Оқиға. Ұрланған қозы.

Қызықты деректер /
Әмір Темірдің ұлы Шахрух ілімге және ғалымдарға қатты құрмет көрсететін. Өзі жұмсақ мінезді, діндар адам еді. Ғалымдармен бірге отырып сұхбаттарын тыңдаудан зауқ алатын. Бұл ғалымдардың бірі хазреті Ниметуллаh екі сөздің бірінде үнемі: Аллаh харамнан сақтанған адамды қорғайды — деп айта беретін әдеті бар еді. Шахрух бұл әрқашанда мүмкін бола бермейтінін, кейде адам өзі білмей харамға жол беріп қоюы мүмкін екенің айтады. Бір күні Шахрух хазреті Ниметуллаhты қонаққа шақырады. Бас тағам ретінде қозы еті ұсынылады. Жей отырып: Аллаh харамнан сақтанған адамды қорғайды — деп қайталап отырады. Шахрух және онын адамдары мұрттарының астымен мысқылдап күліп отырады. Тамақтанып біткенде Шахрух Ниметуллаhқа қарап:
— Аллаh харамнан сақтанған адамды қашанда, қандай жағдайда да қорғайды ма ұстаз? — дейді.
— Иә қорғайды, харамнан қашатын адамға Аллаh харам нәсіп етпейді.
— Бірақ ұстаз қаранңыз сізді қорғамады. Сіз бізбен бірге харам еттен жедіңіз.
— Жоқ мен харам жемедім сендер харам жедіңдер.
— Бұл қалайша ұстаз? Дастарханнан жеген қозыны менің адамдарым ұрлап әкелген еді. Бұл харам ет еді, бәріміз харам жедік.
— Олай болса сендерге харам, маған халал еді.
— Ұстаз ұрланған қозы сізге халал бізге харам бола ма?
— Егер маған сенбесендер қозының иесін тауып сұрандар.
Шахрух және адамдары қозының иесін табады, кәрі кемпір еді. Оған қозыны ұрлап жегендерін және ақшасын төлемек екендігін айтады. Кемпір ақша алудан бас тартып былай дейді:
— Мен ол қозыны ақша үшін өсіргенім жоқ еді. Осы аймақта Ниметуллаh деген мүбәрәк кісі бар екен, соған сыйға беру үшін өсірген едім. Оған халал, басқаларға харам болсын

12 пікір

Jako
Берік, сенсің ба, көрінбей кеттің ғой. Жазбаң ұнады, тәрбиелік мәні бар екен.
Robin
ия. Маған да ұнады осы әңгіме.
Zhanat
ал сен барып жесең сол қозының етін, саған харам ба халал ма?
User
Рахмет ұнады.
pari
саған ұнайтында пост бар екенғо
User
тебе надо сходить в туалет )
Dan4ik
базар жоқ оқиға екен…
Dan4ik
Заке мынандай самса кашан аперетін ойың бар…
AKA
Әзіліңізден гөрі, мынаусы сәттірек шықты. Жақсы!
Robin
Барлықтарыңызға рахмет
Nursultan2002
Ұнады.Керемет.Сж ұнамай қалды ма?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.