Қазақстандағы Ең Бай 50 Адам Кім? 1 Бөлім

Қызықты деректер /
1 Тимур Асқарұлы Құлыбаев 45 жаста. Көп салалы диверсификалық бизнес.
1966ж 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ. Алматыдағы Республикалық физика математикалық мектебін, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. Самұрық Қазына АҚ басқарма төрағасы.
Әкесі Асқар Алтынбекұлы Құлыбаев Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы, Гурьев облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, құрылыс минимтрі болған. Құлыбаевтың Алмэкс холдингі және өзге де компаниялар арқылы, жарнама түрде инвестициялық, алтын өндіру, құрылыс т.б. үлесі бар. Жұбайы Динара Құлыбаевамен бірге Қазақстан Халық банкін басқарып отыр.
Америкалық FORBES журналы Құлыбаевтың байлығын $1,3 млрд.деп бағалап, 2011 ж оны қазақстандық миллиардерлер арасынан 3 орынға қойды.
Хоббиі; гольф, тау шаңғысы, футбол.
Үйленген, жұбайы Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаева 1967 ж.т. Ұлы Алтай 1990, Қыздары Дениза 2004ж.т, Алишия 2010ж.т
2 Болат Жәмитұлы Өтемұратов 53 жаста. Банктер, инвестициялық бизнес, телеком, БАҚ.
1957 ж қараша айында Гурьев қласында туылған. Қазақ. 1981ж Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. 1982ж Алматыдағы Юбилейный гастрономының директоры болған. Үйленген, 2 ұлы бар.
Елдің және саяси ортасында ауқымды байланыстары бар табысты бизнесмендердің бірі. Әр жылдарда Президенттің көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Президенттің іс басқарушысы.2007ж бері Үлкен теннис федерациясының президенті.Өтемұратовты әлемдегі ең бай адамдардың тізіміне кірді. Өтемұратовтың байлығын 1млрд деп бағалап, қазақстандық миллиардерлер арасынан 8 орынға қойды. Верный Капитал АҚ қатысы бар деп есептеледі. Бұл компания телекоммуникация және тау кен металлургия саласындағы акциялар пакетіне ие. Өмемұратов тізімінде Метрокомбанк, KASSA NOVA, NOVA Лизинг танымал медиа ресурстары бар.
3 Патох Каюмұлы Шодиев 58 жаста.
1953ж Өзбекстанның Жызақ облысынан. Өзбек.
Әкесі Шадиев Каюм Шадиұлы. Еңбек жолы Сырдарьинская правда газетінде корректор болған. Мәскеу Халықаралық қатынастар институтын бітірген. Бельгия азаматы. ENRC корпорациясының 14,59 акциясына ие. Еуразиялық Банк жарғылық капиталының үштен біріне ие.ENRCның бизнесі Қазақстанда болғанымен орталығы, шетелдерде активтері бар. Конгода мыс пен кобальт өндіреді, Бразилияда темір рудасының үш кен орнын игеруде Сауда бөлімшелері Швейцарияда, Штаб пәтері Лондонда. Патох Белгілі меценат. Байлығы 3,7 млрд бағаланған, бельгиялық миллиардерлер арасынан бірінші орында.
Үйленген. Жұбайы Гүлнара Турсунқызы Шодиева 1952ж, Қыздары Муниса 1976ж, Нафиса 1983ж, Ұлы Сабир 1981.

4 Александр Антонович Машкевич 57 жаста.EURASIAN NATIONAL RESOURECES CORPORATOIN (ENRC)
1954ж 23 ақпанда Бішкекте туылған. Еврей. Израиль азаматы. Қырғыз педагогикалық интитутында деканы. 1981ж өз мамандығы бойынша ең жас филология ғылымының кандидаты. Еуразиялық Банк директорлар кеңесінің төрағасы. Байлығы 3,7 млрд деп бағаланған, израильдік миллиардерлер арасынан 6 орында. жүк тасымалымен, Қытаймен шекарадағы Достық терминалы арқылы айналысады. Қазақстан алюминиі АҚ соларға тиесілі. Павлодардағы машина жасау зауыты Ресейге өнеркәсіп крандарын сатады. Соколов Сарыбай кен байыту комбинаты ENRC тобына кіреді. Еврей конгресінің президенті 1999ж, Еуразия еврей конгерсінін президенті 1999 жылдан бері, Еуразия өнеркәсіптік қауымдастығының президенті 1999жылдан, спорт федерациясының президенті 1999 жылдан.
Үйленген. Жұбайы Лариса Васильевна Машкевич 1954ж. Қыздары Анна және Алла 1977ж

5 Владимир Сергеевич Ким 50 жаста KAZAKHMYS КОРПОРАЦИЯСЫ.
1960ж 29 қазанда Мақтарал ауданы, Мырзакент ауылында туған. Құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. Кеңес Одағында Алматы аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, аудандық атқару кеңесі төрағасының орынбасары. Cuprum holding B.V арқылы Қазақмыс корпорациясы акциясын бақылап отыр. Қазыр корпорацияда көптеген кеніштер, байыту фабрикалары, көмір, жеке электр стансалары енеді. Алтын өндіру бойынша 3 орында тұр. Кимнің байлығы 4,7 млрд деп бағаланған, қазақстандық миллиардерлер арасынан 1 орында
Үйленген. Үш баласы бар.

6 Лакшми Миттал 61 жаста ARCELORMITTAL
1950ж 15 маусымда туған бизнесмен. Әлемдегі ірі металлургия империясының қожайыны. Жұмысын Индонезиядан бастаған. Қарағанды металлургия комбинаты оның Қазақстандағы басты активі. Одан басқа, мұнай өндірісі бар. ҚазМұнайГазбен және ресейлік Лукойл Оверсизбен бірігіп құрған бірнеше мұнай кеніштерін игеруде. 2011ж Telegraph журналы оның КазСтройСервис компаниясының 35 пайызының жартысын сатып алатынын айтқан. Байлығы 31,1 млрд деп бағаланған. Әлемдік миллиардерлер арасынан 6 орында Украиналаық Криврожсталь комбинаты және Ресейлік Северсталь компаниялары Кузбасстағы активтерін сатып алған. Үйленген. 1 ұл, 1 қызы бар, Ұлы Адитья, Қызы Ваниша.

7 Алижан Рахманұлы Ибрагимов 58 EURASIAN NATIONAL RESOURECES CORPORATION
1953Ж 5 маусымда Ферғана облысында келген. Ұйғыр. Қырғызстанның кейін Тоқмақ қаласына қоныс аударған. Қазақстан азаматы. Еуразиялық Банкі АҚ президенті, және корпорациясының президенті. Байлығы 3,7 млрд деп бағаланған, қазақстандықтардың арасынан 2 орында. Корпорациясында 656 мың адам істейді.Корпорациясының жылдық сататын өнімі 6,6 млрд асады. Үйленген. Жұбайы Мукадасхан Насиржанқызы Ибрагимова. Ұлдары Достан, Даврон, Шухрат, Фурхат.

8 Бақытбек Рымбекұлы Байсейітов 53ж ЦЕНТРКРЕДИТ БАНКІ
1958ж 14 мамырда келген.1979ж Мәскеу қаржы институтын, 1981ж Алматы халық шаруашылық институтын бітірген. Мемлекеттік банкінде Алматы облыстық кеңсесінде бастаған. Қазақстан банктер қауымдастығының президенті.2008ж Оңтүстіккореялық Kookmin Bankке акцияларын сатқан соң, байлығы 1 млрд деп бағаланған. Қазақстандықтардың арасынан 4 орында. Жарғылық капиталі өзінің иелігінде. Байсейітовтың тобы Атамекен холдингін бақылайды. Байсейітовтың үлесінде Қазақстандық нарығында конструкторлық бюромен ЯК ұшақтарын сатумен айналысады. Үйленген. Лена Әділханқызы Байсейітова.

9 Нұржан Сәлкенұлы Сұбханбердин 46ж КАЗКОММЕРЦБАНК
1965ж 29 қарашада туылған. Әкесі жазушы Сәлкен Сұбханбердин, Анасы зерттеуші Үшкілтай Сұбханбердина. Үйленген. ұлы,5 қызы бар. ҚазМУды және Мәскеуде мемлекеттік университетін экономика факультетін бітірген. Казкомның директорлар кеңесінің төрағасы, негізгі акционері. Жанама түрде 33,12 пайызын бақылайды. Тәуелсіз Тарлан сыйлығы меценаттар клубының мүшесі.Баскетбол федерациясының президенті. Байлығы 1 млрд деп бағаланған, қазақстандықтардың арасынан 5 орында

10 Нұрлан Еркебұланұлы Смағұлов 46ж ASTANA GROUP
1965ж 2 маусымда туылған.ҚазМУдың биология факультетін аяқтаған. 1992ж Астана моторс компаниясын құрып, автомобиль сатумен айналысады, кейін Астық индустриясын құрады. жылына 220 мың тонна ұн өндіреді. MEGA сауда сауық кешендері Смағұловтың иелігінде. Алматыдағы Алматы қонақ үйін басқарады. Премьер министрінің кеңесшісі болған. Азық түлік келісімшарт корпорациясын басқарған. Тарлан клубының мүшесі. Үйленген. Жұбайы Мәдина Амангелдіқызы Смағұлова. Қыздары Ақжан, Еркежан, ұлы Еркебұлан.

11 Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков 57ж ЦЕСНА Корпорациясы
1954ж 26 шілде Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Бұрлы ауылында туылған.1982ж ВГИКтің экономика факультетін бітірген. Қазақ КСР Кинокомитеті саласында жұмыс істеген. 1988ж 1995ж дейін көпсалалы Цесна корпорациясын құрып басқарды. Мемлекеттік қызметке кеткен соң, өзіне тиесілі активтерді жұбайының басқаруына берген… Цесна корпорацияның 70 пайызы өзіне тиесілі. Жұмыстың міндеті астық өндіру және өңдеу. Құрамында корпорацияның ЦеснаБанк, компаниялар, БАҚ бар.Әр жылдары Астана қаласының әкімі, индустрия және сауда министрі, президент әкімшілігінің басшысы, Нұр Отан төрағасының 1 орынбасары, Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшісі. Қазыр Қорғаныс министрі. Үйленген. Жұбайы Ләззат Ибрагимова 1955ж. Ұлы Дәурен 1978ж

12 Нұрлан Жамбылұлы Қаппаров 41ж LANCASTER GROUP
1970ж 30наурызда Алматыда туылған. Қазақ. Физика математикалык мектебін, Алматы технологиялық институтын бітірген. 1990ж Акцепт корпорациясын ұйымдастырып басқарады. Әр жылдары ҚазТрансОйл, ҚазақОйл компанияларының президенті. 2001-2003 жылдары Гараврд университетінің Кеннеди атындағы басқару институтында оқиды. 2003ж бері Ланкастер Груп тобын бақарады. Оған қалайы өндіру, телекоммуникация т.б жатады. Қаппаров ҚазИнвестБанктің ірі акционері. Үйленген,2 ұлы бар.

13 Александр Клебанов 48ж ОАОЭК, МЕДИААКТИВТЕР.
Қазақстандық бизнестегі маңызды адамдардың бірі. Орталық Азия отын энергетикалық компаниясының 30,9 Қазақстанның Эксимбанкі өзіне тиесілі.Одан басқа, Алаш медиа групп ЖШСнің бенефициары. Бұл топтың 7 арнамен, Tengri FM радиосымен, Vesti kz сайтымен т.б байланыстары бар.

14 Рашид Темірболатұлы Сәрсенов 62ж HELIOS
1949ж Көкшетауда туылған.ҚазҰТУ институтын бітірген. 1987-88ж Жоғарғы және арнаулы орта білім министрінің орынбасары, халыққа білім беру министрінің орынбасары болған. Қымбат парфюмерия, киім сататын Француз үйінің негізін қалаушысы. Елдегі 250 жанармай құю бекеттері бар HELIOS Фирмасы Өзінің арқасында құрылған.

15 Вячеслав Константинович Ким 42ж KASPI BANK
1969ж Алматыда туылған. Физика математика мектебін, Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Планета Электроники дүкендер желісінің қожайыны. Caspian Group B.V арқылы Каспи банк акцияларының ірі пакетін бақылайды. Онымен қоса Уаз, SsangYong КӨЛІКТЕРІ мен ТЕХНИКАЛАРЫН құрастыратын АгроМашХолдингінің иесі. Кендо және Йайдо федерациясының президенті. Үйленген,2 баласы бар.

16 Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаева (Назарбаева) Халық Банкі
1967ж 19 тамызында Теміртауда туылған. Қазақ. 1989 Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын бітірген. Алмэкс холдингтік тобы мен Халық банкінің ірі акционері. 1998ж бері Н.Ә.Назарбаевтың Білім беру қорын басқарады. Байлығы 1,3 млрд деп бағаланған. Қазақстандық миллиардерлер арасынан 4 орында. Тұрмыста. Тимур Құлыбаев.

17 Кеңес Хамитұлы Рақышев 32ж SAT&COMPANY;
1979ж 14шілдеде Алматыда туылған. Қазақ экономикалық университетін бітірген. Компаниясы 50,43 акциялары өзіне тиесілі. Мұнай өнімдерімен, әуе тасымалымен, мырыш кен орнын игеруге инвестициялар салумен айналысады. Үйленген. Жұбайы Әсел Иманғалиқызы Тасмағамбетова. Ұлы Дінмұхаммед.

18 Вагит Юсуфұлы Алекперов 61ж Лукойл Оверсиз
1950ж 1 қыркүйекте Бакуде туылған. КСРОның Мұнайгаз министрі болған. 1992ж бастап Лукоил ААҚ президенті Байлығы 13,9 млрд деп бағаланған. Ресейліктерден 8 орында. Қазақстандық бөлігіндегі кәсіпорындарды 10 жобаны қолға алуда. Одан басқа ЛукАрко БК еліміздегі ірі мұнай өндіруші Теңізшевройл компаниясының 5 пайызын бақылайды.

19 Асубаевтар отбасы ALTYNGROUP KAZAKHSTAN
Қанат Шайханұлы Асаубаев 1948ж 22 тамызда туылған. Қазақ. Техника ғылымдарының докторы, профессор. Еңбек сіңірген қайраткері. Асаубаев отбасымен KazakhGold Компанияларын ресейлік Полюс Золото компаниясына сатқан. Саудпласушы тараптар арасында келіспеушіліктер пайда болды. Мемлекет Асаубаевтарды қолдап, өндірістік қуаттарды қайта салып жатыр. АлтынГруп тобына қоспақ. Үйленген. Маруся Маралқызы Асаубаева 1949ж, Ұлдары Бауыржан 1970ж, Айдар 1978ж, Санжар 1986ж.

20 Айдан Табониязұлы Кәріпжанов 39ж Visor Capital
1971ж 10 қазанда Алматыда туылған. Қазақ. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген. Әр жылдары ҚазМұнайГаз ҰҚ ЖАҚ басқарушы директоры, Қазпошта АҚ директорлар кеңесінің директоры.2011ж бері Самұрық Қазына ҰӘҚ басқарма төрағасының орынбасары. Ол Азидағы ірі инвестициялық және консалтингтік компания ВИСОР КАПИТАЛ үлесті бақылап отыр. Үйленген. Жұбайы Мақпал Қанапияқызы Кәріпжанова. Балалары Жан 1994ж, Жасмин 1998ж, Иман-Әймек 2001ж.

21 Анатолий Висханович Попелюшко 65ж Рахат АҚ
1946ж 4 тамызда туылған. Мәскеу технологиялық институтын бітірген. Талдықорған облысындағы Қарабұлақ қант зауытында дәнекерлеушінің үйренушісі болып бастаған. Қант зауытының басшысы болған. 1984 ж бастап Алматы кондитер фабрикасының директоры, бүгінде Рахат АҚ басқарма төрағасы-президенті. Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі тауар өндірушілері одағының президенті. Рахаттың 25,77 пайызы өзінің иелігінде

22 Қайрат Қуанышбайұлы Мәжібаев 43ж RESMI
1968ж 5 қантарында туылған. Қазақ.1994ж РЕСМИ компанирялар тобының негізін қалаушысы. Медицина институтын бітірген. РЕСМИ тобы жылжымайтын мүлікпен, түрлі жаңғақтармен, шырындар т.б шығарумен айналысады. Мәжібаевтың 7Я супермаркеттер желісімен байланысы бар. БАҚтарда талдамашы ретінде көрініп жүр.

23 Айдын Жұмаділұлы Рахымбаев 39ж BI GROUP
1972ж 20 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында туылған. Қазақ.Инженерлік құрылыс институтын бітірген. 1995ж бірге оқыған курстастарымен АзТЭК трейдинг компаниясын, кейін Би Груп холдингін құрды.Батыс Еуропа-Батыс Қытай жобасына қатысуда. Холдинг директорлар кеңесінің төрағасы. Үйленген. Жұбайы Анар Амангелдіқызы Рахымбаева. Ұлдары Әлихан, Арыстан, Қызы Аружан.

24 Айгүл Нуриева Маратқызы ДИВЕРСИФИКАЦИЯЛЫ БИЗНЕС.
1974ж 13тамызда туылған. 1991-1995ж Қазақ мемлекеттік басқару академиясында оқыған. Президенттік Болашақ стипендиясының иегері. 1997ж АҚЩта оқыған. 2007жылдан Қазақтелеком АҚ директорлар кеңесінің мүшесі BODAM B.V. Айгүл тікелей және жанама түрде Казкоммерцбанктің және Tele2нің акцияларына иесі. Қазыр Alnair Capital Holding АҚ басқарушы директор.

25 Сергей Александрович Терещенко 60ж Жер иеленуші
1951ж 21 мамырда Мәскеу облысында туылған. Орыс. 1973ж Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Шымкент облысының, Куйбышев атындағы ұжымшардың бас инженері. Тәуелсіз Қазақ елінің алғашқы премьер министрі. Сарапшылардың ойынша аса ірі жер иеленушілердің бірі. Интеграция Достық қорын басқарады. Үйленген. Евгения Григорьевна Терещенко 1950ж. Қыздары Нина 1974ж, Елена 1978ж.

26 Олег Владимирович Дерипаска 43ж БАЗОВЫЙ ЭЛЕМЕНТ
1968ж 2 қантарда Дзержинск қаласында туылған Базовый элементтің иесі. Байлығы 16,8 млрд деп бағаланған. Ресейліктердің арасынан 6 орында.Самұрық Қазынамен көмірді шығарып Богатырь Көмірмен келісімшартқа отырғаннті. Ол компанияның тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдары, IT-технологияларымен айналысатын бөлімшелері бар. Тарлан сыйлығының құрылтайшыларының бірі. 2007ж бастап Атамекен одағының басқарма мүшесі Кәсіпкерлер форумының төрағасы.

Жалғасы бар… Жалғасы 2 бөлімде…

4 пікір

m170785
Құлыбаевтыкі одан да асатын шығар
qyrmyzy
ух, қазақтар бар екен
VVVWWW
Қырмызы, өз ойымды айтайын, мен бұл постыға түк қызыққан жоқпын:
1. Жұрттың қалсаындағы ақшасы басқа біреуге неге керек екен, ой бола берсін қанша болса да (оданша мысалы "Қазақстандағы ең көп меценаттық жасағандар" деген сияқты тақырып болса)
2. Өте күдікті деректер, біздің шенеуіктер қанша ақшасы бар екенін жария қылады ғой деп ойламаймын (Олар жасырып қалудың неше түрлі айласын біледі)
m170785
бар ғой бар. 2 бөлімін де оқыңыз
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.