Мәзір: "Айтабер!" салаты
Уа, жамағат! Сәлем бердім иіліп.
Асханада дүниеге келген мәзірлерімнің бірін қабыл алғайсыздар! Мен бастадым, сонымен…
1. ТАЗАЛЫҚ! Қолымызды 10-15 минуттай жуамыз жақсылап.
2. «Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» деп, Аллаһтың атымен бастаймыз.
3. Алдымен мәзірмен таныс болайық.
Құрамы:
— 4 дана пісірілген картоп;
— 3 дана пісірілген жұмыртқа;
— 2 дана қияр;
— ананас;
— краб таяқшалары;
— 1 құты сары жүгері (1 банка кукуруза);
— бір шымшым тұз және майонез.
4. Алдымен, жоғарыда жазылған азық-түліктерді төртбұрыштап тураймыз, барлығының көлемі шамалас болуы керек.
5. Туралғандардың барлығын үлкен ыдысқа салып, жүгеріні қосып, жақсылап араластырамыз.
6. Соңғы қадамда майонез қосып, барлығының басын біріктіреміз. Мінекей, салат та дайын!
Пы.Сы. Бары осы, өте тез, сіңімді, бастысы пайдалы салат. Өздеріңіз де үй жағдайында жақындарыңызға дайындап көріңіздер, ұнайды деп сенемін. Тәрелкелерге әдемілеп салған сурет болмай қалД. Қайдан болсын?! Салатты көрген бойы, сол мезетте жоқ болды, суретке түсіріп те үлгермедім.
Айтпақшы, салаттың атын ұмытып тұрмын, жаңадан жасап көргенмін. Сондықтан салаттың атын — «Айтабер!» деп қойсам ешкім ренжімес деп ойлаймын. Міндетті түрде жасап көріңіздер, тағы да әдемі мәзірлермен қуантуға сөз беремін. Астарыңыз дәмді, дастархандарыңыз берекелі болғай!
Аман болыңыздар! 

1. ТАЗАЛЫҚ! Қолымызды 10-15 минуттай жуамыз жақсылап.
2. «Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» деп, Аллаһтың атымен бастаймыз.
3. Алдымен мәзірмен таныс болайық.
Құрамы:
— 4 дана пісірілген картоп;
— 3 дана пісірілген жұмыртқа;
— 2 дана қияр;
— ананас;
— краб таяқшалары;
— 1 құты сары жүгері (1 банка кукуруза);
— бір шымшым тұз және майонез.
4. Алдымен, жоғарыда жазылған азық-түліктерді төртбұрыштап тураймыз, барлығының көлемі шамалас болуы керек.
5. Туралғандардың барлығын үлкен ыдысқа салып, жүгеріні қосып, жақсылап араластырамыз.
6. Соңғы қадамда майонез қосып, барлығының басын біріктіреміз. Мінекей, салат та дайын!
Пы.Сы. Бары осы, өте тез, сіңімді, бастысы пайдалы салат. Өздеріңіз де үй жағдайында жақындарыңызға дайындап көріңіздер, ұнайды деп сенемін. Тәрелкелерге әдемілеп салған сурет болмай қалД. Қайдан болсын?! Салатты көрген бойы, сол мезетте жоқ болды, суретке түсіріп те үлгермедім.




26 пікір
стызғып айтады, миыңды езіп сығып айтады, қысқасы кейде қызық айтады кейде қызып айтадыПыСы: крабты жей алмаймын((((((((((((
ОливияОливье Масскоускаяның құрамы секілді екен салатың, бәлду-бәлду.