Әлемдік тұлғалар туралы қызықты деректер

Қызықты деректер /
Кофи Аннан – Жұмабай
1997 жылдың бірінші қаңтарынан 2006 жылдың 31- желтоқсанына дейін Біріккен Ұлттар ұйымын басқарған Кофи Аннанның ең жоғарғы 4 марапатының бірі бірінші дәрежелі «Достық» ордені (16.10.2021 жылы алған).
Гананың түпкілікті тұрғындарының тілінде «Кофи» сөзі аптаның бесінші күнінің атауын білдіреді. Яғни Жұма деген сөз, қазақ ол күні туған балалардың есімін ырымдап, Жұмабай, Жұмабек, Жұмахан деп қояды. Сонда қазақшаласаң, Жұмабай Аннан болады екен.

Герхард Шредер
27 қазан 1998 – 21 қараша 2005 аралығында Германияның канцлері болған Герхард Шредер әлемдегі шашын ең көп бояйтын саясаткер атанған. АҚШ-тың экс-президенттерінің бірі Рональд Рейган да шашын әр түске бояуды әдетке айналдырған екен. Рейганның өнер жолынан саясатқа келгенін ескерсек, таза саясаткерлер арасында Герхард мырза шаш бояудан алдына жан салмайтын көрінеді.

Дмитрий Медведев
2009 жылы Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельциннің құрметіне салын-ған электронды кітапхананың ашылу салтанатында осы елдің бұрынғы басшысы Дмитрий Медведев «ұятқа» қалған болатын. Электронды жүйеге кез келген сөзді жазсаңыз қажетті файлдарды тауып беруге құдіретті компьютерге алғаш болып мемлекет басшысы Дмитрий Медведев «Конституция» деген сөзді жазғанда электронды жүйе файлдарды таба алмай қалды.

Барак Обама
Кариб арал-дарындағы Антигуа және Барбуда мемлекетінің билігі Барак Обаманың президенттік сайлаудағы жеңісінің құрметіне елдегі ең биік тауды Обама деп атау туралы шешім қабылдады.
Барак Обама – солақай, бойы 187 см. Әйелі Мишель обаманың бойы – 180 см.
Ақ үйде CNBC телеарнасына сұхбат беріп отырғанда аса үлкен жылдамдықпен шыбынды бір ұрғанда өлтірген!..

Хуан Карлос I – Испания-ның королі
Радио тыңдауды өте жақсы көреді және «Реал» футбол клубына жанкүйер. 1972 жылы Мюнхенде өткен олимпиадаға қатысқан. Желкенді қайық жарысында Испания экипажының құрамында 15-ші орынға ие болған. Сол кезде Норвегия экипажында болған, спорттағы Хуан Карлос I-нің басты қарсыластарының бірі Харальд қазір Норвегия королі. Харальд олимпиадалық жарыста 10-шы орын алған.

Ярослав Александр Качинский
(18 маусым 1949, Варшава) – поляк саясаткері.
2006 жылдың 14 маусымы мен 2007 жылдың 9 қарашасына дейін Польшаның премьер министрі болды. Ол – Әуе апатынан қайтыс болған президент Лех Качиньскийдің сыңары. Егіздер бір мезгілде бір жылдан аса билікте отырды. Бір қызығы Ярослав Качиньский 61 жасқа келсе де әлі күнге дейін үйленбеген. Әке-шешесімен бірге тұратын көрінеді.

Аман Төлеев
Ресейдің Кемеров облысының губернаторы.
Ұлты – қазақ, Адай руынан. Түркменстанда өмірге келген. Шын есімі – Амангелді. Әкесі Молдағазы Төлеев 1943 жылы екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған. Күйеуі соғысқа аттанғаннан кейін Мунира Файызқызы ішінде қалған баласының есімін ырымдап Амангелді қойған.

Владимир Жириновский – ресейлік саясаткер.
Алматыда дүниеге келген ұлтшыл саясаткердің 60 жылдық мерейтойына орай Альтервест фирмасы «Жирик» деп аталатын балмұздақ шығарған.
1997 жылы «Корабль двойников» көркем фильмінде басты рөлдердің бірін сомдады.

2 пікір

pana
аса үлкен жылдамдықпен шыбынды бір ұрғанда өлтірген!..
бір шыбын кірсе де тірі жүргені мазаны алады))
ABYLAI0KHAN
Өзі еще жануарларды коргау туралы сұхбат беріп отырған
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.