"Картоп" тәттісі

Асыңыз дәмді болсын! /
Сәлеметсіздерме! Бүгін «Картоп» печеньесін пісіреміз.
Алдымен, бізге керекті тағамдар:
Ұнтақталғыш печенье шамамен 1кг
200гр сары май
1 банка қоюлатылған сүт
5 шәй қасық какао
жаңғақ, орех (міндетті емес)

Ең бірінші біз үйдегі бар печеньені бір пакетке салып, сосын оларды оқтаумен ұнтақтаймыз.


Сосын сары майды ыдысқа салып аламыз, үстіне қоюлатылған сүтті қосамыз.


Одан кейін оны жақсылап миксермен араластырып, какао қосамыз.


Ұнтақталған печеньені жәймен қосып араластырып отырамыз, мен орех қосып жібердім (оныда ұнтақтап алу керек)

Бәрін араластырған соң мынадай күйде болуы керек.

Сосын домалақтап алып, ыдысқа салып қоямыз.


Сосын оны тоңазтқышта 2сағат ұстау керек. Түсте шәймен ішуге таптырмас дәм. Асыңыз дәмді болсын!
Мынау интернеттегі сурет,2сағаттан соң.

34 пікір

Manas
а, картоптың ше?
didi0393
өте жақсы рецепт екен! оңай әрі тез!
ardak1996
Түрі картопка ұқстайтын болған соң, солай аталып кеткен-ау шамасы. Болмаса құрамында картоп жоқ)
Korkem
Жәәәнем, қолың дерт көрмесін! Жиі келіп тұрсайшы сағындырмай))) Ғажапсың!
ardak1996
рахмет))) интернетім жоқ(((
Yasin
әскерге барғандар болса арамызда солар біледі дембель шокалады деп аталады мына тәтті
qyrmyzy
agasy, kaidasyz? Jekege wygynyzwy
ardak1996
Ұнаушы ма еді?
didi0393
дембель шокалады

уахахах! ну вы даете)))))))
AqSaqal
Әй, қызым, әскерге барғансың бей?
ardak1996
Расымен әскерде осы тәттіні жедіңіздер ме? ұнайтын ба еді? қызық, мен бұрыннан жасап жүрсемде, ешкім айтпады олай.
Керемет
ardak1996
Рахмет.нигіңіз әдемі екен.
dimash
Әттен олимпиядаға аспаздық «спорты» кірмеген, егер ондай болса алтынға үміткерсің ғой)
ardak1996
охо, рахмет) мәз болып қалдым)
qyrmyzy
mynany jasap kory kerek eken. Kuchti, biz kolbasa jasaityn ek pechene men wokoladtan
mairosh
Асқазаным смс жазып жатыр((((( Жақсы әрі оңай жасалады екен)))
Zhassiko
Как раз үйде кәртошкі таусылған еД… ық))
Не ғо, ммамадес, і-і-і құдды аспазшының қолындай шығыпты, дәмі тіл үйірер шығар, ырыизамын саған, қолың дерт көрмесін..))
ardak1996
))))) рахмет) Жасико сеніңде тәттілеріңді сағындым.
AKA
Тәтті-тәтті! :) Талқанға да ұқсайды екен, сыртқы көрінісі. Мәләдес, Ардақ, тамаша қызсың!
ardak1996
Сол талқанды әлі көре алмай қойыдм. Қандай тағам өзі?
AKA
Басқа жерде «жент» деп те атайды. Сөкті ұнтақтап, май, қантпен араластырып жасайды.
ardak1996
ооой сөк деген не?
AKA
Кеседе тұрғаны-сөк, ал бергі жағындағы төртбұрыштысы-талқан (жент)

Zhanat
апасы барлар жасап туруға болатын картоп))))
Ais_97
Ардақ жарайсың, рахмет!
erke_ky3
Түрі әдемі осы тәттіні қанша сатып алып жесемде дәмдісіне бір кезіге алмай қойдым. Рахмет рецептіне, қолдан жасап көремін ғой деймін :)
осынының ең тәттісін Шымда ғана жегенмін, Алматыда ешбірі дәмді деуге келмейді. Кім білед, ббар шығар, бірақ маған да кезікпеді. түрі жақсы жасап көру керек екен
ardak1996
жасап көріңіз.
ereke_enu
Оң жақтағы пішінәй «День и Ночь» деген емес па?))) 3 жыл бойы жеп келем)
zhomart
Адамның тәбетін оятып, сілекейін шұбыртқаныңыз үшін айыпты деп танылдыңыз: )))))))))
khairbek
менін көмірсулар туралы Постымды карандарш
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.