Қызықты деректер

Қызықты деректер /
Бахрейн, Бруней, Кувейт, Катарда табыс салығы салынбайды.

Ең суық астана Улан батор.

Рим атты қала барлық елде бар.

Шөлі жоқ Таяу Шығыстағы ел Ливан.

Ең биік 25 шыңның он тоғызы Гималайда.

Жердегі ең жылы теңіз Қызыл теңіз.

Вашингтонда адамнан көлік емес, ұялы телефон көп.

Пошта қызметі тегін көрсетілетін әлемдегі жалғыз мемлекет Андорра.

Ресей мемлекетінің алғашқы астанасы Ладога.

Швецияда ит ұстағаны үшін салық иттің бойына қарап салынады.

Тіркелмеген компьютер үшін Бирмада 15 жылға түрмеге кетеді.

Эскимостықтар сүйіспейді, тек мұрын түйістіреді.

Адам көзін ашып отырып түшкіре алмайды.

Бал асқазанда тез қорытылады, оны аралар қорытып қойған.

Адам күніне орта есеппен 13 рет күледі.

Адам көзінің қарашығы жағымды нәрсені көргенде 1,5 есеге дейін ұлғаяды.

Түшкірген кезде мидағы жасушалар азайып отырады.

Әр тараптан көлік кептелісі мен соқтығысы сағат сайын болады.

13 пікір

seit_96
қораз мойнын созбай шақыра алмаиды дегенді қосыңыз
Jako
Түшкірген кезде мидағы жасушалар азайып отырады.

Не бәлем барын, түшкірсем жеңілдеп қаламиын.Қорқынышты екен ғой.
pana
ел емес материкте деген бар еді ғой осының ішінде,
m170785
Саяжан келесіде сонысын басқаларын да жазармын
pana
Римді айтам,
dimash
Түшкірген кезде мидағы жасушалар азайып отырады.
Мен мынаған сенбейбім, мүмкін емес, егер шынымен солай болса менің миымда жасушалар қалмады.
Сосын мыналар бұрындары да жазылып еді ғой, таныс екен ужы
qyrmyzy
Адам күніне орта есеппен 13 рет күледі.
нау мен мес
banzaika1990
қалайша сен мес?! күніне 45 рет вахахаха-латып отыратын кім сонда?!
qyrmyzy
сол ғой, 13-ақ рет маған емес
Nursultan2002
ір жылан 3 жыл бойы ұйықтай алады.
Бал бұзылмайтын жалғыз тағам.
Теңіз жұлдызының миы болмайды.
Жүзім микротолқынды пештерде атылады.
Құмырсқа су астында екі апта өмір сүре алады.
Жердің тартылыс күші болмаған жерде шамның (свечка) оты шеңбер тәрізді болады.
Таңертеңгісін алма жеу, ұйқыны кофеден де тез ашады.
Автомобиль саны адам санынан 3 есе тез көбеюде.
Туған күнімізді ең аз дегенде 9 миллион адаммен бөлісудеміз.
Қытайда ағылшынша сөйлейтін адамдардың саны АҚШ-тағы адамдардан да көп.
Бір стакан ыстық су суық судан да тез тоңады.
13 санын бақытсыздық деп білулерінен АҚШ-тың көптеген қонақ үйлерінің 13-ші қабаттарында бөлме жоқ.
Ең ұзын бойлы адам 1940 жылы өлген, бойы 2,72 метр болған АҚШ тұрғыны Р.П.Уадлоу.
Балдыркөк (сельдерей) жегендегі калория шығыны балдыркөктің өзінің калориясынан да көп.
Ғарышта тартылыс күші болмағандықтан астронавтар жыласа да жасы төменге түспейді. Бірінші дүниежүзілік соғыста Франция елдегі бүкіл таксилерді кәмпескелеп әскерлерін фронттарға осы такси көліктерімен тасымалдаған.
Күніне 1 метрге өсетін шырмауықтар бар.
Дүниедегі ең ұзын ағаш 127 метр.
Бір бактерия 1 секундта өзінің айналасында 100 рет айнала алады.
Күшігендер 4 км. ұзақтағы киіктің өлі немесе ұйықтап жатқанын анықтай алады.
Масалардың еркегі өсімдіктердің суымен, ұрғашылары қанмен қоректенеді.
Бір қылыш балығының жылдамдығы 109 км/сағ. жете алады.
Қытай дуалының ұзындығы 10000 км-ге жетеді, кей жерлерінде қалыңдығы 10 метр.
Стамбулдағы қоқысқа тасталған нандармен бүкіл Норвегияны тойдыруға болады.
Баспахананың шығуынан бастап ІІ-дүниежүзілік соғысына дейінгі басылған жазулардан көбі қазір бір күнде басылып шығуда.
Бір тілім нанның қуаты бір миль жүгіруге жетеді.
ІІ-ғасырда Каирде 12 қабатты үйлер болған.
Инквизиция (католик шіркеулерінің жазалау мекемесі) 300 жыл ішінде 34 мың адамның жағылып өлтірілуіне шешім қабылдаған.
Польша королі Августтың 350 баласы болған.
Осман Империясының ілгерілеу дәуіріндегі жер көлемі 24 миллион км2 ауданды қамтыған.
АҚШ тың банкноттарының 97% да кокаинның іздері бар.
Қыс мезгілінде Эйфель мұнарасы 15 сантиметрге төмендейді екен.
«YouTube» дегі барлық видеоны қарап шығу үшін 1000 жылға жуық уақыт керек екен.
Хьюстон қаласы (Техас штаты) батпаққа салынған.
Трискаидекафобия – 13 санынан қорқу
Тышқандар ірімшікті ұнатпайды екен.
Әлемде өмір сүріп жатқан адамдардың әрбір жетіншісі – қытайлық
1845 жылғы ағылшындардың заңы бойынша, өз-өзіне қол жұмсап тірі қалғандар, өлім жазасына кесіледі екен.
«ОК» сөзі әлемдегі ең жиі айтылатын сөз.
1945 жылы Майк атты әтеш 18 ай бойы басы жоқ күйінде өмір сүрген.
Ресейде АҚШ қа қарағанда 100 долларлық купюра көп екен.
Унитазға қарағанда ұялы телефонда микроб 5 есе артық болады екен.
Ғаламтордағы барлық суреттердің 80% порнографиялық екен.
1111111 x 1111111 = 1234567654321
Windows – та «Con» деген атпен файл құра алмайсыз.
Үндістанда итпен заңды түрде некеге отыруға болады екен.
Жердің салмағы 6,600,000,000,000,000,000,000 тонна.
Жирафтың баласы туған кезде 2 метр биіктіктен құлайды екен.
АҚШ тағы барлық Кока Кола автоматтарын бірінің устіне бірін қойса 724 километр биіктігі бар мұнара жасауға болады екен.
Жаңа Зеландияда қойдың саны, адам санынан 15 есе көп екен.
Альберт Эйнштейн ешқашан аяғына шұлық кимеген.
Көбелектер дәмді аяғымен сезеді.
Адам өмірінің 2 апта уақытын бағдаршамды күтуге жібереді екен.
Алғашында фэн-шуй зиратты безендіру өнері болған.
Ежелгі Римде егер науқас ота кезінде өліп кетсе, дәрігердің қолын кесетін болған.
Наполеон мысықтардан қорқатын болған.
Ең қысқа соғыс Занзибар мен Ұлыбритания арасында болған. Занзибар 38 минуттан соң берілген.
Пияздың дәмі болмайды, тек иісі ғана.
Күніне 2 ші Дүниежүзілік соғыстың 1000 ға жуық ардагері өмірден өтеді екен.
Сиена қаласында (Италия) есіміңіз Мария болса, жезөкшелікпен айналысуға тиым салынады.
Мұнайдың 1 тамшысы 25 литр суды ішіуге жарамсыз қылады.
Ватикан Жердің айналатынын тек 1992 жылы мойындаған.
1 жылда 31 557 600 секунд.
Американдықтардың 49% нанның бидайдан жасалатынын білмейді екен.
Страус жұмыртқасын суға пісіріп жеу үшін 4 сағат қажет екен.
Мұнайдың бір ғана тамшысы 25 литр суды ішуге жарамсыз етеді.
Ертедегі қытай ойшылдарының пікірінше, ұйықтаған кезде әулиелер арқасымен, күнәһарлар — ішімен, патшалар — оң жағымен, данышпандар — сол жағымен жатқан.
Науру — ресми астанасы жоқ әлемдегі жалғыз мемлекет.
Адамның тырнағы мен шашы өлгеннен кейін де өседі екен.
Футболшы бір ойында шамамен 11 шақырым жүгіреді.
khairbek
Рубен сен әлі қойған жоқсынба Қойсайш енді
MSHERIMBEK
Бахрейн, Бруней, Кувейт, Катарда табыс салығы салынбайды.
Халқының тапқан тиін тебенін өздеріне садақа қылатын шығар да:)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.