"Абылай" торты

Асыңыз дәмді болсын! /
Құрметті, Айтаберліктер! Бүгін тәтті-пәттіден ауыз тие отырайық.

Иә, постты Абылайға арнаймын. Сондай-ақ, барша еркектер мен жатақхана тұрғындарына. Өйткені, бүгінгі дайындалатын торт табаның (сковорадка) көмегімен жүзеге асады. Духовкісі жоқтарға таптырмайтын дәм.
Абылай микротолқынды пеште пісіретін бірдеңе жазшы деп қашанғыдан айтып жүр еді. Өкінішке орай, микротолқынды пеште пісетін тәттілер маған ұнаған жоқ.
Сонымен, Абылай қабыл ал.))

Тәк, тазалықтан бастайық.
Қамыр құрамына:
Қойытылған сүт (сгущенка) — 1 құты;
Жұмыртқа — 1 түйір;
Сода — 1 шәй қасық (уксуспен басылған);
Ұн — 3 стақан;

Крем құрамы үшін:
Сүт — 0,5 л;
Ұн — 2 стақан;
Жұмыртқа — 2 түйір;
Құмшекер — 1,3 стақан;
Ванилин — 1 п;
Слив.масло (үй температурасында сәл еріген күйі болсын) — 200 гр;

Сонымен:

Қойытылған сүтті жұмыртқамен жақсылап араластырамыз (сары түсті болуы тиіс):


Одан соң, уксуспен бастырылған соданы қосып, тағы араластырамыз да, ұнды аз-маздан салып отырып араластыруды жалғастырамыз.

Қамыр қолға жабыспайтындай, өте жұмсақ блуға тиіс (егер жабысып кетсе ұнды тағы салуға болады, қашан жабыспай, қалыпқа түскенше):

Дайын болған қамырды сегіз бөлікке бөлеміз (осы аралықта табаны баяу отқа қоямыз, қыза беруі үшін):

Әр бөлікті жаямыз да, шанышқымен әр-әр жерін тесіп шығамыз:


Дайын болған жайманы жыртылып немесе құртылып кетпеу үшін оқтаудың көмегімен орап алып табаға саламыз. Табада астын күйдіріп алмай қызарған соң келесі бетіне жалпақ қасықпен (лопатка) асқан ептілікпен аударамыз (асты піскенін білгіңіз келсе оның үстіңгі бетінде піскен кезде майда шариктер пайда болады))). Мынау астының пісіп, дайын болған кезі:


Мынау үстіңгі беті:

Енді оны өзіңіз қалаған кез-келген қалыпқа келтіре аласыз (шет-шеттерін кесіп алып тастаймыз, ол шетіндегілер кейін бетіне себу үшін керек болады):


Дайын болған түрі (олар қытырлақ секілді көрінгенімен өтте жұмсақ):


Енді крем дайындаймыз. Керем дайындау үшін жоғарыда аталғандардың бәрін (слив.маслодан басқалары) баяу отта қыздырып араластырамыз:

Оны оттан түсірген соң, слив.маслоны қосып миксермен араластырамыз:


Кремнің дайын болған түрін түсіруді ұмытып кеттіппін)) Сонымен, дайын болған кремді қытырлақтардың бірінің бетіне бірін жағып қоямыз, шамамен әр қайсысының бетіне 2,5-3 ас қасық кететін болуы тиіс:


Қасықтың көмегімен керемді торт беті мен жәніне тұтастай жағып шығамыз да, әлгі шетінен алған кытырлақтарды қолмен майдалап, уақтап (суретке түсіруді тағы ұмыттым) тортқа сеуіп шығамыз. Уаққа грек жаңғағын да майдалап қосып, сепсе болады:


Біраз уақытқа тоңазытқышқа қойып қоямыз, сіңуі үшін:


әәә әлі тұр мен дайындаған торт тоңазытқышта, көздің жауын алып))))

Айтпақшы, торттың аты «Абылай» болсын))) (сурет сапасыздығы үшін кешірім сұраймын. әлгі Қырмызы ұйымдастырған байқаудан жеңген пытапаратым әлі келмей жатыр)

Ұялмай, қызармай қол соза отырыңыздар. Ас болсын!

70 пікір

Korkem
Түсінбеген сұрақтарыңыз болса, пікірде күтемін.
qyrmyzy
мммм, дайындап көру керек екен. Рахмет! Өзімді көріп риза боп қалдым ғой. Енді елмектегі соңғы тіркес — өрт!
dimash
Абылай бастап жіберсей, қол созуға ыңғайсызданып отырмын ғой))
Yasin
Көркемнің қолынан келмейтіні жоқ, осы Шымкенттік Айтаберліктер бас қосып Көркемнің тортынан жейміз-ау
Korkem
ИншаАллаһ))))
MSHERIMBEK
Көркеееееееем,:) әдеттегіден де керемет екен:) Қолың дерт көрмесін:)
Не ғой, жазбаның тақырыбын «Абылай» торты деп па өзгерте саласың ба:) А то өлең арнады ма деп қалдым:)
Korkem
аха, кәәәз))) рахмет))
MSHERIMBEK
Қош келдің Айнура:) Көрінбей кеттің ғой:) Жиі келіп тұрсаңшы:)
AKA
Пирогтан біз де дәм татар ма едік… Шо та көрінбейсіз, пиццаны да сағыныппыз. :))
AKA
Шымкенттенсіз ба? Онда жақын арада кездесіп қалуымыз мүмкін. :)
alikona
Құмшекер — 103 стақан;
Тәттірек болсын дегенініз бе әлде қалай?
Korkem
әәәә)))))))) қателесіп кетіппін ғой))))
Abylai
КӨРКЕЕЕЕЕМ Рахмееееееееееет, күштіііііііі, қуанып отырмын, ертең пісіріп көрейін. Өтінішімді ұмытпағаныңа алғысым шексіз, елжіредім.
Korkem
аха, қазір ғана жеп келдім))) өтте дәмді болыпты. Міндетті түрде істеп, дәм тат. Сосын бар ғой, суретін сал))))
Abylai
міндетті түрде ))
yerbol89
Мен де жегім келіп жатыр! :)
Korkem
пісіріп жатсам, бәрінен бұрын сіз бірінші дәм татасыз ғой))))
qyrmyzy
сіз бірінші дәм татасыз ғой))))
әй, майысуларыңа жол болсын, замандассыңдар ғүә?) АКАу, не қылғаның?
pari
ал Қырмызы Көркемнің пікіріне қалай қарайсың? төменді оқышы
yerbol89
Кешір Абылай +1 басамын деп — басып жіберіппін. :) Сболыш осы орындарын ауыстыру керек болды. Шатаса беремін :)
Korkem
мен түзулеп қойдым)))
yerbol89
ииии рахмет Құдай жүрек сулу қыз!
pana
ас болсын)) мен қашан көреді екенмін..
yerbol89
Айтпа сані сағынып кеттік қой Айнуркаааа Геймер ханым неге жоғалып кетті екен деп жүрген едім. Соған қарағанда інісін яки болмаса өзі ҰБТ-ға дайындалып кетті ма екен деп жүр едім.:)
pari
охооо тамашааааааа!
«Пари» тортын қащаш пісіресің?
Korkem
Қырмызыға айт))))))) рахмет!
qyrmyzy
«Пари» тортын, бұйыртса, Парижге барғанда пісірем:)
Korkem
ИншаАллаһ, алдыңнан жарылқасын!
Ayala

Жол болсын,Қырмызы.бизгеде Парижде піскен, Пари тортын ауыз тигізуді ұмытып кетпе… Құр қалмайық Пари тортынан...
qyrmyzy
Жандареееееееем, сендерсіз қайда барамын?! ИНШ!
Ayala
ООООО, мынау керемет екен, қолың дерт көрмесін, тәттіде, дәмді екенін суретіне қарап сезіп тұрм…
Енді Абылайлар бақытты десеңші а?)
AKA
Жайманы жұқалағаныңда және кремнің басқа түрін пайдалансаң «Наполеон» торты болайын деп тұр екен.
Korkem
Иә, солай жазайын деп, жазбадым. Алдағы постта сол Напалеонды сіз жазып қалар ма деп… напалеон духовкіде пісет))
Manshukn
Мен де осыны айтпақшы болып отыр едім. Қытырлақ қалың екен деп. Бәрінен де АКАның «Напалеон» торты күштііііі)
Korkem
негізі қытырлақ деп түсінікті болу үшін айттым, қытырлақ емес өтте жұмсақ келеді. Наполелнмен арасы жер мен көктей)))
VVVWWW
Тәәәәк, мынау «Абылай» торты!!! (тек қана Абылайға арналған пост болды ғой), онда Абылайдың өзі оқысын, жақсы, бізге қажеті жоқ екен оқымай-ақ қояйық
qyrmyzy
Ренжіп қалды ғүә! Ибаааай, не көрінді? Күнімді көре алмай! Арнасын! Не бопты?!
Korkem
Сондай-ақ, барша еркектер мен жатақхана тұрғындарына. Өйткені, бүгінгі дайындалатын торт табаның (сковорадка) көмегімен жүзеге асады. Духовкісі жоқтарға таптырмайтын дәм.
qyrmyzy
аааааа, ВВВдаблюдаблюдаблю, қаштыыыыыыыыыыық!
Korkem
Алдағы жоспарларымның шыт-бытын шығарды(((( кетті әні(((
qyrmyzy
Нең бар? Айта берсін! Қызғанватқаны ғой! Кешкі тамағыңда суретке түсіріп, «вввдаблюдаблюдаблю» тамағы деп сала сал. Шешімі сол!
Korkem
муахахах салмаспын
VVVWWW
Әзілім еді ренжімеңдер, Абылайға тиісейін деп
Көркем ренжіме
qyrmyzy
хей, хей, не дит?
Korkem
әәә идея келді, кәз салжжіверин
VVVWWW
Күтііііп отырым!
akil_kalta01
Оооау тортың иісі мұрынды жарып тұр! Көпшілікке ауыз тигізген соң, бір тілімін алып қал Көркемжан! :)
Ais_97
Көркем қолың дерт көрмесін, постыңа көп-көп рахмет!
mairosh
сөзім жоқ айтарға(((( Менсіз жеп. мя қалдырмай талапсыңдар(((
Korkem
үйййй саған ап қойған ем, келмедің))))
түбі қалған болар уақтар Майрош))))))))
mairosh
Jako
Тісінің жарқырауынай…
Korkem
Кідәй түрден сол)))
AKA
Смайликтен сол десеңіз бір сәрі?!
mairosh
mairosh
деп смайликтерин жаудырған ба )))) қой кішкентай смайлик пайдаланайын. дәу боп кетті
qyrmyzy
осы смайлик қойғышсыни
mairosh
ұнайд маған. күнде бос отырсам смайликтерді көріп отырам ғо)))
qyrmyzy
әлгі Қырмызы ұйымдастырған байқаудан жеңген пытапаратым әлі келмей жатыр)
ахаха, Кәмпитің беру керек
Korkem
Ұйымдастырушы адам жауапты))) қатыс, қатыс девалып осы енД)
qyrmyzy
еНД жұрттың бәрі сыйлықтарын қорытынды шыққан соң үлестірген сияқты еді үндемей ақ. Қайта қайта айтатын он алтыдағы балалар емес қой.
ardak1996
Бүгін пісіріп көрдім, жақсы шықты) Көп рахмет))))
Korkem
көмегім тиіп жатса қуанам ғой))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.