Күлкі адам өмірін ұзарта ма?

Қызықты деректер /
АБАЙ атамыздың төртінші қара сөзі:
Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкігесалынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не бір ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек. Осындай ғафилдік көп өткізіп, өлмеген кісінің не дүниеде, не ахиретте басы бір ауырмай қалмаса керек…
Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек. Әрбір жинақылықтың түбі кәніш болса керек. Енді олай болғанда, үнемі уайым-қайғыменен жүре аламыз ба? Үнемі күлмей жүруге жан шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін. Уайым-қайғысыздығыңа уайым-қайғы қыл дағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды харекет табу керек һәм қылу керек. Әрбір орынды харекет өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды харекетпен азайт!
Шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де — бір антұрғандық. Және әрбір жаман кісінің қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл, ызалы күлкі — өзі де қайғы. Ондай күлкіге үнемі өзің де салынбассың, әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рахаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат көріп күл. Әрбір ғибрат алмақтың өзі де мастыққа жібермей, уақытымен тоқтатады. Көп күлкінің бәрін де мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-ау, құдай жаратқан орныменен іштен, көкіректен, жүректен келмейді, қолдан жасап, сыртыменен бет-аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемішілік үшін күлетін бояма күлкі.
Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұл дүниенің рахатының кайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды.
Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ — өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды.

Абай өлеңі:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат!!!

Көшеде кетіп бара жатқан адам:
Жоқ күлкі өмірді ұзартпайды. Мынандай сөз бар:
Еңбек өмірді ұзартады.
Ұят бетті қызартады — деген. Негізі күлкі ол қуаныш. Ал өмірді ұзарту үшін еңбектену керек сияқты.

Студент:
Ия, солай деп жатады. Енді күлкі өмір ұзартады екен деп жәйдан жәй күле берудің де қажеті жоқ, флирт жасаған сияқты боласың. «Көп күле берсе, бетке әжім түседі». Мүмкін, мүмкін көөп күлгеннен көңіл жасаратын шығар! Бірақ, бірақ маңдайға жазылғанмен өмір сүретін халықпыз ғой, өз басым ондай-ондайларға сене бермеймін, менің мінезім мұндайға мүлдем сай келмейді, өкінішке орай!

Данышпансымақ:
Күлкі-өмірдің кілті.
Күлкі адам өмірін ұзартады деген рас. Бірақ нақты қанша жыл екенін білмедім.
Бір қызық информация…
Америка байырғы халқы, индустар ма, жабайылар… Түнде ұйқтап жатқанда бір-бірін оятып, дөнгеленіп отырып, анегдоттар айтып бәрі күледі екен. Сондай традиция… Сосын олардың дружбасы бәрі бір трубадан темекі шегіп шығады. Айнала…
Ал уәдесінде тұрмау, яғни біреуді күттіріп қою, уақытында келмей, сол күтіп тұрған жанның өмірін 15 минутқа қысқартады екен. Әр күткен сайын…

Күлегеш:
Мен мынаны естіп едім, темекі адам өмірін 15 минутқа қысқартат, ал күлкі адамның өмірін 15 минутқа ұзартат, темекі шешетіндер болса, темекі шегіп болғасын 1 күліп алыңдар, сонда зияны болмайды темекінің, «Нысанадан» естідім!!!

Оқушы-романтик:
Рас сөз ғой. Тұйық болып жүргеннен көңілді болып жүрген артық. Өзің мәз болып жүресің бір, айналаңды да қуанышқа бөлейсің екі, өмірің ұзарады үш. Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат деген Абайдың өлеңін оқы, сонда түсінесің.
Күйлеме жігітпін деп үнемі ойнас,
Салынсаң, салдуарлық қадір қоймас.
Ер жігіт таңдап тауып, еппен жүрсін,
Төбетке өлекшіннің бәрі бір бәс.

СІЗДІҢ ОЙЫҢЫЗ?

2 пікір

Апырмай, ешкім күлу дегеннің не екенін білмейтін сияқты ғой?)
Jako
Қалай десек те күлген жылағаннан көп жақсы, сондықтан да «жүзіңнен күлкі кетпесін»- деп тілек тілемейміз ба?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.