Ең ұзын мен ең қысқа

Қызықты деректер /
Гиннесс рекордттар кітабы әлемдегі ең кіші адам 72 жастағы Непалдық Чандра Бахадур Данги екенін дәлелдеп отыр, оның бойы 54,6 см.



2011 жылы 18 жастағы Филиппиндік Джунрей Балавинг маусым айында өлшенген бойы 59,9 см болып Гиннесске енген болатын, бірақ Чандра одан 5,3 см кіші болып рекорд орнатты.


Чандра мырзаның шақыртуымен, Гиннесс рекордттар кітабының бас редакторы –Крейт Гледей Лондоннан Катмандуға өлшемдер жүргізу үшін, арнайы ұшып келген. Guinness World Records ережесіне сай, Чандраны 24 сағат ішінде 3 рет өлшеген, нәтижесінде өлшем бірқалыпты болып 54,6 см құраған.


Чандра мырза мен оның отбасы, Чандраға және ауылына қолдау көрсету үшін қайырымдылықпен айналысуды бастайтынын жеткізген. Чандра мырза: «менімен елім мақтану үшін қайырымдылықпен айналысамын» дейді.



Әлемдегі ең ұзын адам

26 жасар Түркиялық фермер Сұлтан Косенды «Гиннесс рекордттар кітабы» комитеті дүниедегі ең ұзын адам екенін растап отыр. Бұл алыптың бойы 2 метр 46 см, сонымен бірге оның қолы да ең ұзын 27,5 см, ал аяғының өлшемі 36,5 см, сонда оның аяқ киімінің размері 58 болғаны ма))


Сұлтан Косен бойының арқасында түрлі қиындықтарға тап болады екен. Жүру қиын болған соң балдақпен жүреді, оған автомобильге мінген бір азап, жататын орын үшін ол 3 метрлік керует дайындап беруге тапсырыс берген екен, киім мен аяқ киімді арнайы тіктіреді. Ол кіші потолоктарға, өмірін адам төзгісіз еткені үшін, үнемі шағым айтатын көрінеді.



Косен өзінің бойымен қыздарды шошытып алады екен, сол себепті де ол мүлдем қызбен жүрмеген. Гиннесс рекордтар кітабының арқасында абыройлы болып, енді қыздар онымен қуана танысады деген үмітте. Оның басты арманы да осы- отбасын құру, әке болу.


Сонымен қатар ол өз бойының пайдалы жақтары да барын айтады. Айтуынша ол алыстан жақсы көреді, тағы адамдарға перде ілгіштерін іліп беруге және лампочканы бұрап беруге көмектеседі екен.
Өзінің бойымен Косен алдынғы рекорд иесі 50-дегі, бойы 2,36 см болған Монғолия тұрғыны, қойшы Бао Ксишунды базып озған болатын. Бао Ксишун да бойына сай қыз іздеп көрген көрінеді. Бірақ та нәтиже болмаған соң, арнайы конкурс жариялап, оған 20 әйел қызығушылық танытқан, оның ішінде қойшы-гигант әйел де бар екен), бірақ Бао 2007 жылы өзінен екі есе кіші әйелмен бас қосқан.

Шындығында, қазіргі уақытта Сұлтан Косен әлемдегі ең биік адам емес, 
Қытайда тұратын 27 жастағы Косеннің бойымен бірдей алып Дзао бар, 
бірақ ол Гиннесске ұсыныс бермеген, танымал болғанды қаламайтын көрінеді.  



ары қарай көретіндеріңіз...

Әлемнің ең кішкентай қызы.

Планетадағы ең кішкентай қыз. Есімі Джиоти Амге 18 жасар Индиялық студент қыз. Рекордсмен қыздың бойы 62,8 см



Сонымен

Әлемнің ең ұзын қызы

Әлемдегі ең үлкен қыз -тайландтық 19 жастағы Malee Duangdee. Мали Дуангдидің қазіргі уақыттағы бойы 208 см. Бойжеткеннің салмағы 130 кг. Ресми түрде әлемдегі ең ұзын ару ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына енгізілді.





Мали мектепте оқып жүрген кезінде алып бойына байланысты үнемі мазаққа қалатын болыпты, достары болмаған соң өзін жалғыз сезінеді екен. Онымен қоса, оның ешқашан бойфренді болмаған, сондықтан тұрмыс құруды ойға да алмайтын көрінеді.

Дегенмен де ол өзі қандай болса, сол қалпында жақсы көруге тырысады, барлық бос уақытын өзін сүйетін отбасымен өткізеді.

Мали сүйікті отбасымен бірге


p.s. жарнама немесе больше чем фото

21 пікір

kaz007
Негізі Шымкентте де ұзын адам бар, ол туралы тағы бірде жазармын)
Korkem
Тех.тағы ма?
kaz007
ыыы, дәл өзі, сіз оны танисыз ба?
Korkem
муахахах менің досым ғой ол)))
kaz007
ойй)) қалайща? ол мұғалім емес пе еді?
Korkem
әзілдеймінииии))) Көргенмін
kaz007
ааа қуантым жіберген едіңіз))) хехе)))
Gau
Қытайдың ер-азаматы бар еді, аты-жөні есімде жоқ, ең ұзын деп танылған?
kaz007
жазбада жазып кеткен едім, оқымадыңызба, аты Дзао, ол гиннесске енуден бас тартқан екен.
Gau
ой, кешірерсіз… смартфон арқылы оқып байқамай қалыппын
Ayala
қандай қызықта қорқынышты екен
kaz007
хехе)) ия расымен солай екен,
Bagashar
Біреулердің трагедиясы біреулерге қызық па?
kaz007
сізді түсінемін, бірақ трагедия болатындай мұнда еш қайғылы жағы жоқ қой. оларды қолдау үшін осындай әлемдік деңгейде көрсетіп жатыр
naz-24-08
кудайдын жаратканы соган шукиршилик ету керек…
kaz007
Дұрыс айтасыз
alikona
неге жоғалып кеттің? жаза түсші!!! мына блок қатты ұнап қалды!!!
alip balamen, alip kiz uilense boladigoi!
mairosh
Бұндайларға қарауға жүрегім аурады. Эндокринді аурулары бар адамдар ғой (.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.