Бет-жүзіңізге зер салсаңыз...("Мұсылман күнтізбесі"-нен алынған)

Қызықты деректер /
Шекеңіздің терісі қызара бөртсе, ішек қызметінің бұзылғандығы деп біліңіз.Маңдайыңыз қызарыңқырап тұрса, онда сіз тұтынатын тағамдардың құрамында тұз көп болғаны.Тұз, әрине, бүйректің жұмысына кедергі келтіреді.Ал маңдайыңыз бозаңқы тартса, тәттіге аса құмар жандардың бірісіз.Тәттіні шектен тыс жеу ағзаға зардап тигізеді.
Екі қасыңыздың арасындағы әжімдердің сызығы көлденең болса, бауырдың қызметі нашарлады деген сөз.Маңдайдағы түзу және көлденең тартқан әжім белгілерінің көптеп кездесуі құрамында ақуызы мол тағамдарды аса көп пайдаланудың салдары.
Қос жанарыңыздың астыңғы жағы қошқылданып, қатпарланып келсе, бүйректің ауыратыны шүбәсіз.
Беттің ұшы мен танаудың айналасындағы тері қабаттарының қызарып кетуі бұл ішек қарын ауруларының туындағанын ұқтырады.Ал танау ұшындағы тамырлар көлемі кеңейіп кетсе, сөз жоқ жүрек-қантамыр жүйесінің қалыпты жағдайдан ауытқығаны.
Бет ұшы мен еріннің арасындағы бөлікте ақ немесе қара бөртпелер болса, сіз қант пен сүт тағамдарын молынан тұтынатын адамсыз.Сондай-ақ бронхит ауруының белгілері де беттің осы бөлігінде аңғарылады.
Иек пен жақ терілеріндегі ауытқушылықтар жыныстық қатынастың себеп-салдарынан хабар береді.

6 пікір

Jako
Мынауың ғажап екен, егер тура болса менің еш жерім ауырмайтын сияқты.
mairosh
ыхыхы керемет екен.))) шынымен дәлелденген ба?
qyrmyzy
КӨзімнің астындағы бір сызық жылдардікі деп ойлаймын. Әлде ол да бірдеңенің әсері ма?
Abylai
Сұмдық қалай тірі жүрм екен. Мыналардың барлығы менің бетімде кездеседі.
qyrmyzy
Иек пен жақ терілеріндегі ауытқушылықтар жыныстық қатынастың себеп-салдарынан хабар береді.
М?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.