылмас сәуле секілді
Жарығыменен жырақты жалғап тұратын. /Мұрат Есжан/

Өне бойымды билеген ерен құдірет! Санамды жаулаған осынау асыл сезім ақыл — ойға ерік бермей, басым шықты. Сол бейне… Ойымнан бір сәтке арылтқан емеспін, ойлаған сайын жүрегім еріксіз дүрсілдеп қоя бергендей сезім баурауында қалатынмын. Ғашықтық… жо — жоқ, бұл одан да үлкен сезім секілді… Махаббат! Иә, иә, осынау іңкәр сезімді сезінген таза, кіршіксіз, адал жүректің иесі — қарапайымдылық пен еңбекқорлықты, адалдық пен имандылықты, адамгершілік пен мейірімділікті ту еткен жүрек қалаулысы!

Иә… бүгін сізді тағы ойладым. Түрлі қияли ойларға да шомдым, күттім, сағындым… Ойнаған, ұрысқан, күлген, жылаған, қызғанған сәттерді көзбен тағы шолып шықтым, себебі сағындым… Қоңырау дыбысы… Қатты толқыдым, қуандым, шаттыққа кенелдім, бүкіл әлем менімен қуанғандай әсерде болдым. Сағынғанымды айтып, әлемге жар салғым келді!

Бойымдағы сағыныш — ол басқа түскен қайғыға мойымайтын, қайта онымен тірескенде жеңіп шығатын, жаныңды мұңға, көңілсіздікке батырмайтын ерекше күрескерлік қуат! «Махаббатпен өткен күндер ғана өмір, ал қалғаны жай күндер» дегеннің де мағынасын терең түсінгендеймін. Осы сезіммен ілгерілеп, шаттанып, қуаттанып, қандай қиындықтар болмасын мойымай, жігерленіп келем. Себебі, сіз барсыз! Сағынатын, тілеуіңізді тілейтін, күтетін жан бар! Жаныңызда екенімді, дұғамда екеніңізді білгейсіз…

Түн. Тағы да алақан жайдым да, Құдайдан біз жайлы тіледім… «Аллаһу акбар!»

22 пікір

gulmyra
Айтар жок, керемет…
kema
«мәхәбат» <> Oldim)))))
qyrmyzy
Қарқын бар! Дыбыстаған кісіні диктор етіп шығарамын әлі ;)
dimash


Өзімді көөіп мяз боб қадм :)
Kan
Дауыс неткен керемет. Диктр дерсіз. Қоңыр үнді жақсы. Оқу мақамыда дәл түскен.
qyrmyzy
Сіз өткенде ұнатпаған жігіттің дауысы ;)
Kan
Менің өткендегі пікірімнен қортынды шығарған ғой деп мақтансам қалай ааа?
ai-naz
Әсерлі туынды!
kema
myna jigittin dausy endi endi jaksaryp keledi))) Aldyndagy Qarga dausyn jondepti go
Соңғы өңделген уақыты:
qyrmyzy
Қарға дауыссс??? Жап-жақсы-ақ! Күтіңіздер! Келесісі бұдан да қызық :)
mairosh
керемет шыққан.!!!
Manas
Не деген оқу!, оқыған адамға риза болдым
jalyn
Әдемі екен! Сөз саптау арқылы адам психологиясына ене білген!
AKA
:))) АРБ деуден басқа айтар жоқ, халқым. :)
керемет,қатты ұнады,қаламыңыз ұштала берсін, шындығында да оқыған жігіттің дауысына сөз жоқ =))
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.