Басты байлық

Қызықты деректер /
Баяғыда бір жігіт өзінің кедейілігін айтып зарлай береді екен.
— Е-ей, егер менің мол байлығым болса, қандай жақсы дәурен сүрер едім! — деп үнемі қыңқылдайды да жүреді екен.
Бір күні тас қашаушы жігіттің үйінің жанынан өтіп бара жатып, оның сөзін естіп қалып:
— Неге сонша зарлай бересін? Байлығын жетіп жатыр ғой! — дейді.
— Байлығын жетіп жатыр дейсін бе? Қайда сол байлық? — дейді жігіт таңқалып.
— Сенің көзін. Бір көзін үшін не алған болар едің? — дейді қарт.
— Не дейсін? — дейді жігіт зәресі ұшып. Көзімді мен ешқандай қазынаға бермеймін.
— Жақсы, — дейді тас қашаушы. Онда, бай болғын келсе қолынды шауып таста, сонда саған көп алтын береді!
— Жоқ! Алтын үшін қолымды шапқызбаймын, — дейді жігіт.
Енді білдің ғой, өзіннің бай екенінді. Ендеше несіне зарлай бересін? Менің айтқаныма сенсен, адамның ең басты байлығы — зор деңсаулық пен мықты күш. Оны ешқандай ақшаға сатып алуға болмайды! — дейді де тас қашаушы қарт жөнімен кете береді.

10 пікір

Kan
Мынаны әзілдеп қабылдамас едім. еш күлетін жері жоқ керсінше пайдалы кеңес немесе хибратты уақиға дер едім.
Robin
шыныменде өте қызық
Jako
Берік, менде Канның пікіріне қосыламын, Блогын ауыстырсаң қатып кетеді.
Robin
ауыстырдым
zhomart
"Ғибратты әңгімелер" сияқты блогқа салу керек
Robin
бұл сайтта Ғибратты әңгімелер деген блог жоққой. Іздеп таппадым.
Ademi
Қанағат тұт басыңдағы бағыңды,
Аңсар көп жұрт сенің сол бір шағыңды ©
qyrmyzy
Расымен, ештеңеге айырбастай алмаймыз…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.