Бауырсақ желісімен жасалған "Хачапури"
qyrmyzy.aitaber.kz/profile/ға арналады
Барлық Айтаберліктерге жалынды сәлем! Бүгінгі күн бір ерекше күн болды. Ерекше болатын жөні бар, бүгін 13-і жұма емес па еді?!
Общ жағдай былай басталды ғой…
Танертен 10ға таман ояндым. Ұйқым қанған, көңілім көтеріңкі, төсегімнен жеңіл әндете тұрдым. Асықпай салқын суға рахаттана жуынып алып, сораптай отырып таңғы шайымды іштім. Сосын жақында ғана алған Жақау мен Дидидің "Қазағыма лайықты" атты альбомын қосып қойып жаймен үй жинауға кірістім. Барлық ісімді тындырып болып (бұл кезде сағат 13-00 шамасы) интернетімді қосып, Айтабердегі жаңа жазбалармен таныса бастадым. Көзім бірден qyrmyzyның Иісіңді сағындым жазбасына түсті. Ашып оқи бастадым. Бауырсақ туралы жазбаны құшырлана, жүзімде күлкі ойнай оқи бастадым. Соңында өзіме арналған бір сөйлемді көріп бірден түрім бұзылып кетті. «Мәәәә енді қайттім» деген ой келді бірден. Ал кеп бірден Жаконы істемей-ақ қойсам қалай болады деп жұқалай бастадым. Ол берілер емес. "Істейсің, болды бітті" деп қояр емес. Сонымен не керек «Жігітті намыс өлтіредінің» кері келіп, бойымды намыс билеп, Жаконың жазбасын принтерден шығарып алып, білек сыбана асханама қарай тарттым.
Қағазға қарай отырып барлығын дайындап алдым
Сосын қамыр дайындауға кірістім. Қамырым бір-біріне жабыспай біраз әлекке салды. Әйтеу ұн сала бергенім есімде. Содан не керек қамырым да дайын болған секілді.
Бетін жауып қойып қойдым да, «Ух» деп бір демімді алдым. Бір істі тындырып тастадым деп жеңілдеп қалдым деп ойласам, қайдағы… Бір сағат өтті қамырым мызғыр емес. Сол қалпы сіресіп жатып алғаны. Кәдімгідей шошиын дедім. Мына ісімнен ештене шықпаса кешке әпкем келіп "Өй пысық, әліңді білсейш" деп мазақ қылары анық. маңдайымнан тер бұрқ ете қалды.
2,30сағат өткеннен кейін қамырымның бетін ашып қалсам. О о о о о о. Томпиып, домаланып қалыпты. Билегім кеп кетті со жерде. Енді бауырсағымды жасайын деп кірісе бергенде бір ой келді. Жаконы бір таң қалдырайын деген оймен бауырсақтың қамырынан «Хачапури» істеп жібердім.
Оны былай жасайды, өткенде әпкем жасаған еді сол есімде қалыпды.
Қамырды жаямыз.
Үстіне ірімшікті үккіштен өткізіп саламыз.
Оның үстін дәл сондай жайылған қамырмен жабамыз.
Дайын болған қамырымызды духовкаға жөнелтеміз.
Шамамен 15-20минуттан кейін «Хачапури» дайын болады.
Дәмін енді сөзбен айтып жеткізу қиын. Үйдегілердің түрлерін де сипаттай алмаспын. Қамырым сондай жұп-жұмсақ, ауызда ериді. Общ керемет шықты.
qyrmyzyға мың алғыс. Көп рахмет. Тағы үйретерің көп екеніне сенімдімін, үйренуге дайынбыз.
Ал қарап отырмай «Хачапуриден» алып отырыңыздар Құрметті Айтаберліктер!
Пы/Сы: qyrmyzy бауырсақ жасамай қойғаныма ренжимеші иә, сені таң қалдырғым келді
Барлық Айтаберліктерге жалынды сәлем! Бүгінгі күн бір ерекше күн болды. Ерекше болатын жөні бар, бүгін 13-і жұма емес па еді?!
Общ жағдай былай басталды ғой…
Танертен 10ға таман ояндым. Ұйқым қанған, көңілім көтеріңкі, төсегімнен жеңіл әндете тұрдым. Асықпай салқын суға рахаттана жуынып алып, сораптай отырып таңғы шайымды іштім. Сосын жақында ғана алған Жақау мен Дидидің "Қазағыма лайықты" атты альбомын қосып қойып жаймен үй жинауға

25 пікір