Жасықтық

Қызықты психология /
Өз-өзінен жүнжіп, кісі бетіне тура қарай алмай, көбінесе «осы жұрт не дейді?», «маған күліп жүрген жоқ па?» деп өзінен өзі қуыстанып жүретін адамды «жасық неме екен» дейміз. Осы келеңсіз мінезден құтылуға бола ма? Онда психолог кеңесіне құлақ түріңіз.
Өз-өзіңізге сенімсіздіктің себебін анықтауға тырысыңыз.Бұл сізге жаман әдеттен арылуға, бойыңыздағы жақсы қасиеттерді ашуға көмектеседі.
Не нәрсеге бейімсіз, қандай қабілетіңіз бар. Сол қасиеттеріңізді жетілдіріп, басқа әлсіздіктеріңізге қарсы қойыңыз.

Кішкентай жетістігіңіз болса да қуанып үйреніңіз.«Бұдан да жақсы болуға болушы еді...», «Анау пәленше сияқты...» дегендей ойлардан аулақ болыңыз. Елдің ғана емес, сіздің өзіңіздің де өз-өзіңізді бағалай білгеніңіз көп маңызға ие.
Келісе кетпеуге тырысыңыз. Мүмкін болса, ылғи да өз түсінігіңізге, өз көзқарастарыңызға сай әрекет етіңіз. Осы арқылы ішкі еркіндігіңіз, тәуелсіздігіңіз нығаяды.
Өте тыраштанып кетпеген абзал. Неғұрлым биікке талпынсаңыз, жету де соғұрлым қиынға түседі.Алға қойған мақсатыңа ыждахаттылықпен, табандылықпен қол соз, жарты жолда тоқтап қалма.
Қиындықтан қорықпай, қайта оны жеңіп үйренген жөн.Небір жолы болғыштардың өздерінде де ондай-ондай жағдай болады. Тек бәрінің жақсы болатынына сену керек.
Дереккөз: «Мұсылман күнтізбесі 2009-2010 жыл».

1 пікір

Ақпаратыңызға үлкен рахмееееееееееет… Осы ақпаратты керек адамдар оқыса жақсы болар еді!!! ӘСІРЕСЕ ****, ******, ********...
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.