Әлемдегі қызықты тойлар

Қызықты деректер /
Бали. Үйлену тойлары бұл жерде ең қиыны! Жас отбасылар шаңырақ көтермес бұрын тырнақтарын түгелдей алып, тазарады. Наркоздың көмегінсіз пышақтын көмегімен алып тастайды. Аяқталған соң толық тазарып, құмға аунайды. Балилықтардың той рәсіміне тек әйел қауымы қатысады. Еркектер түнімен той жабдықтары мен киімдерін дайындап, демалады.

Руанда. Тайпалықтардың жағдайы қызық. Некелесіп болған соң, қалыңдық қолына түскен затпен күйеуін ұрады. Келесі күні ата енесінің үйіне барып, қайтадан сол жағдай қайталанады. Бір апта себепсіз ұру жалғасады. Бұл екі ортаның шыдауы мен жанжалдаспау үрдісі болып саналады.

Кения. Дәстүр бойынша Африкалықтардың қызын алушы жігіт бал айы аяқталғанша қыздардың киімін киіп жүру керек. Сезімін білдіру есебі.

Македония. Жас жұбайларды қораның ішіне орналастырып, сыртына аяқ киім мен бас киім іліп қояды. Бірінші қол жеткізген адам болашақта отбасының тірегіне айналып, басқарады.

Австралия. Үйленуге дайын жігіт қолына тоқпағын алып, қалыңдық іздейді.Қалыңдық табылған соң, тоқпақтың көмегімен, ұрып талдырады. Есін жиған қыз, үй ішімен таныстырады. Қыз көнсе, үйленеді.

Ява. Жігіт алдымен, өзі аулаған жиырма бес тышқанның құйрығын қайын жұртқа табыстайды. Мұнсыз жасалмайды. Үйленіп, егер ажырасып жатса, жігіт жағы, айыппұл ретінде жиырма бес емес, елу тышқанның құйрығын береді. Осы жоралғыны орындаған соң ғана, ажыраса алады.

6 пікір

Jako
О Мәке, келуіңмен!
m170785
Рахмет Жәке, ал енді осындамыз, тұрақтаймыз,
yesbolat83
Неткен надандық, шүкір қазақ боп туғанымызға. Бірақ, әрбіріне ой тастап қарасаң, өз ұлтына сай өзінше бір мағына бар секілді.
m170785
Есеке Ассалаумағалейкүм! Есенсіз ба? Қалыңыз қалай? Көөөөөп болды шүйіркелеспегелі )). Анда мұнда енді осындамыз! Өте дұрыс айтасыз! Осыны мың толғандым жазуға болама, болмайма деп, арада екі жылдай үзілістен кейін адасқан қозы ұқсап ұмытып қалыппыз. Бірақ жетімсіреген бала ұқсап Айтабердің жағдайы осы екен. Жазбаларды толықтыра түсем )
yesbolat83
Уағалейкумассалям! Сенің осы ауылға ат басын бұрғаныңа өз үйіме қонаққа келгеніңдей қуанып отырмын.
m170785
Өй Есеке менде. Енді осындамыз Есеке!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.