Тәңірдің елшісі немесе қара қарғаның қандай қасиеті бар?

Қызықты деректер /

Шынында да қарғаның ақылды әрі қу құс екенін көбіміз білеміз. Бірақ қаншалықты? Ғалымдар аң-құстың интелектісін тексергенде, алдыңғы орынға шимпанзе, одан кейін қарғаны, одан кейін дельфинді шығарған. Оқымыстылар, оқушылар, студенттер және қарғаның ойлау жүйесін салыстырмалы түрде бағалау үшін сынақ-тәжірибе де жүргізген. Сынақтың түрі-көптеген қалпақшалардың астына жасырылған асты дәл табу. Нәтижесінде қарғалар студенттерді шаң қаптырып кеткен. Ал олардың салған ұясын көрген адам қарғаға инженерлік диплом берсе де, артықтық етпесін түйсінер еді. Қарғалардың ағаш астына жасырынған насекомдарды алу үшін еңбек құралы-таяқшалар пайдаланатынын бақылаушылар талай байқаған. Тырнағына әлде бір заттарды қысып ұясына су тасып жүргендерін көргендер де бар. Оринтологтар олардың қарапайым логикалық тапсырмаларды тыңғылықты орындайтынына талай рет бас шайқаған. Тіпті шахмат тастарын дәл саны бойынша орналастырып қоюға қабілетті. Ал енді қарғаның бағдаршамның сигналдарын дәл ажырататынына таң қалмай көріңіз-қызыл жарық жанғанда жолдағы көлік соғып өлтірген жануарларды шоқи бастайды, ал жасыл жанғанда ұша жөнеледі. Бұдан бөлек қарға адамның қолында мылтық не таяқ барын, үлкен адам мен баланы, еркек пен әйелді жақсы ажырата алады екен. Бұданда көп біз білмейтін қабілеттері бары анық. Қарға ойынпаз, ит пен мысықтың жынына тигенді жақсы көреді.
Қарғалар өзінің күтіп-баққан қожайынын қорғау үшін басқа адамдарды тырнағымен, тұмсығымен, қанатымен жасқайды. Бірақ бір нәрсені ескеру керек, қарғалар адамды қожайын ретінде мойындамайды. Өздеріне тең әріптес немесе жолдас ретінде мойындауы мүмкін. Оған адам татитын болса.
Қасиетті құранда «Піл» сүресінде Қағбаны қиратуға қалың әскер келе жатқанда, аспанды қара түнек бұлт жабады. Сөйтсе, бұл жауын бұлты емес, тұмсықтары мен тырнақтарына кішкентай тас ұстаған қалың қарға үйірі екен. Осы өте көп құстар топ-тобымен тас жаудырып, жау әскерін тегіс қырып, қасиетті Қағбаны қорғап қалады. 570 жылы болған бұл оқиға араб тарихында «Піл жылы» деген атпен белгілі.
Осыған аз-маз ұқсайтын бір оқиға Ресейге баса-көктеп кірген ұлы қолбасшы Наполеон өзінің солдаттарына Кремль мұнарасындағы кресті Парижге әкету үшін жұлып әкелуді бұйырады. Француздар үшін кресті жұлу Мәскеуді түбегейлі бағындыруды білдіретін.
Француздар осы іс үшін жұмылғанда, қайдан шыққаны белгісіз үлкен қара құстар-қалың қарға үйірі тынымсыз қарқылдап, солдаттармен мұнараны айналып ұша бастайды. Бұл құбылысты бақылап тұрған Наполеон қала мен қасиетті орынды ерекше құстардың қорғауға шыққанын көріп, мұны жаман ырымға жорыйды. Ешкімнен беті қайтпаған ұлы қолбасшының орыстардан масқара болып жеңілген тарихтан белгілі.
Қара қарға сонымен қатар рақымсыздықты, азғындықты, құзғындықты білдіреді деген сөз бар.
Мәселен 1994 жылы Голливуд «Қарға» фильмін түсіргенде, қайғылы жағдайлар үдей түскен. Алдымен бір адам басына жарық беруші құлап өлсе, екінші жолы кірпіш қабырға құлап тағы бір адам көз жұмады. Осы жайттар жайлы жазбақ болған журналист кино түсіру алаңынан үйіне келе жатып көлік аптына ұшырап ақырында мүгедек болып қалған.
1982 жылы Леонид Ильич Брежневті жерлер кезінде Қызыл Алаңды қалың қарға үйірі басып қалып, генсекпен қарқылдап қоштасқан жұрт жаман ырымға жорыған. Брежнев өлген соң-ақ «мәңгі жасайтын» КСРО-ның басынан бақ тайып, құрдымға кеткені біз айтпасақта тарихта жазулы тұр.
Терезеңнің алдына қарға келіп қарқылдаса «Тағыда қарқылдады ма? Қандай жағымсыз дауыс...» дерсіз, сіз үшін қанша сүйкімсіз құс болсада қарғаның қарқылына да бірауық құлақ түріп көріңіз.

11 пікір

dimash
Қызықты ақпарат, бір деммен оқып шықтым, Рахмет!
beko
Мәссаған, рақмет.
Жақсы жазылған екен, жақсы мәліметтер алдым. Димаш айтпақшы, бір деммен оқып шықтым.
Yasin
Қасиетті құранда «Піл» сүресінде Қағбаны қиратуға қалың әскер келе жатқанда, аспанды қара түнек бұлт жабады. Сөйтсе, бұл жауын бұлты емес, тұмсықтары мен тырнақтарына кішкентай тас ұстаған қалың қарға үйірі екен. Осы өте көп құстар топ-тобымен тас жаудырып, жау әскерін тегіс қырып, қасиетті Қағбаны қорғап қалады. 570 жылы болған бұл оқиға араб тарихында «Піл жылы» деген атпен белгілі.
Бұл сүреде анық қарға деп келмеген келтірілген риуаяттарға қарағанда бірқазан деп айтылады ол құсты мүмкін болса діни жағынан қоспаған жөн себебі дін ойыншық емес, шариғатты біліп сөйлемесек адасушылыққа алып барады
Тәңірдің елшісі немесе қара қарғаның қандай қасиеті бар? мына сөзің тым асып кетіпті елшіні Алла тек адамзаттың арасынан жіберді 18000 мың ғаламды жаратқан Алла оларды бізге дәлел үшін көрсетіп жатыр Алланың бар екенін.
Артық кетсем кешірім сұраймын
nurba
Тәңірдің елшісі немесе қара қарғаның қандай қасиеті бар?
бұл сөз мынаған қарап айтылған болуы керек Қабыл туған бауыры Абылды өлтіріп қайда жасырарын білмей сасып жүргенде Алла Тағала өлі қарға көтерген бір тірі қарғаны жібереді.
Қасиетті құранда «Піл» сүресінде Қағбаны қиратуға қалың әскер келе жатқанда, аспанды қара түнек бұлт жабады. Сөйтсе, бұл жауын бұлты емес, тұмсықтары мен тырнақтарына кішкентай тас ұстаған қалың қарға үйірі екен. Осы өте көп құстар топ-тобымен тас жаудырып, жау әскерін тегіс қырып, қасиетті Қағбаны қорғап қалады. 570 жылы болған бұл оқиға араб тарихында «Піл жылы» деген атпен белгілі. иа бұл жерде нақты емес. Құранда "әбәбил құстар" деп айтылады екен "әбәбил" деген сөз "өте көп құстар тобы" дегенді білдірсе керек.
sultan_yerkebulan
ия дін өте салмақты нәрсе, мен қарғаның бұндай ерекшеліктерін бұрын байқамаған екем,әйтсе-дағы мен құранда Піл сүресінде қарға жайында айтылғанын естімеппін
qyrmyzy
Есік алдында қарға қарқылдаса, қонақ келеді деуші еді.)
korwinin_kyzy
Қазахи ырым етеді и их Ырым Қырын кетеді
93ab
Қарғалар 300 жыл өмір сүреді екен шамамен. Және қарғанын балапандарын көрген адам бар ма? )
Madi
Біздің ауылда көктемде, күзде қарғалар қарқылдайды да жатады, қарғалар көп.
Бауырымның айтқанына қосыламын… Анық қарға деп келтірілмеген… Тақырып үшін тарих ақтарыпсың, дұрыс-ақ… Дегенмен Тәңірдің елшісі деуің аса көңілге қонып отырған жоқ… алдын-ала кешірім өтінем
korwinin_kyzy
Қара қарға сонымен қатар рақымсыздықты, азғындықты, құзғындықты білдіреді деген сөз бар.
Мәселен 1994 жылы Голливуд «Қарға» фильмін түсіргенде, қайғылы жағдайлар үдей түскен. Алдымен бір адам басына жарық беруші құлап өлсе, екінші жолы кірпіш қабырға құлап тағы бір адам көз жұмады. Осы жайттар жайлы жазбақ болған журналист кино түсіру алаңынан үйіне келе жатып көлік аптына ұшырап ақырында мүгедек болып қалған.
мындай қайғылы жағдайға Қарғаны себеп қылуға болмайды GREAT күнә болады себебі жақсылықта жамандықта АЛЛАДАН
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.