Депутаттардың тәбеті жаман емес-ау...

Қызықты деректер /
«Қазақстан Республикасы Парламентінің шаруашылық басқармасының асханасы» мемлекеттік сатып алу порталына мынандай жарнама жариялады» деп хабарлайды DailyNews.kz сайты. Депутаттар тамақ ішетін асханаға кемі 21 жыл сақталған 30 бөтелке виски керек. Оның әрбір бөтелкесін 50 мың теңгеден сатып алады.

Сондай-ақ, парламент асханасына бұған қосымша 12 жыл сақталған 30 бөтелкі виски керек. Оның әрбір бөтелкесінің бағасы — 25 мың теңгеден. Сақталу мерзімі үш жылдан асақан 20 бөтелке коньяктың әрқайсысын асхана 10 мың теңгеден сатып алады. Бұған қоса Қазақстанда шығарылған «қарапайым» 150 бөтелке коньяк (бағасы 900т.) керек.

Халқымыздың қалаулылары «анау-мынау» арақ ішпейді. Оларға әрбір бөтелкесі 8000 теңгелік 50 арақ және «арзан бағадағы» (бөтекесі – 5000 теңгеден) тағы 50 арақ керек екен. Асхана тапсырыс беріп жатқан арақтың жалпы саны – 550 бөтелке (225 литр). Оған 1 220 000 теңге жұмсайды.

Депутаттарға жеңіл желпі шарап та керек. Виноның сақталу мерзімі 3 жылдан кем болмауы тиіс. Асхана 20 бөтелкенің әрқайсысын 40 мың теңгеден сатып алмақшы.

Депутаттардың «тіске басуы» үшін қымбат шоколадтар мен 3000 қорап сағыз, 14 мың қорап сигарет сатып алынып жатыр. Бұған 7 миллион теңге жұмсалады.

Дереккөз: Серке орг.

35 пікір

MSHERIMBEK
Негізі аға, осы СЕРКЕ.ОРГтың мәліметтеріне мүлдем сенбеңіз. Сорлылардың сайты.
Jako
Бәсе, әйтеуір төндіріп жазады, өзім депутат болғанда(ауданда) шыли ондай қымбатын ішпейтінбіз.
Madi
алдында 31 арнадан көрсетіп жатқан осыны.
yesbolat83
Парламент депутаты болғым кеп кетті ғо. Тәбетімнің ашылып кеткені.
Jako
Дұрыс Еске, ниетіңе жет, тамаша өмір соларда…
ereke_enu
Сеніңкіремей тұрмын. Асханада арық сатылмаушы еді ғой. Және олардың асханасы жұмыс орны ғимаратында болса, жұмыс уақытында ішімдік ішпейтін болар.
Дұрыс атйасың
directxr
Жақсы емеспа, жұмыста «кайфовать» етіііп жүреді, 20 жыл сақталған виски саналарына маза бермей жүрген еңіреген қара халықты ұмыттырады, кешке үйге барғанда сілесіп ұйықтатады.

Кейін үлпілдеген беттеріне былшылдап жұмыртқа тигенде бірақ естерін жияды әлде 20 жылдық выдержкасы бар вискидің қуатына ол да әсер етпейді ме екен…
yesbolat83
жұмыста «кайфовать» етіііп жүреді
Пах шіркін! Қандай тамаша жұмыс!
Ерекше мейрамдардың өзінде Парламентте осындай сервиске қолжетімді болса да, пайдаланы деп ойламаймын !) _ Ғимаратта 4 асхана бар. Бәрі таза, орынды, өз шегінде. Күйе жаққырларға алтын сырға:





толығырақ
ereke_enu
Парламент, Үкімет жұмыс жасамайды, жемқорлар деп көп айтады халық арасында. Бұлай көпшілікке күйе жағуға болмайды ғой. Анда біз сияқты қарапайым адамдар кешкі 9-10ға дейін жұмыс жасайды. «Хронический» қанына сіңіп кеткен бе дисің. Сенбесеңіз, сол уақытта жақын аялдамаларға келіңіз. Өзім де сол жаққа қатысым бар, біздің бастық — нағыз іскер кісі.
yesbolat83
Екінші суреттегі сөредегі тұрғандар рөмкелер емес пе? Көзімнің жетіңкіремей тұрғаны.
yesbolat83
Koldanusy мырза, сіз осы постқа бола тіркелген жоқсыз ба? Депутаттардың сөзін сөйлей қапсыз ғой. Қателессем кешірім өтінем.
Қателесесіз :)
Jako
Бұл тапсырыспен алынған қымбат ішімдіктер күнделікті тамақ мәзіріне қосылмайды, сөрелерде тұрмайды. Бұлар мерекелі күндер, айтулы даталарда ғана арнайы дастарханда жасалатын болар.Мыслы патшаның, премьердің, спикердің туған күндері сияқты қызылмен жазылмаған даталарда.
ereke_enu
Ай, қыздар-ай, бұл пост қай жерімен ұнады?))

(енді кім лайк басқанын көруге болады екен)
AL-ASTER
Yes, amigo. Жақсы адамдар бар ед, қап. Білмейді ғой, білмейтін болар. :)

Жаңалық жалпыналам жамандап қойған ғой. Нақты қай асхана, тапсырысты кім бергеніне дейін жазу керек қой. Мынау тек ниеті сұлу емес, ойы не в ту сторону адам уралап жазған сияқТ)
Jako
Нұреке, 20 мыңның арағын жаман адам ішеді деп кім айтты саған))))
m170785
Ооох аға мынауыңыз қызық екен ))
Jako
Оо Маке,қалайсыз, көп болды көрмедік. Ал қалаулылар болса таң қалатын түгі жоқ, өзімде төменгі эшалоны болса да бір кезде сайланғанмын, соның өзінде биіктеу астауға ұмтылатынбыз)))
m170785
Жұмыс дегендей, қолымызда тимеді. Бір жағынан айтаберден қашқақтап, айналсоқтап жүрміз! Айтабер АЙТАБЕР екендігін жоғалтты ғой аға, жоғалқаны қай заман! Әрі Жөні түзу тіс қаққан айтабер ардагерлерін көріпте жүрген жоқпын! КӨРІНГЕН АДАМ құсып тышқанын, тышқан сигенін жазып жүрсе, мезі болып сізде қаша жөнелесіз, әрі бұл жер өз қалпын жоғалтты. Біраз уақыт қолым тимей жүр еді. Жөні түзі жазбалар көріп тұрғаным жоқ, Бұрыңғы сіздің, Көркемнің, Қырмызының, Саяның, Жанат ағамыздың, Абылайдың, Беріболдың т.б аты аталмай кеткен ардагерлер ренжімесін, уақыт керек, әрі ардагерлердің жазбаларын сағынып жүрмін. Оны өздері біле жатар! Ары қарай не болып жатқанын өздеріңізде сезіп жатқан боларсыздар. Айтабер өз деңгейін жоғалтып бара жатыр! Ары қарай тыныш құлақ. Ренжісе қалғандары ренжіп жатар, біреулері түсінер, біреулері түсінбес, дегенменде ондайда айтады; Ренжісеңдер, көшке қойған тайыңды алыңдар! Ағасы тағы сайлансаңыз, қолдауға тырысамыз, барымызды саламыз, көңіл ғой
Korkem
Уау! Қош келіпсіз! Көрінбейсіз ғой?
m170785
Мені де бақылап, іздейтін адамдар бар екен ау )))! Жүрміз ары бері жұмыстың қамымен шапқылап, Кей кейде Айтаберге бас сұғып тиіп қашып. Енді көрінетін боламыз )), сағынып қалдық
pari
Қош келіпсіз! Мен Айтаберге кірген сайын соңғы кірген кезіңізді бақылаумен болдым. қателеспесем осы күнге дейін соңғы рет 2012 жылдың 23-ші желтоқсанында кірдіңіз міне содан бері 8 айдан соң кіріп тұрсыз, Соған қарағанда шынымен қолыңыз тимеген сиақты. Ато сайт құлдырап бара жатсада бір кіруіңіз керекқо. Не болсада қош келдіңіз, жақсы жазбаларыңызды жаза түсіңіз…
m170785
ООО Рахмет Пәреке! Көңіліңізге рахмет. Мені де бақылап іздейтін адамдар бар екен )). Өзіміздің Айтабердің ардагерлерінен басқа ешкім іздемейді, осыменен үшінші адамсыз)), тағы да көңіліңізге рахмет. Дұрыс айтасыз соңғы рет сол уақытта кірдім. Кірсем бәзбіреулердің аузынан көк ит, ақ ит кіріп шықса, қайдағы жоқ жазбалар жазып жатса қаша жөнелесіз сізде! Бірақ құлдырап бара жатқанын байқап жүрдім, сосын қашқақтап жүрдім. Құлдыраса, ретке келтіретін адам жоқ, ол көрініп тұр. Көрінген адам қайдағы жоқты жаза берсе әрине құлдырауға, құрдымға да кетеді. Қолым босап жатса ин ша Аллаһ жазармын жазбаларды.
Jako
Мәке, мына jakup.ucoz.ru/
бір сайтты ашып едім кіріп, тіркеліп пікіріңді айтып кетсеңіз.
followme_alik
Төртіншің болайын_Қалайсыз, Мәке?
m170785
ООО Әлеке болыңыз, айтабердің ардагерлеріне болады! Шүкір, жүрміз. Ақырындап, бір ағынмен өтіп жатыр, Өзіңіз Әлеке?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.