Таңғы ас

Асыңыз дәмді болсын! /
Сәлеметсіздерме! Бұрын бастауышта оқып жүргенімде асханадан үнемі коржик алып жейтін едім. Басқа тамаққа қарамайтын едім. Сол коржикті қазір де жақсы көремін. Кейде өзім дайындап беремін сіңлілеріме. Қазір таңғы асқа пісірген коржиктің құрамымен таныстырайын.
Керекті тағамдар:
3 стакан ұн
1 стакан қант
1 жұмыртқа
0,5 шәй қасық қамыр қопсытқыш(разрыхитель)
дәміне қарай ванилин
200гр маргарин
1стакан сүт
Алдымен ыдысқа ұн, қамыр қопсытқыш және ванилинді салып араластырамыз.

Сосын жұмыртқа, сүт, маргарин және қантты қосып илейміз.


Қамырды бірнеше бөлікке бөліп алып, бір-бірден оқтаумен жазып коржиктің формасын аламыз.


Сосын тарелка алып ортасына 0,5стакан қантты саламыз, коржикті тарелкадағы қантқа аунатып аламыз.
Коржик 30минутта 200градуста піседі.


Міне, дайын болды!

17 пікір

AKA
Қатты болған жоқ па? Сода қоспай жасағаның жақсы болды, күЧт!
ardak1996
Жоқ қатты емес))) ия сода қоссаң кәдімгідей дәмі бұзылып кетеді
AKA
Сосын қамырдың қалыңдығы қандай болады?
ardak1996
1,5смс сияқты
Ademi
Осындай бір әпкең болса… Табаға пісіретін не ұсына аласың?
Ais_97
Ардақ жарайсың!
User
Қай жерге жаратайын деп жүрсіз
Ais_97
Түсінбеген сыңайлысың, Ардақты мақтап жатқаным ғой!
pari
Ардақ жазбаңа сындым, қолың дерт көрмесеен. Не ма осының құрамына бал қосып жіберсе қалай болады екен?
Zhassiko
бал қосса медовый болады..))
pari
қазақша айтуға болмай ма?
khairbek
КЫМ тангы аска тек коржык жисынба не а?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.