Әр елдің салты басқа...

Қызықты деректер /
Қытай. Бұл елде біреудің үйіне қонаққа барғанда тамақты шалпылдатып жеу керек. Егер шалдылдатып, сораптап, үн шығармай жесеңіз, үй қожайыны сізге тамақ ұнамай қалған екен деп ащы не қышқыл тамақ әкеп беруі мүмкін. Қытайда тамақты дыбыссыз жеу, үй иесіне, аспазшыға деген балағат, сыйламау, бағаламау болып есептеледі. Ал соус төгілген жер, тәбетіңіздің өте жақсы екенін, жоғары екені білдіреді. Және қонаққа бейтаныс үйге бірінші рет барғанда, гүл алып баруға болмайды. Бұл үй лас, әрлеу керек, қолаңса иіс бар дегенді білдіреді.

Оңтүстік Корея. Ұллтық асханасы өте ащы тағамдардан тұрады. Және бағалы деликатестерден ауыз тиіп,өте ащы болып, көзіңізден жас шығып кетсе, өтіріктен күле салған жөн. Аспазға деген деген құрмет.

Моңғолия және Буриятия. Қонақ келгенде кекіргенше асты үстіне түсіп тамақтандырады. Адам әлі кекірмейінше, онда сіз әлі ашсыз. Егер кекіріп қалсаңыз, көзбен ымдаған жөн.

Жапония. Ел жүрген жерде, көпшілік жерде қақырық түкіріп, сіңбіре береді.

Үндістан. Бір біріне ризашылық айтуға болмайды. Рахмет деп айтуға ешкім міндетті емес.

Қытай. Тірі гүлдерді сыйламайды. Жасанды гүлдерді әкелген дұрыс.

Арабия. Кальянның муштугын бір біріне ұсынбайды. Өзгені міндеттеу деп есептеледі.

Жапония. Жұмыс кезінде бастықтан бұрын жұмыстан кету масқаралық, егер кетіп қалсаңыз көше тақтайшаларына суретіңізді салып масқараңызды шығарады. Айлығыңызды қысқартады.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.