Халықтық медицина

Қызықты деректер /
Қыз-келіншектердің көбісі әдемілену үшін химиялық заттарды пайдаланып, өз өміріне, ағзасына зияндарын келтіріп жатады. Соның ішінде: түрлі бетке жағатын кремдер, шашқа арналған бальзамдар, майлар т.б нәрселерді пайдалана отырып, өз организіміне қауіп төндіріп жатқандарын да білмейді. Бұл әрине өкінішті! Қызықты деректер: Халықтық медицина
Мен, сіздерге химиялық заттарды пайдаланбай, қалай өз әдемілігімізді, жастық келбетімізді сақтап қалуға, және де ағзамызға зиянын келтірмейтіндей өз терімізді, денемізді күтуімізге де болатынын айтқым келеді. Бұл халықтық медицина жолы. Яғни, химиялық заттарды пайдаланбай, оның орнына күнделікті пайдаланып жүрген жемістерді, көкөністерді, т.б заттырды пайдалана отырып өз терімізді күте аламыз.

Егер, бетіңіздің терісі өте майлы және қара дақтар(черные точки) өте көп болса:
Қызықты деректер: Халықтық медицина
Бізге бір жұмыртқа керек. Жұмыртқаның ақуызын алып, оны шанышқымен араластырып, бетіміздің майлы жерлеріне жағамыз. Содан соң, 10 минут күтеміз. 10 минуттан соң біздің бетіміздегі ақуыз қатып, тіпті сөйлей алу қиындыққа тиіуі мүмкін. 10 минут болған соң, алдымен жылы сумен бетімізді жақсылып жуып аламыз, содан соң салқын сумен жуамыз. Ақуыз бет терісіндегі майлық пен қара дақтарды кетіріп, тазартады. Естеріңізде болсын, бұл әдісті бірнеше рет қайталағаннан кейн 2-3 рет жасағаннан кейін нәтижесін көре аласыздар. Бұл әдісті аптасына 2-3 рет қолдану керек. Өзім әрдайм осы масканы пайдаланамын, сондықтын нәтижесі өте керемет. Сіздерге де кеңес беремін

Егер, бетіңіздің терісі құрғақ болса:
Қызықты деректер: Халықтық медицина
Дәл, жанағыдай әдіспен, бірақ, ақуыздың орнына жұмыртқаның сары уызын пайдаланамыз.

Шашыңызда қайзғақ көп болып, онымен қалай күресеріңізді білмесеңіз:
Қызықты деректер: Халықтық медицина
Бізге бір жуа керек. Жуаны қақ ортасынан бөліп, қайзғақ жерлерге апарып ысқылаймыз. Бұл керемет әдіс, әрі қол жетімді, әрі оңай. Сондай-ақ, жуаны теркеден өткізіп, басқа жағып, басымызды орамалмен орап қоюымызға да болады. Қалай істесеңіздер де өз еркіңізде. Бас терісіне жағылған соң 1 сағаттай күтеміз. Содан соң жылы сумен, су сабынмен жуып тастаймыз. Бұл әдіс тек шашты қайзғақтан арылтпай, әрі шашқа жылтыр беріп, жақсы өсуіне себеп болады.

Шашыңызды тез өсіргіңіз келсе:
Қызықты деректер: Халықтық медицина
Әрбір дәріханада «репейное масло» деген май сатылады. Тіпті, әрбір супермаркеттің су сабын сататын жерлерінде де сатып жатқанын көрдім. Осы майды алып, құрғақ әрі таза шашыңызға жағып, 1-2 сағаттан соң жуып шайсаңыз, шашыңыздың өсіп жатқан нәтижесін көресіз. Әрбір шашыңызды жуар алдында, осы майды пайдаланыңыз.

Кірпігіңіздің ұзын әрі қалың әрі қою қара түсті болғанын қалайсыз ба?:
Қызықты деректер: Халықтық медицина
Әрбір дәріханада «косторовое масло» деген май сатылады. Мен, бұл майды 100 тг сатып аламын. Осы майды алып, кешке қарай кірпігіңізге саусақ ұшымен жағып қойыңыз. (Немесе, құлақ тазалағышпенен де жағуға болады.)Қызықты деректер: Халықтық медицина
Жуып, шайып қажет емес. Күніне бер рет істесеңіз жеткілікті. Бір апта ішінде кірпігіңіздің қалай өзгергенін көресіз.

P.S :Әзірше осы, ұнап жатса, тағы жазамын. Әлі айтатын нәрсе көөп,,,

9 пікір

Ais_97
Көп-көп рахмет Гүллі, осындай пайдалы кеңестеріңмен бөлісіп отыр.Жазбаң ұнады +1
mairosh
Авторы кім екен? Жаза кетсең
gulli
Кеше 15:28
Халықтық медицина
жазған: gulli
mairosh
Косметолог мамандығын жақсы меңгерген екенсің:)
gulli
косметолог болуға болады әрине), бірақ, бұл тек ,,, химиялық заттарды пайдаланбау мақсатын да ғой)
Соңғы өңделген уақыты:
AKA
Түсінікті. Бірақ жуаның исі қалып қоймай ма, оны кетіремін деп басқа химикаты бар дүниемен жуып-шайып жүрмеймін бе?
gulli
жоқ, жуамен ысқылап болған соң, шашыңызды шаясыз ғой
AKA
Оны білем ғой, жуғаннан кейін де иіс сіңіп қалмай ма дим?
gulli
жоқ, шашыңызды су сабынмен шайғаннан кейін ешқандай да иіс болмайды. Өзімнің қолданып жүрген маскаларым ғо, мен олардан пайдадан басқа еш нәрсе көргенім жоқ. тек Теркадан өткізгеннен гөрі, жуаны ортасынан бөліп ысқылаған жақсы екенін аңғардым
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.