Шайтан арбаны (Велосипед) Кім ойлап шығарды?

Қызықты деректер /
Шайтан арбаны Велосипед шығу тарихы және нақты кімнің ойлап тапқаны белгісіз. Арба туралы әңгіме еске түскенде болжам ретінде Неміс бароны Карл Дрездің есімі аталады. Кішкене Балақайлардың және адамзат баласына сүйікті көлігіне айналған арбаның ескерткіштің Германияның қалашығында қойылуы тегін болмаса керек.
Карл фон Дрездің мамандығы орманшы болған. Механикаға қатты қызығушылық болған. Тыным таппай, күндіз түні, бір зат жасаумен болады. Осыған дейін болған заттарды қайталап жасамайтын. Керісінше, бұған дейін болмаған өмірде заттарды адамға таңсық заттарды жасайтын. Ол өнертапқыш болатын.
1817ж Жылдам жүретін машина жасау туралы ой келеді. Екі үлкен доңғалақ отырғышпен жалғасатын, ал көліктің рөлі жоқ болатын. Велосипедші доңғалақтардан шығып тұрған екі таяқтан ұстап отыратын. Педалі жоқ болатын. Отырған адам сол кезде көлігін аяғымен жерді итеріп, сүйреп жүретін. Карл осы көлігімен сағатына 20 шақырым жылдамдықпен жүретін. Сол кезеңде бұл аз жылдамдық емес еді. Сырт көзге бұл арба өте қызық, күлкілі әрі біртүрлі болып көрінетін. Арбамен келе жатқан өнертапқышқа қала тұрғындары ішек сілесі қатып тырқылдап, мысқылдап күлетін. Тұрғындар арасынан осындай көлік мінгісі келетіндер де табылды. Бұл көлікті өнертапрқыштың атымен Дрезина деп атап кеткен. Өзі жасаған машинасына 1817ж патент те алады.
Дрезина халыққа танылып, Париж бен Лондонда үлкен табыстарға ие болады. Өнертапқыштың өзі қайтыс болғаннан кейін, жаңалығы тіптен ұмытылып кетеді. Ең басты себебі, ол көліктің толық жетілмегендігі.
Дегенмен, көпшілік халықтар шайтан арбаны 1869ж құрастырылды деп есептейді. Бұл жылы Француз азаматы өзі жасап шығарған жүгіргіш машинаны халыққа көрсеткен. Алдыңғы доңғалағы үлкен, артқылары кінкентай болатын. Есесіне алдыңғы доңғалақты педаль арқылы айналдыруға болатын. Алғашқы кезде ағаштан жасалғандықтан, кәдімгідей ауыр болатын. Оны жүргізу үшін күш керек болатын.
Кейбір деректерде,1839ж арбаның педалі мен отырғышын шотландық шебер, темір ұстасы Крикпатрик Макмиллан ойлап шығарған. Қазіргі велосипедке ұқсайтын көлік құралын франциялық өнертапқыш 19жасар, Пьер Лалман 1863ж ойлап тапқан деседі. Бір жылдан кейін франциялық инженер Пьер Мишо бұл көлікке Велосипед деген атау берген.
Ойлап тапқан көлігі бүкіл Францияға танылып, 1869ж шайтан арбалармен жарыс ұйымдастырылады. 1888ж ирландық Джон Данлоп ауамен толтырылған шинаны ойлап шығарады. Жылдар бойы техникалық жағынан жетілген арба бүгінде адамзат баласына, кәдесіне жарап келеді. Велосипед француз тілінен алғанда VELOX-ЖЫЛДАМ, PES-АЯҚ деген аудармасын білдіреді

9 пікір

qyrmyzy
Шайтанарбаны сүйем!!!
Begimzhan
Кешкісін, бір уақыт шайтанарбамен серуендегенге не жетсін!
Ais_97
Бұрында шайтанарба деп айтқан шығар, ал қазір бәрімізде велосипед деп айтып үйреніп кеткенбіз, жалпы өзім велосипед тепкенді ұнатамын, шайтанарба яғни велосиедтің шығу тарихымен таныстырғаныңыз үшін рахмет!
m170785
қара базарға барып, не болмаса сауда нүктелерінің желісіне бутиктерге барып, шайтан арба қанша деп, көкіп тұрсаң, мынауыңның есі дұрыс па дейтін шығар ала көздерімен атып түсінбей ))), сіздерге де рахмет оқығандарыңыз үшін
qyrmyzy
Дәл қазір велик керек болғаны… жылдамдықты басып, ішімдегіні шығарып алатын ем стадионға барып…
m170785
қандай рахат, иә?
banzaika1990
Шайтанарбаның шығу тарихы қызықты екен. Өзімнің үш жасымда үш аяқты шайтанарбам болған, одан кейін шайтанарба тепкен емеспін. Қазір бір Suzuki маркалы спорттық мотоциклім болса ғоооой деп армандап жүрм
qyrmyzy
о, ноу! одан да машинаны армандасаңшы.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.