Неге?

Қызықты психология /

Алғаш физика сабағын өткен кезде, заттар молекулалардан тұратынын және ондағы молекулалар үнемі қозғалыста болатыны туралы ақпарат аламыз. Сонда мен ойлайтынмын, егер молекулалар үнемі қозғалып жүрген болса, неге менің дәптерге жазған жазуларым ары-бері жылжып кетпейді деп)…
Дүние үнемі қозғалыста болса, жер шары айналғанда неге адамдар ары-бері тербеліп кетпейді, заттар неге бір орында, таулар неге қозғалып, орындарынан жылжып кетпейді?.. Ғалымдар әр түрлі зерттеулер жүргізіп бұл қатаң заңдылықпен жүріп жатқан құбылыстың сырын ашуға ұмтылды, бүкілдүниежүзілік тартылыс заңы, гравитациялық күш деген сияқты ұғымдармен түсіндіруге тырысты…
Адам жер бетіне қалай пайда болды? Өмір сүрудің мәні не? Табиғат, жан-жануар олардың өмір сүру формасы неге адамзат баласына ұқсамайды? Оларға неге сана бермеген? Жер бетінде қаншама жеміс-жидектің түрлері бар, олар қалайша бір ғана түйір кішкене дәнектен пайда болды? Бір топырақта өсіп, бір сумен қоректенсе де жер бетіне әр түрлі жемістер шығады, алма, өрік, ананас… Бізге осыншама нығметтерді кім беріп жатыр? Неге тек қана балықтар суда жүзеді? Неге құстар ғана аспанда қанаттарын кең жайып ұша алады? Неге әрдайым күн шығыстан шығып, неге батысқа барады? Осы сияқты адам ақылы жете бермейтін сансыз сұрақтар өте көп…

Бұл құбылыстардың барлығын бақылап, реттеп, табиғат үйлесімділігін сақтап отыратын керемет бір күш Иесі бар. Ол — бүкіл әлемдердің Раббысы Аллах...

1 пікір

Kan
Бұл әр адамда болатын болуға тиісті ой заңдылығы. Бір қызығы өзің сұрақ қойыпсыңда барлығына өзің жауап беріпсің
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.