Ұшақ қалай пайда болды?

Қызықты деректер /
Айшылық алыс жерлерге лезде ұшып баратын әуе көліктері бүгінде ешкім таң емес. Әлемнің кез келген жеріне ұшып бару адамзат баласына сөз болмай қалды. Ұшақтың пайда болғанына бір ғасырдан асты. Адамзат өміріндегі үлкен техикалық жетістік. Өзге құралдар сияқты ұшақтар өздігінен пайда болған жоқ. Әуеде ұшатын құрылғыны жасау өнертапқыштардың қажырлы еңбектері мен ізденісті талап етті. Ұзақ ізденістің, ерен еңбектің қорытындысында алғашқы ұшақты жасап, ұшырып, тәжірибе жасаған өнертапқыштар американдық ағайындар Уилбур мен Орвилл Райттар.
Райттардың ұшақты ойлап шығаруға геликоптер деп аталатын ойыншық ой салған. Әкесі Мильтон Райт балаларына 1878ж көктемінде іссапардан келе жатып ойыншық алмақшы болады. Дүкенде назары бұрын соңды өзі көрмеген ойыншыққа көзі түседі. Бұрамасын бұраған соң ызылдаған дауыс шығып, тірі жәндік сияқты аспанға ұшады. Оны сатып алып, баларына апарады. Ерекше ойыншықтың құны арзан емес еді. Елу центке жаңа жейде мен сырты қапталған дұға кітабын сатып алуға болатын. Күні бойы ойнаған балалар, ол затты сындырып алады. Қымбар ойыншыққа затқа бола әкелері ұрсады. Ағайындылар геликоптердің қалай жасалғанын көру үшін іші сыртын ашады. Ағайынды балалардың ұшатын құрылғы жасау үшін, оларға ой түрткі болады.
Мектеп кезінде Уилбурдың аузына хоккейдің таяқтың ұшы қатты тиіп, жеңіл жарақат болып көрінгенмен, ауруы асқынып, қатты күйзеліске ұшырайды. 3 жылдай оқудан қол үзеді. Өзінен төрт жасар кіші інісі мектепті бітіріп шығады. Бірақ інісі де колледжде оқудан бас тартып, жақын досымен бірге хабарландырулар, тапсырыспен сыйқағаздар, газеттер шығарумен айналысады.Орвилл ағасын осы кәсіппен жұмыс істеуге шақырады. Өнертапқыштар өмірлерінің соңына дейін үйленбей өткен.
Ағайындылар баспа станогында жұмыс істеп жүріп, қолда бар материалдардан түрлі қосалқы құрылғылар ойлап шығарады. Чикагодан келген қонақтарға баспа станогымен таныстырып, шыныменде олар жұмыс істейтінін көріп құрылғыны, бірақ нақты не үшін, қалай істейтіні белгісіз еді.Одан кейін шайтан арба (велосипед) жасауға кіріседі. 1892ж олар өздерінің жеке дүкендерін ашады. Ол уақытта шайтанарбаның саудасы қызған еді. Өздерінің жеке үлгідегі велосипедтерін ойлап тауып, 1907ж дейін соларды сатумен айналысады. Немістің өнертапқышы Отто Лилиенталь Құстың ұшуы ауада ұшудың негізі деген кітапқа оларға өзгеріс әкеледі. Лилиенталь қалықтап ұшатын моторсыз құрылғы жасап, екі мыңнан аса рет аспанға ұшып көреді. Ол екі жарым аттың күшіндей қуаты бар қозғалтқышты ұшатын құрылғы жасауды ұйғарады. 1896ж Лилиенталь кезекті ұшуында апатқа ұшырап, мерт болмағанда, Ағайындылар алғашқы ұшақты құрастырғандар деген атағына ие болмайтын еді.Ағайындылар планерді ауаға көтеру үшін маңдайдан тұрған желдің жылдамдығы сағатына 30км болу керек екендігін есептеп табады. Чикагода олар ең тиімді қала болып шығады әрі қолайлы жер. Олар журналистерден, еріккен адамдардан аулақ, оңашада жұмыс істегенді ұнататын. Желі жақсы тұратын шағын ғана Килл Дэвид Хиллз деген қалашықта тәжірибе жасайды. Алғашқы планердің қанаты бес метрге жеткен. Уилбур 1900ж қазанында 10 шақты рет ұшып көрген.1901 және 1902ж екі планермен екі мыңға жуық ұшады. Бірнеше жарақат алғандарына, жұмыстары жүре береді. Шеберханаларында механиктің көмегімен жеке сызбаларымен қозғалтқышты жасайды. Нәтижесінде сумен алқындатылған, бензинмен жүретін, 4 цилиндрлі қозғалтқыш пайда болды. Және басқа да құрылғыларын қосқанда салмағы 90,7 келіге болатын. Қуаты 12 аттың күшіне тең болатын. 1903ж Жасап шығарған аппараттары Флайер деп атайды. Олар планерге күш беретін құрылғы орнатуға қадам жасайды. Сипаттамасын құрылғымен қозғалтқыштыңғ машина жасау зауыттарына жіберген. Қанатының ауданы 47,3 шаршы метр, құлашы 12,3 метр, салмағы 274,4 келіге жеткен. Аппаратты әуеге көтеруге болмайды деп қорыққан. Құмды жер болғандықтан ұшақтын екпін алуына мүмкіндік жоқ болаты. Содан соң ұзындығы 20 метрлік монорельс жасайды. Қайта қайта сына бергендіктен, сынақ мерзімі кейінге қалдыра беріледі көңілдері түскендіктен. Қараша айында қозғалтқышты оталдырған кезінде, оның дірілінен пропеллер сынады. Желтоқсанда монорельспен екпін алмақ кезінде басқару рулін сындырып алады. 12 желтоқсанда Уилбур Флайермен алғаш рет ұшып көреді.Ұшқан кезінде тұмсығын тік көтеріп, ұшақ жерге құлайды. 1903ж 17 желтоқсанда бұлтты ауа температурасы төмен болғандықтан сынған. Уилбур ұшақтың оң жағын демеп, Орвилл ұшқыштың орнына отырады. Аппарат монорельпен сырғанап, ақырындап ұшады. Алғашында ұшақ 12 секундта 36 метр қашықтыққа ұшып, құмға қонды. Кейін рекорд жасап ұшады. Аламның ауадан ауыр, басқарылатын аппаратта ұшуы осылай басталған.
<img src=«aitaber.kz/uploads/images/00/00/99/2012/06/05/f3b63d.jpg» title=«сурет» align=«left» alt=«сурет» />

<img src=«aitaber.kz/uploads/images/00/00/99/2012/06/05/83f465.jpg» title=«сурет» align=«left» alt=«сурет» />

6 пікір

qyrmyzy
Көпәріп© Абзацқа бөліп, кішкене сәндеп, өңдеп, көрік берсеңізші туындыңыызға.
m170785
Қолым тимеді, жұмыстарым бар еді
qyrmyzy
НЕГЕ Қазақстан қалаларына ұшақ билеті сондай қымбат деген сұрақ мазалап жүргені… Артына түсіп көрем-ау.
m170785
осы сіз түсіп көрмесеңіз, біліп…
qyrmyzy
Жауабын іздеп көрейін
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.