"Кімге барып, кімге айтам" (с)! Көмек керек, көмек!

Асыңыз дәмді болсын! /
Бүгін қыздарға ерекше тамақ рецептісімен бөлісемін деп уәде берген едім. Сомен, өткенде қонаққа барып ем, достарым ерекше тамақ жасап жатыр екен. Үстілерінен дәл түсіппін. Фотоаппаратымды (жәнееем сол) алып, папарацияға кірісіп кеттім. Бірақ атын ұмытып қаппын.Соған көмектеріңіз керек! Өз нұсқаларыңызды ұсынуларыңызға болады.

Керек заттар:
* тауық еті (қалауыңыз бойынша);
* картоп (қанша адамға дайындауыңызға байланысты;
* бір кгдайқызанақ;
* 5-6 бас сарымсақ;
* 5-6 дана пияз;
* ұнтақ бұрыш, тұз, укроп, петрушка.


Алдымен тауық етін мынадай етіп кесіп аламыз:


Үстіне тұз, бұрыш, укроп, пертушкаларды себесіз де:

екіге бүктейсіз.

Сосын қызып тұрған майға саласыз:


Біз мынадайдан үшеуін жасап ап, кезек-кезек майға қуырып алдық. Дайын болған соң бәрін қайта қызып тұрған майға салып, үстіне картопты саласыз:



Пиязды төртке бөліп, картошкадан соң салып жіберіңіз. Сарымсақты да сол кезде салуға болады.
Біраз қуырылған соң, қызанақтарды қолыңызбен мыжып саласыз да біраз беріт жауып қоясыз. Қалауыңыз бойынша су қуып, жаймен қайнатасыз.

Картоп піссе болды, тамақ дайын:)

19 пікір

Qarabala_95
Tabetim awildi osi postti korgende endi aw juretin boldim 7 karangi tunde keremet eken!
qyrmyzy
Күндіз уақытым жоқ. Рахмет!
followme_alik
«Тауық~тағам» деп атайтыным бар) `Жаның` тәбетімізді ашты xd
qyrmyzy
Рахмет! «Тауық-тағам», «Жаным» деген аттар ұснылып отыр. :))
өте дәмді секілді.Міндетті түрде жазып алам! Бірақ ет тауықтың етіне ұқсамайтын сияқты.Шынымен солай ма?
qyrmyzy
тауықтың санын солай жайып кесіп аласыз. Несі ұқсамай тұр???
ааа солай ма? мен тауықтың етін тек сүйегімен тұрғанын көргем.Хехехе
qyrmyzy
сол етін сүйегінен кесіп аласыз
mairosh
Суреттегі қол кімнің қолы? Осы сен сонғы кезде дәмді ас пісіретін боп жүрсің. Ай осы кетейндеп жүрген жоқпысын?
qyrmyzy
суреттегі құрбымның күйеуінің қолы. Мен емес жасаған, мен жай папарациямен айналыстым.
pana
қолдар ерекше найт, әсіресе жігіттердің, әсіресе тамақ істейтін жігіттердің)))))))
Chimaq
Bunyda uirenip alaiyn dep jatyrmyn…
qyrmyzy
Үйреніп алсаңыз, қуанар ем
AKA
Супер мәзір, фотигің аман болсын :))
Zhanat
жасалуы онай аты жоқ тамақ екен)))
Manshukn
Басынан оқымай тұрып, анау сенің қолың ба деп шошып кеттім)
керемет! рахмет сізге осындай блогыңыз үшін! үйренерім көп екен!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.