«Құмырсқа илеуі» торты

Асыңыз дәмді болсын! /
Бүгін мен барлығымызға бала кезімізден таныс балдай тәтті "Құмырсқа илеуі" деп аталатын тортты жасаудың жаңа әдісімен бөліскім келіп отыр.

Алдымен бұл тортты жасауға қажетті ингредиенттерді тізбектеп алсақ.


  • Ұн
  • 1 стақан қант
  • 1 шәй қасық уксуспен сөндірілген сода
  • 250 г. маргарин
  • 2-3 жұмыртқа
  • 1 банка қоюлатылған сүт.

Жұмыртқаны қантпен жақсылап араластырып, үстінен сода, маргарин және ұн саламыз. Оны илеп қатты қамыржасаймыз.





Одан кейін қаңылтыр табаны майлап оған ет тартқыш арқылы өткен қамырды ұқыптап салып, алдынала ысытылған духовкаға саламыз.



Қамыр қоңырқай түске еңіп қытырлақ нанға айналған кезде оны духовкадан аламыз.





Дайын қытырлақ нанды қатты майдалаймай бірнеше бөлшекке бөліп суытып қоямыз.





Суыған қытырлақ нандардың барлығын табаға салып, үстіне қоюлатылған сүтті құйып жақсылап араластырамыз.



Қоюлатылған сүтпен жақсылап араластырылған қатырлақ нанды тәрелкеге әдемілеп салып, қоюлатылған сүт қытырлақ нанға сіңуі үшін оны тоңазытқышқа салып қоямыз.









Әдемілік үшін үстіне еріген шоколад құямыз.







Дайын тортты әдемілеп кесіп, қонақтарыңызға ұсынсаңыз болады :)



Ас болсын :)

«Құмырсқа илеуі» тортының түпнұсқасы.

32 пікір

Ais_97
Керемет торт қолың дерт көрмесін Ерке қыз! Нағыз аспаз екенсің!
Korkem
Мныада көңілсіздік орнаған моментте, тәтті посттармен бөліскеніңіз қуантады. Қолыңыз дерт көрмесін! )))
erke_ky3
Постым көңіліңді көтерсе өте қуаныштымын :)) Кім сенің көңіліңді түсіріп жүрген? :)
erke_ky3
Хехе, ерекше тілек екен рахмет :)
MSHERIMBEK
мяу қыз:) қалайсың? қайдасың?:)))
erke_ky3
УУУУУУУУУУУУУУУжас :) Күштімін ғой. Алматыда :D Өзің қалайсыыыыыыыыың?
Ak123
суреттер өте сапалы, жақсы екен! рақмет!
AKA
Шашырап тұрған сияқты, басы бірігу керек меніңше. Ал былай ең сүйікті тәттілерімнің бірі екенін мойындаймын :))
erke_ky3
@AKA @mairosh бұнда әлі тоңазытқышқа салмай тұрып түсіріп алған суреттермен аралас. Шоколадты тоңазытқыштан алғаннан кейін барып құйдым. Негізі қатты болды. Бірақ үйдегілер менің әдемілеп кесіп отырғандығымды күтпей, бір кусогын кесіп алғаннан соң бәрін қасықтап жеп қойды :))
өте жақсы,қолыңыз дерт көрмесін!!!
mairosh
Дайын болған соң шоколады қатқанша тоңазытқышта тұрса керемет боп кетеді ау м?
miras
еріген шоколадты қалай жасайды сонда?
Zhassiko
маргарин мен шоколадты ерітесіз..))
Manshukn
Күшті, жасап көру керек екен.
qyrmyzy
оххх, Мәншүк пісіреді енді, ық ық!
ZevsKO
Еркеқыз күшті болатын секілдісің ғой, дәмді көрінеді екен! қарным ашып отыр еді одан сайын шұрылдады ғой асқазанеееееем ибааааеееййй :(
pari
мынаны анам пісіретін біздер бұны "құмырсқа илеуі" емес чак-чак деп атаймыз. Иә өте дәмді болады. Бір қызығы біз
1 банка қоюлатылған сүт.
мынаның орнына сгущенка қосамыз сонда дәмі тіл үйіреді.мен сгущенканың соңын күтіп отыратынмын түбінде қалғанын нанға жағып жеп қоятынмын.:)))
Korkem
ық-ық әуелде мен де осылай деп ем, сгущенканың қазақшасы қоюлатылған сүт ық-ық
pari
муахаахаха
zhurttyn_balasy
1 банка қоюлатылған сүт.
мынаның орнына сгущенка қосамыз
pari
жұрттың баласы десе жұрттың баласы
Zhassiko
Немесе Муравейник деп қойщ…
erke_ky3
Чак-чактың жасалу жолы мүлдем басқа ғой. Не үшін "Құмырсқа илеуін" (Муравейник) «Чак-чак» деп атайтындарыңызды білмеймін :) Чак-чакқа негізі
сгущенка
емес бал қосылады!
Zhanat
мынаны біреуің келіп пысырып беріп кетсеңдер, күшті болатын еді))
Zhassiko
Өте дәмді шығады осы ше, ыы Нрке қыз маған жеңге болыңызшы..))
followme_alik
Торт?… О_о жарайды, торт)
Жексенбіде, жайбарақааат, Студ.емханас.аллеяда Франсуаза Саганды оқи отырып жейтін екен.
Қолдарың #Gold =)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.