Компот
Шиеден компот жасағанбыз, жаздың басында. Диплом, анау-мынау деп жүріп салуға ұмытып кетіппін. Көркемнің "Қызанақ томатты согын" көріп есіме сап етіп, екі күн компьютерімнің іші-сыртын ақтарып жүріп суреттерімді тауып алдым. Жау алардай Infa(D)- Банзайка — ? папкасы — ?? папкасы — ??? папкасы — деп тығып тастаппын ғой. Сонымен не керек шықты ғой әйтеу? -нің n-дәрежесіндегі папкадан.
Сонымен бастаймыз.
Шиені жақсылап жуамыз, бірге ілесіп келген шөп-шалам, құрт-құмырсқаларынан тазалаймыз.
Сосын жабатын банкаларымызды дайындаймыз.
Сосын бір шелектей (жабатын шиеңіздің көлеміне қарай енді) су қайнатып қоямыз. Ішіне 3кесе (бұл да суыңыздың мөлшеріне қарай) мөлшерінде қант салып бірге қайнатамыз.
Бәрін дайындап алғаннан кейін компот жабуға кірісеміз.
1. Банкілерді залалсыздандырамыз, яғни булаймыз.
2. Шиелерімізді саламыз
Ескерту: Шиені банкінің жартысына дейін ғана саламыз
3. Үстіне шелектегі қант қосылып қайнатылған суымыздан құямыз
4. Енді жабамыз. Біз банкі жапқанда тек қана пластмасса қақпақтарды ғана қолданамыз. Пластмасса қақпақтар банка ернеуінен біраз кіші болады. Оны ыстық суға салып, жібітіп кеңейтіп алмаса никак жабылмайды. Банкіні жапқаннан кейін қақпақ суып өз қалпына келгенде банка ернеуін мықтылап қысып қалады. Бұл кейін банкалардың атылып кетпеуіне септігін тигізеді.
Қақпақтарды ыстық суға салып біраз ұстаймыз да банкіні жабамыз
Мінекей Шие компоты дайын
Шиенің сезоны өтіп кетсе де әлі алда алма, алмұрт жабу бар, соларды осылай жауып көріңіздер. Немесе келер жылға септігі тиіп қалар. ))))))

50 пікір
мінекей, таңертең түрсақ екі банканың суы ағып крышкасы ашылып калыпты.
Темір қақпақпен жапқанда — кейде күшіміз жетпей ақырын бұрап қоямыз, кейде бұрағыштың ескілігінен дұрыс жаппай қалады, кейде темір қақпақтың ішіндегі резіңкесі дұрыс болмай қалады т.б себептермен банкамыз атылып жатады.
Ал арнайы пластмасса қақпақ айтып өткенімдей банка ернеуінен біраз кіші болады. Оны жай жаба салу мүмкін емес. Ыстық суға салып пластмассаны біраз балқытып аламыз да, банкаға керіп жауып жібереміз, қақпақ суығанда, пластмасса қалпына келіп, банка ернеуіне престеліп қалады. Қыста қақпақ ернеуін пышақпен тіліп жіберіп ашамыз.
Бірақ пластмасса қақпақтардың да неше түрлісі болады. Таңдағанда қаттысынан, ішінде қатпарлары барынан алса болғаны.
Бір жағынан компотты жазда ішкең күшті ғой, холодильникке мұздақ етіп қоясың, ары қарай ЖИЗЕЕЕНЬ...қазір уже күз. почти срогы бітті деуге келеді
Бірақ, компотқа бола банканы ысырап қылмаушы едік, сок жасап көрейін десем, бақта өрік пісіп дауно құрап кеткен..))
Қолыңыз дерт көрмесін, адамның ішін қайнатыыып қоясыңдаршы өйстіп, ішкім кеватр..))
Бізде компот қыстың бірден бір азығы, банкі ысырап емес.