Құмырсқаның илеуі (торт)

Асыңыз дәмді болсын! /
Сәлеметсіздерме! Бүгін құмырсқаның илеуі деген кішкене торт пісіреміз.
Керекті тағамдар:

Қамыр үшін

200гр (1пачка) маргарин
4 — 4,5 стакан ұн
1 стакан қант
1 стакан қаймақ (сметан)
1 шай қасық ас содасы
1 ванилин

Крем үшін:

қоюлатылған сүт кілегейі
150гр сары май (маргарин емес)

Сәндеу үшін:

1 сникерс шоколады
Ал, бастаймыз
1. Алдымен ыдысқа маргарин, қаймақ және қантты қосып араластырамыз


2 Одан кейін, ұнға ас содасы менванилинді қосып араластырып, ұнды сұйық тестоның үстіне жәй — жәйдан салып отырамыз

3. Дайын болған қамырды 30 — 40 минутқа мұздатқышқа салып қоямыз

4. 30 — 40минуттан соң қамырды алып 2 бөлікке бөлеміз, жартысының өзін бірнеше бөлікке бөліп ұнға араластырып қоямыз



5. Әрбір бөлікті еттартқыштан өткізіп, табамызға саламыз



6. Печеньнені 30 минутта 180 градуста пісіреміз.
7. Печенье пісіп жатырғанда, біз крем дайындап қоямыз, алдымен ыдысқа сары май саламыз, сосын кілегейді қосып араластырамыз



8. Печеньеміз піскен соң, оны уатып майдалаймыз да кремді қосып жақсылап араластырамыз


9. Бәрін араластырған соң, тарелкаға салып, үстіне шоколадты үккіштен өткізіп сәндейміз

10. Мынадай биіктікте болуы керек
Міне, дайын болды. Ас болсын!

26 пікір

hunter94
аты біртүрлі екен
ardak1996
солай ма? өзім үнемі естіген соң, біртүсті емес
qyrmyzy

Жарайсың, ризамееееееен өзіңе! Жазда бір айға сабақ алуға барайыншы:)
ardak1996
рахмет. Сіздің қолыңыздан тамақ, шай қашан ішіп жейміз екен? Келіңіз, біратала қалып қоясыз)
qyrmyzy
бүгін шәй мен арнайы саған тамақ әзірлейін онда:)
охо тамаша өзің аспаз болайындем тұрған қыз екенсің мәәә айтпақшы аспаз екенсіңғоййй жарайсың! ризамын саған!!! логинің қалай?
ardak1996
Рахмет) Логин деген не?
Korkem
логиніңнің қалай екенін мен айтайын, тек 1000 ед берсең проблома жоқ))
qyrmyzy
ой, еп.і, саудалаватсын ба?
Korkem
бөлісем ғо е
qyrmyzy
осы уақытқа дейін бөліскен жоқсың ғүә
Korkem
муахахах кім беріп еді? Берген жоқ ғҰәәә
qyrmyzy
вввдаблюдаблюдаблю бермеді ма?
Korkem
ауызбен орақ оратын жан ғо ол муахахах
qyrmyzy

дәл осылай үстелдің астында жатырмын, хехе, маған да берген жоқ ол сурет үшін,қайран 5 мың...
Korkem
мынаның беретініне де кепіл жоқ на*
ardak1996
Осы сайтқа, менің блогыма менің анам мен жеңешем кіріп, арасында посттарымды оқып тұратын еді.Артық сөздер жазбауыңызды өтініп сұраймын)
Korkem
Кешірім сұрайымн
93ab
Күшті екен. Өте тәтті сияқты. Дәмі бұрынғыдай шығар(менің соңғы жеген муравейнигім) Үйге оралғасын апама пісір деймін)Аллах бұйыртса
ardak1996
Тортты жеп көрген адамның бәрі дәмді дейді) Ия, бұрынғыдайғой, алдынғыдай, кешегідей)
AKA
Мен сәл басқашалау жасаймын, бірақ формасы, құрамы бір ғой. Жарайсың!
ardak1996
сіздің керекинфодағы жазбаңызды көрдім, өте ұнады) рахмет!
AiEcPi
Керемет, рахмет біз үшін суретке түсіріп, әлектеніп жатқаныңа, керемет!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.