Қыстың қамын жаз ойла
Қызанақ томатты согы
Қызанақ — жаз мезгілінде жиі пайдаланылатын, кез келгеннің дастарханынан орын алатын көкөністің бірі.
Біздің отбасының палау тағамымен қосып ішетін таптырмас та, сүйікті сусыны. Қыс басталғаннан көктем аяғына дейінгі кез келген мейрамда, әсіресе туылған күндердегі негізгі ас палау болса, онымен міндетті түрде ашылатын осы томат согы. Ерекше дәм мен табиғилыққа, дәруменге бай осы бір оңай жаппамен бөлісе отырайын.
Әдеттегідей қызанақ өз бақшамыздан терілді. Аптасына бір рет 9-10 шелек (сыйымдылығы 10 л) қызанақ теріледі. Терілген қызанақтар:
Қызанақтарды екі қайтара жуып, өзегінет тазалаймыз:
Дәл осы қалпында 3 немесе 4.ке бөлеміз:
Дайын болған қызанақтарды арнайы соковыжималкадан немесе асханалық комбайннан өткізіп, шырынын аламыз:
Дайын болған шырынды алдымен қайнағанша қатты, қайнаған соң баяу отта бүлкілдетіп, шамамен 4-5 сағаттай қайнатамыз. Құрамына ешнарсе қосылмайды (қаласаңыз тұз қосуға болады, бірақ тұз — сорыңызды қайнатуы мүмкін).
Шырын дайын боламын дегенше банкілерді тазалап жуып, кептіріп қойыңыз. Дайын болғаннан кейін Банкілерді залалсыздандырамыз, яғни булаймыз. Ол микробтарды өлтірумен қатар ыстық шырын құйғанда сынбауы үшін керек:
Осы аралықта қалпақтарды ыстық суға салып қоямыз:
Буланған банкаға дайын шырындарды құямыз:
Банка бетіндегі көбіктерді қасықпен алып тастау керек (банка ішінде ауа қалмағаны керек):
Енді қалпағын жапқан күйі 5 минутқа қоя тұрған жөн:
Одан кейін майлықпен ұстап айналдыра қозғаймыз, ішіндегі ауа шығуы үшін:
Банка жабу:
Жауып болғаннан соң, мінсіз екенін тексеру үшін қалпақ астына қараймыз (қалпақ түбінде резеңкесі шығып тұруы керек):
Жабылған банкілерді салқын жерге бір күн бойына төңкеріп қоямыз:
Ескерту: Төңкерілген банкілерді бірден салқын жерге қоймау керек, бірте-бірте салқындатқан жөн.
Қызанақ және оның шырыны денсаулыққа пайдалы көрінеді. Қызанақтың құрамында ликопин деп аталатын пигмент болады. Ол қызанаққа қызыл түсті рең береді. Ал қызаназты жеген адамның ағзасының жақсы жұмыс істеуі үшін бірнеше түрплі пайдалы әсер береді және антоксидант қызметін атқарады. Көптеген ауруларға ем дейді гугл шырақ.
Сондай-ақ, ликопин басқа пигменттер сияқты қайнатқанда немесе пісіргенде жоғалып кетпей, керісінше, арта түсетін көрінеді. Ағзаға өте пайдалы екен, рубин күніңіз қараң ғой, у іш)
Пы/сы: Өрік, алхоры, алма тосаптарын түсіріп салуға жаз айының басында қол тиген жоқ, есесіне менен басқалар бөлісті. Әне-міне дегенше болмай-ақ қыс келеді қылышын сүйреп. Қысқа пайдалы-ау деген "қамдарыңызбен" бөлісе отырайық, достар. Алдағы күнде де денсаулыққа пайдалы-ау деген қызанақтың неше түрлі жаппасымен бөлісетін боламын.
61 пікір
Кешке палау жасаймын-ау...Палауды сағындыммөлшерімен!Қысқа дейін қаншомааа уақыт бар, мен болсам ашып жеп тастар едім. "Қысқа дейін қанша уақыт бар әлі" деп
Тілек тілегенде, Көркем мен Аканың қолын берсін дер едім :)
ес че, уино нетіватсаң айтарсың…