Храмов қазандығы

Қызықты деректер /
Павлодарлық өнертапқыш бизнеске инновация енгізбек
Николай Храмов «ғажайып пеш» ойлап тапты. Мұның тиімділігі отынды үнемдейді. Қызуы күшті. Экологияға зиянсыз. Ең бастысы кәдімгі ел аузында «шебень» деп аталып кеткен қиыршық тастарды жағады, нәтижесінде қалдығы өнделмеген әк тас болып шығады. Яғни, қалдықсыз отын. Оның үстіне бұл пеш арқылы жылыжай ішіне бу жіберіп, дымқылдандыруға болады.

Николай Храмовтың жобасы бойынша Павлодарское ауылында бірден екі өндіріс іске қосылды. Жылыжай кешені және өңделмеген әк тас шығаратын шағын цех. Цех деп аталғаны болмаса кәдімгі қазандық. Ерекшелігі сол бұнда ағыз қиыршық тасқа сәл-пәл көмір араластырылып жағылады. Көмірдің күлі қазандықтың тор көзі арқылы астына түседі. Ал шебеннен таза әк тас қалады. Бизнесмен оны дайын өнім ретінде сатып жатыр.

Марат Мұратов, кәсіпкер:

Жылу пеші мен жылыжай кешені салуға 40 млн. теңге салдық. Екі жылда қайтарымы болуы тиіс. Өйткені, әк тасты қыл үстінен бөліп әкетіп жатыр. Қыста көкеніс өсіру тиімді екені былайда белгілі.

Өткен маусымда Марат Муратов көмірге 300 мың теңге салып, әк тас сатудан бір жарым миллион теңге таза пайда көріпті. Бұл аралас отын және жаңа жоба бойынша құрастырылған қазандықтың нәтижесі. Яғни, Николай Храмов ойлап тапқан ноу-хау.

Николай Храмов, өнертапқыш:

Енді бұны патенттеу керек. Қуаттылығына келсек, жылуды 12 есеге дейін артық береді. Энергия үнемдеу деген осы ғой.

Қазыр қазандыққа отын аз мөлшерде қана салынады. Өйткені, қызуы тым күшті. Қатты жағылса 2200 шаршы метрлік кешенді кептіріп немесе ылғалдандырып жіберуі мүмкін. Өйткені, қазандықтың бу үрлейтін құбырлары бар. Сәл суытқан кезде көшеттерді тамшылап суғарады.

Марина Захарченко, агроном:

Қияр мен бұрыш және аздап қызанақ ектік. Химиялық тыңайтқыштар жоқ. Бәрі табиғи, сондықтан экологиялық таза өнім аламыз деп отырмыз.

Жылыжайдың әр шаршы метрінен 12 келі қияр алу жоспарланған. Егер осы межеден шықса, қыстың суығына қарамай аумағы осындай тағы бір кешен салынбақ. Оны жылытуға тіпті тоң болып қатқан топырақты бір метр тереңдікке дейін жібітуге жаңа қазандықтың қуаты жетіп тұр.

Болат АМАНБАЕВ
алынған жері

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.