"Сәттілік" пирогы
Сәлеметсіздерме! Кеше уйде ремонтпен жағаласып пирог пісірдім. Ал, қарап, оқи отырыңыздар.
Керекті тағамдар:
5 жұмыртқа
2 стакан қант
1 стакан қаймақ (сметан)
2,3 стакан ұн
200гр маргарин
Қант ұнтағы (қалауыңызша)
жарты шәй қасық ванилин
1 шәй қасық қамыр қопсытқыш (разрихительдің сыртында солай деп тұр екен, бұрын мән бермеппін)
Алдымен ыдысқа маргаринді салып, 5жұмыртқаны жарамыз.
Үстіне қантты салып бәрін араластырамыз.
Сосын ұнды, сметанды, разрыхитель, ванилинді қосамыз, сосын оны миксермен жақсылап араластырамыз. Түйіршіктер болмау керек.
Табаны майлап алып, қоспаны саламыз.
35-40 минутта 200градуста піседі. ЕСКЕРТУ: Пирог пісіп жатқан кездегі алғашқы 20минутта пешті ашуға болмайды.
Піскен соң үстіне ыстық күйінде қант ұнтағын себеміз.
Міне, дайын болды.
Айтпақшы: Жаңаөзендіктер, Маңғыстаулықтар басымыз қосылып жиналмаймыз ба?

39 пікір
Әп-әдемі пирог болыпты. Ішіне жаңғақ бірдеңелер қосып жіберсе, кучт болатын шығар иа?
Неше түрісін пісіріп Айтаберліктерді таңқалдырудан жаңылма, осы бетіңнен танба!
Мына түріңмен «Супер-КЕлін» атанасың бұйырса:)))
А так керемет жасалған, мәләдес!