Бір стакан сүт

Қызықты деректер /
Таңеретең күн өте суық болатын. Оқуына баратын жолының ақшасын табу үшін тұрмыстық майда-шүйделер сататын жас бала өте әлсіреп, қарыны ашып, шаршаған болатын. Сөйтіп, ол көрші үйден тамақ сұрайын ]Бала сүтті асықпай ішіп: «Сізге қанша беруім керек?»-деп сұрады.
«Ештеңе бермейсің. Анам бізге жақсылық істесеңдер, оған ақы алмаңдар деп үйреткен болатын»,- деп жауап қайтарды.
Адам Закр: «Онда мен сізге осы көрсеткен қайырымдылығыңыз үшін дұға жасаймын деп қуана дауыстады».
Адам Закр бұл үйден шыққанда оның тек тәні ғана қуаттанып қойған жоқ, рухани жағынана да көтеріліп, Ұлы Жаратушысы Аллаһқа деген сенімі де күшейе түсті.
Жылдар өтіп, олардың ауылында көп нәрсе өзгерді. Әлгі жас әйел де қартайып, бәр күні қатты ауырып қалды. Ауылдық дәрігерлер бұл кісінң ауруын емдей алмаймыз деп, қаладағы ауруханаға баруын өтінді. Сөйтіп, бұл қарт кісінің бойындағы сирек кездесетін ауру түрін емдеуге қаланың бас ауруханасына жіберіп, оны қарауға белгілі маман шақыртады. Дәрігер Закр осы мақсатпен ауруханаға келген еді.
Дәрігер бұл қарттың қай ауылдан екенін естігенде, ерекше бір толқыныс сезімін бастан кешірді, уақыт өткізбей тезірек сол кісінің жатқан бөлмесіне келеді. Закр ол кісіні көргенде баяғы ауылдағы өзін сондай жылы жүзбен қарсы алып, сүт берген апайын таныды. Дәрігер қарттың хал-жағдайын бақылып болған соң, косультация бөлімшесіне қайта оралып, бұл әйелдің мамандар әлі сырына қанығып болмаған кеселін қайткенде де қысқа мерзімде емдеп шығуға бел байлады. Сол күннен бастап ол бір Аллаһқа сыйынып, қарт әйелді емдеуге зейін сала кірісіп кетті.
Біраз уақыт ем алғаннан кейін, ол кісінің беті бері қарады. Ауруханадан шығар уақыты келгенде Адам Закр әлгі қарттың емделуіне қанша ақша төлеу керек екенін білу үшін есепшот әкеп беруді сұрады.
Есепшотты алғаннан кейін төменгі жағына бір нәрсе жазып қолын қойып сосын ол кісіге конвертті беруді өтінді.
Әлгі қарт әйелге есепшотты әкелгенде ол конвертті ашуға жүрексінді, өйткені өзінің еміне сондай көп акша беру керек екендігін сезіп еді, Аллаһтан көмек сұрап, дұға жасады. Конвертті ашқанда, төменгі жағындағы қаламмен жазылған сөздер көзіне бірден түсті. Онда: «Бір стақан сүтпен ақысы толық төленді»,-деп жазылып, Адам Закрдың қолы қойылыпты. Сонда оның есіне, сонау бір жылдардағы арық келген, қарны аш бала мен бір стақан сүт түсті. Қатты толқыған ана қуанғанынан жылап жіберді. Көзі жасқа шылана отырып, ақырын ғана дыбыспен: «Иә, Жаратқан Ием, Саған шүкіршілік етемін, иә, Раббым, Сен сондай Мейірімдісің, Сеніңі Мейіріміңде шек жоқ»,-деді.
Хадис. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) айтқан: «Кімде-кім шын ықыласпен өзінің адал жолымен тапқанынан бір түйір құрма болсын садақа берсе, Аллаһ оның жаөсы амалын қабыл етеді, сосын оның сауабын арттырып, тіпті сол құрманың сауабы тауға тең болады»,-деген. (Бұхари мен Мүслим)

">

50 пікір

Jako
Ұнады, тамаша екен.
Aknyet99
Намба.kz сайтынан оқып едім орысшасын))Жалпы өте жақсы әңгіме))
Delfina
Қазір қанша жақсылық жасап жатсанда, қайтпайды ау, қайтпайды.
korwinin_kyzy
Шын ниетымен жасасан кайтат
Delfina
жақсылық жасасан енді шын ниетінмен жасайсынгой. жасамасан тіптен жасамайсын.
korwinin_kyzy
шын ниетымен жасасан ондай кайтад
qyrmyzy
Өткенде шок болғам.
ОЧМ, жүрген жерімде тиын жинаймын. То есть, қалтамда жоқ дегенде екі жүз, үш жүз тенге тиын болу керек. Себебі жұмысқа валидаторы бар автобусқа отырамын. Егер тиын болмаса, біттің. Таң… автобус… адам көп… кім ақша ұсатып береді дейсің?!
Аялдамадан үлкен кісі мінді автобусқа. Қолында бес жүз теңге, ешкімде ұсақ жоқ. Дәл сол аялдамадан контролер отырды. Ана кісіге келесі аялдамадан түс төлемесең деді бір уақытта. Келесі автобус қашан келетіні белгісіз… Қалтамдағы жүз теңгені ана кісіге ұстаттым. Бір жолы қайтарарсыз деп. Ыңғайсызданды, расымен, бірақ жұмысқа бәрімізге кешікпеу керек.

Қызық. Жұмыстан қайтарда 50теңгені 100теңге екен деп, валидаторға салып жіберіп, билетті күтіп тұрмын. Шықпайды. Қарасам 50теңге деп тұр. Әмиянымнан тееееез 30 теңге алайын дееееп тұрсам, валидатор қасында тұрған қыз 30теңгені менен бұрын салып жіберіпті. Егер сразу 80теңге салмасаң, билет бермей қоятын әдеті бар еді. Бәрібір кешіктік, бермеді билет, бірақ жаңағы қызға 30теңге берсем, алмайды. Жәрәйді, 30теңге ештеңе емес қой, бірақ бейтаныс біреуге солай көмектеседі деп ойламаппын. Мәәәәәз боп қалдым. ахметімді айтып, ризаааа боп тұра бердім:)

Очм, қайтады жақсылық түбінде. Тек жақсылықты қайту үшін жасамау керек.
korwinin_kyzy
енді мынау қарапайым жұртқа Валидатор не екенің түсіндіріп кетсен тегі
qyrmyzy

тиын тастайсың, билет береді
korwinin_kyzy
сенкс
qyrmyzy
м?
korwinin_kyzy
не м?
qyrmyzy
қойше ©
qyrmyzy
кідәәәәй, кешірші, Ж!
davidoff
қыздар қыздар Ерония қып жіббердіңдер ғо мына жерді, ыжылап жіберем мен де… ық ық ық
qyrmyzy
кідәй-ай, қосыла ғой, ық ық өңшең қыздары жоқтар ма деп қалдым
korwinin_kyzy
менде көршінің қызбар
davidoff
көршінің қызы сен логинді аустырмасаң қыз деп қала берем сені ??!!! или???
qyrmyzy
ник, никнейм, ық ық
davidoff
маладес, сен болмасаң нетер ем!!! я яя яя ник нейм
korwinin_kyzy
Мен сені ОДЕКОЛОН деп ойлап қала берем ЫҚЫЛ ЫҚЫЛ
davidoff
ОДЕКОЛОНмын ғой итак!!! ҚҚҚҚҚҚҚ
korwinin_kyzy
одеколон сойлемейд гой ықыл ықыл лан паражняк кумайыещы Бғат
davidoff
Тақырыбымыз Бір стакан сүт қой
davidoff
Ладна ренжіме…
qyrmyzy
: жымидым: жігіттер, фотохост болады жақында мына жер
korwinin_kyzy
қазах таппай қалдынба
davidoff
қазақ қой)!!! стройкада күнде
qyrmyzy
мяяя, рахмет жігіттер, бір күліп алдым:)
davidoff
кайф қой сенікі біз жылаватрқ, сен күлватсың! Издевателства… ҚҚҚҚҚҚҚ Әзіл
korwinin_kyzy
— Мамочка! В ведро с молоком упала мышь!
— Ну, что же, ты поймал её, Вовочка?
— Нет, я я бросил в ведро кошку, чтобы она её поймала...
davidoff
<жігіт> Кешірші мені… Мен — бар ғой — малмын ше! Сені сүйемін!!!
<қыз> Кешіруін кешірем ғой. Одан кейін айтқандарыңның қайсысына сенерімді білмей тұрғаным болмаса…
korwinin_kyzy
енді стакан туралы анекдот айтайых сосын бір саны туралы анекдот айтатын боламыз, сонда посттын такырыбына сайкес келемыз
korwinin_kyzy
давай онда сүт туралы анектдот атп жыбершииш
davidoff
біреу тоңазытқышқа бір шөлмек сүт қойыпты
1сүт: Ойбаааййй!!! Жаурап қалдымммм…
2сүт: Мәссаған!!! Сөйлейтің СҮТ… депті ЫҚ ық ық
korwinin_kyzy
Турист во время экскурсии по озеру Лох—Несс спрашивает гида:
— Простите, а когда чудовище обычно появляется на поверхности?
— Обычно после пятого стакана, сэр...
Delfina
Бізде мынадай жоққо әлі, ондайға өте алмай жүрміз.))
qyrmyzy
Кейбір автобустар ғана осындай. Уақытымен ауыстырып жатыр. Таза, ыңғайлы, тыныш… Әдеттегі автобустарға қарағанда кішкене мәдениет бар. Жұмысқа біраз жер жаяу жүрсем де, осындай автобусқа отырам. Бірақ тиын жинайтының тағы бар…
Сіздерге де барып қалар…
Robin
өте жақсы екен.
yesbolat83
Қандай жақсы оқиға десеңізші. Жастарға берер тәлімі мол.
zilola
АРБ, жақсы оқиға екен!

Тек кез-келген тақырыпты флудқа айналдырып жіберетін балақайларды бір шыбықпен айдап шығатын админ бар ма бұл ғаламда?
korwinin_kyzy
яя құрту керек соларды
AKA
Күшті, бірден Қасас сүресі еске түсті, рахмет!
NAZz
Жақсы жазылған. Бір тәубеме кеп қалған сияқтымын. Рахмет…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.