Картоп пен асқабақ
Құрамында жасанды талшық, ағуыздар, каротин, кальций, темір, магний, фосфор және A, B1, B2, PP және C дәрумендері, ағзадағы зат алмасу процесін жеделдететін Т және қанның ұюына ықпал ететін К дәрумендері бар.Асқабақтың мынадай қасиетін енді ғана білдім, өз басым. Бала кезімізден асқабақты көп пайдаланғаннан кейін бе, дүкен сөрелеріндегі асқабақты көрсем, алмай шықпаймын.
Сонымен, керек заттар:

Асқабақ көру қабілеті нашарлағандарға, қаназдықтан жапа шегетіндерге, артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таптырмайтын ем. Ол ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Тіпті мұны ішек құртын түсіруде де пайдаланатын көрінеді.Тураймыз:

Қызып тұрған майға пиязды салып, қызарғанша қуырамыз. Қызарған пияздың үстіне қызанақты саламыз.
Картоп B1, B2, B6, PP және C дәрумендерінің бай көзі болып табылады. Оның құрамында сондай-ақ белок және көмірсулар, кальций, калий, фосфор және магний бар.

Қызанақ қуырылған соң, артынан картопты саламыз да, жақсылап қуырамыз.
Картоптың құрамындағы кальций және калий организмдегі ас тұзының зиянды әсерін бейтараптандырады. Магний жүректі нығайтады, стрестің алдын алады. Сондықтан мамандар картопты стреске жиі бой алдыратын адамдарға жиі қолдануға кеңес береді.
Асқабақты да картоптың көлеміндей етіп тураймыз:

Картоп пісейін дегенде асқабақ пен болгар бұрышын салып жібересіз.
Отты азайтып, кішкене ғана су құясыз, тұз қосуды ұмытпаңыз, бастысы.
Асқабақтың дәнегі де ағзаға өте пайдалы. Құрамында майы бар дәнектер іштегі құрттарды өлтіруге септігін тигізеді.
Асқазан-ішек жолының жұмысына жақсартады. Картоптың құрамындағы фосфор тіс және қызыл иекке пайдалы, сондай-ақ баланың өсу процесінде алатын орны ерекше.Пайдалы мәлімет оқығанымызша, тамағымыз да пісті!

P.S: мәліметтер интернеттен алынып, өңделді.
Қауын жайлы не білеміз?
37 пікір
Тамаққа кейде қосамыз. Картоп орнына қолданылады көбінесе.
Қауын туралы құнды мәләмет!
Өте-мөте шырынды жеміс, оны жегенде езуге тигізбей жеген абзал себебі, шіре болып кетеді :))
Сосын үйдегі артылып қалған қауындарды қақ ретінде қысқа сақтасақ болады.
Ол үшін қауынды тіліктеп, астындағы қабығын алып, тілікті ұзынынан кесіп күнге жайып қоямыз. Осылайша қысы бойы қауын жеп шығамыз.
Ерін деген шырынды болып тұр десеңші:))мүлдем,ұнатпаймын. рахмет) Картоп кучтікешіре гөр асқабақ