Суыр жайлы мәліметтер

Қызықты деректер /
Суырдың інін қазыргі заманғы пәтерге теңеу керек. Біріншіден құрғақ, екіншіден жылы, үшіншіден дәретханасы бөлек. Ұзындығы 10 метрден асатын дәліз, үлкен бөлмеге ұласады. Ол жерде суырлар қыстайды. Жеке дараөзі емес, барлық әулетімен. Бөлме шөп қоймасымен жалғасады. Олар қыс бойы шөп жегендіктен емес, алты ай аязды ұйқымен өткізіп, ұйқыға кетер алдында төсеніш жасауға. Інінің екінші тесігі болады. Ол жыртқыш аң, адамдар бір жағын қазып, суырды іздеген кезінде екінші тесіктен қашып кетуге арналған. Суырдың інінде бір тесік барын аю неден біледі? Лебінен. Егер іннің екі аузы болса, ауаның кіріп жатқаны сезіледі. Метрода келген кеткен пойызбен бірге желдің лебі байқалмай ма, ұясы да сол сияқты. Ешқандай ауа қозғалысы болмаса іннің аузын иіскеген аю тез тауып алады. Суырдың іні 3 түрлі. Қыста ұйықтайтын бір бөлмесі, одан басқа төсенішке шөп жинайтын қоймасы мен дәретханасы жоқ жазғы ін қазады. Ыстықта көлеңкелеп жатады. Үлкен дәретке іннің сыртынан бір жерді таңдайды. Үшіншісі қашқан кезінде бас сауғалайтын жайдақ ін. Алдыңғы екі аяғы аяқтан гөрі қолға ұқсайды. Шошайып тұрып дәнді үгітіп, аузына салып жібереді. Аңшылар қашар жері қалмаған суырдың бетін басып, кәдімгідей жылағандарын көрген.
Еркегі көктемде ұрғашы суырды өзі қыстаған іннен емес, басқа тайпадан таңдайды. Суырлар өте сақ және ұйымшыл аң. Жайылып жүргенде, азық іздеген кезінде біреуі міндетті түрде қарауылға тұрады төбешікке шығып. Аспаннан бастап айналаны бір шолып өтеді. Бірден қауіп байқалса, ысқырып, айқайлап, ыңқиттап дабыл қағады. Барлық суыр жайылуды, азық іздегенді, қыздырынуды, дереу інге тығыла кетеді. Әрқайсысы дабыл белгісін қайталайды. Ұсталған жағдайды, басқалары шиқылдап жылап кетеді.
Қысқа аяқтарымен, семіз денесімен алысқа жүгіре алмайтын болған соң, іннің қасынан айналшықтап шықпай жүреді. Көдері өте сақ. Қарауыл суыр іннен шыға сала айналадағы оба, тас, тобылғы, қараған, қазық, ербиіп тұрғанның бәрін белгілеп тістеп қояды. Айналасын бір түгендеп алады. Егер белгілеген нәрсесі лезде жоқ болып кетсе немесе жаңадан пайда бола қалса, аттанға салып айқайлап ысқырып кетеді. Көзі өткір, құлақтары 1 шақырым жерден естіп қояды.

4 пікір

Jako
Қызық хикаят екен, Хайюанаттардың ішінде де ақылдылары бар-ау.
m170785
бар ғой Жако ағам, тура адамзаттың тірлігін де істейтінін айтсаңызшы.
Yeld
Ой, суырдың шыңғырып жылағанын бір рет естіген адам өмірі ұмытпайды оның дауысын. Құдайдың қарғысы тиген адам екен дейді біз жақта суырды. Қазір туберкулезбен ауырғандар суырдың майын ат-тонын беріп қалап сатып алады. Жаздыкүні көкке шыққандарға суыр атып, етін қуырып жеу ермек болып кеткен. Обал мүлдем. Біз жақта жоңғар шапқыншылығынан аман қалып, қазаққа сіңіп қазақ болып кеткен қалмақтарды әлі күнге суыр жеушілер деп кекететіндер де бар… Қалмақтар суыр етін сүйсініп жеген көрінеді… Бала кезде Шәкәрімнің «Бояулы суырын» жаттап айтушы едік «Балдырғаннан» оқып алып… Көзімізге қызыл-жасыл боянған суырды елестетіп мәз болатынбыз…
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.