Ағаш өңдеуде қолданылатын құрал- жабдықтар.
Суреттің жылы орыны
1. Ара — Ағаш кесу үшін қолданылатын құрал.
2. Аталғы — Екі қолмен ұстап, ағаштың қабығын аршитын қисық пышақ.
3. Байтесе — Шаңырақ ағашын беттеп шауып, белгілі қалыпқа келтіретін құрал.
4. Балта — Өткір жүзді, ағаш шабатын сабы бар құрал.
5. Жоңғы — Ағаш жонатын құрал.
6. Қобы — Ағаштың бетін оюлап, өрнек салуға арналған аспап.
7. Қолағаш.- Қазық, қада қағуға арналған құрал, тоқпақ.
8. Қуысқұлақ — Ағашты үңгіп шабу үшін, екі шетін ішіне қарай иілдіре жасайтын шот
9. Мор — Үйшілердің ағашты қыздырып, ию үшін қойдың қиын тұтатып,
бықсытып жаққан оты бар шұңқыр жер.
10. Пышқы — Араның ағаш кесетін кішірек түрі.
11. Сарнақ — Киіз үй сүйегіне (уық, кереге) сыздық салатын, әр жерінде тісі бар құрал
12. Сүргі — Ағашты өңдеу, тегістеу үшін қолданылатын құрал.
13. Сықауырын — Тезге салған ағашты қатты қысып, басып тұрып, түзейтін не бүгетін ағаш
құрал
14. Тез — Киіз үй сүйегін: уық, кереге т.б. жасалатын ағаштарды морланғаннан
кейін, түзейтін не бүгетін ағаш құрал.
15. Ұңғуыр — Ағашты ұңғып, белгілі қалыпқа келтіретін құрал.
16. Үскі — Ағашты тесетін іші қуыс біз.
17. Шапашот — Имек ағашқа сапталған, ағаш шабатын құрал.
18. Шот — Ағаш шабатын құрал шапашот
Түпнұсқасы
6 пікір