Рейтинг
+39.36

Қолданушылар шығармашылығы

Қолданушылар шығармашылығы жарияланатын блог

Numb

Оянғанына біраз болса да, бұл әлі жатыр. Соңғы кездері бар әлемге қарғыс айтып оянуды әдетке айналдырған, бұл жолы олай болмады. Жоғарыға қараған күйі жата берді. “Шаршадым… Сыртым тірі болғанмен ішім өлі. Жалғыздық жеңді мені. Жеңілдім. Күресуден қажыдым, үмітім үзілді. Өлі демей нем қалды? Ешкім мені естімейді. Назар аудармайды. Ешкімге қажет емеспін..” Соңғы күндер денсаулығы...

Өмір. Заң.

Өмір Алланың сыйы. Қалауыңша қолдануға болады. Әркім өз өміріне өзі қожа. Бірақ, кейбір адамдар әртүрлі жоралғылар мен жолдар ойлап тауып, сенің өміріңді белгілі бір өлшеммен, сызықпен жүргізгісі келеді. Сондай жолдардың ең негізгісі Заң деп аталады. Заңсыз, әрине, қазіргі уақытта мүмкін емес шығар, дегенмен, мүлдем тыйым салып немесе рұқсат беріп қою менің ойлау шеңберіме сыймайды. Халықтық...

"Жан пида"

Осы кітапты бұрындары мектеп қабырғасында жүргенде-ақ алғашқы бетін ашып бастаған болтынмын. Бірақ та сол бітірмеген күйінде кітапханаға өткіздім. Не себептен оқымағаным есімде жоқ, шыны керек. Өткенде сәті түсіп кітап көрмесінде сатып алған едім бір данасын. Құдай сөз шебері етіп жаратқан қой қырғыздың ұлы жазушысын. Ал оны қазаққа соншалық көркеммен жеткізген Шерхан атаның сөз өнері де...

ТҮСІНІКСІЗ ТҮС

Гүлсімнің ұйқысы шәйдай ашылып кетті. Жаңағы көргені өң бе, түс пе, соны ажырата алмай біраз дағдарды. Өңге де түске де ұқсай беретін жәйтті ол бұрын басынан кешпеген-ді. Түс дейін десе көріністердің бәрі ап-анық, түп-түсінікті, көкейінде бәрі кәдімгідей сайрап тұр! Өңі дейін десе, мүлдем қиюласпайды, мұның тағдырына мүлдем жат, бөтен нәрселер… Ол былай болып еді. Төсекте ұйқылы-ояу жатқанда...