Сүзбе қосылған қатпарлы бәліш

Асыңыз дәмді болсын! /


«Асыңыз дәмді болсын!» блогының қолданушыларымен қатпарлы бәліш немесе ватрушка жасаудың әдіс-тәсілімен бөліскім келіп отыр. Қатпарлы ватрушка кәдімгі ватрушкаға қарағанда жеңіл тағам. Сонымен қатар, оны дайындау әдісі оңай әрі тез.



Бізге қажетті заттар:


  1. Сүзбе
  2. Қант
  3. Ванилин ұнтағы
  4. Қатпарлы қамыр:
  • 200 г. — маргарин.
  • 2 стақан — ұн
  • 1/2 стақан — су
  • 1 шәй қасық — қант
  • 1/4 шәй қасық — тұз

Қатпарлы қамырды жасау үшін: бірінші, ұнға маргаринді бөлшектеп саламыз. Екінші, суық суға қант пен тұзды салып, толық ерігенше араластырамыз. Үшінші, дайын болған суық суды май салынған ұнға құйып, тез илеп қоямыз.


Иленген қамырдың үстін майлықпен жауып, тоңазытқышқа 2-3 сағатқа (1 түнге қойып қойса да болады) қойып қоямыз. Артынша қамырды тоңазытқыштан алып жаямыз. Жайылған қамырдан қатпарлы қамыр шығуы үшін бірнеше қатпар қылып, бүктей отырып, қайта илейміз.



Дайын қатпарлы қамырды бірнеше бөлікке бөліп, домалақтап, майланған қаңылтыр табаға саламыз.



Домалақ қамырдың барлығын сүзбе салғанға ыңғайлаймыз.



Сүзбені қамырға салмас бұрын қантпен араластырып аламыз.



Дайын сүзбені әрбір бәлішке салып шығамыз.



Бәліштерімізге әдемі рең беру үшін үстінен жұмыртқаның сарысын жағамыз.



Артынан 280 градусқа дейін қызған пешке салып, қызарғанша пісіреміз.



Піскен бәліштердің үстінен ванилин ұнтағын себеміз. Сүзбе қосылған тәтті қатпарлы бәліш дайын.



Астарыңыз дәмді болсын!


«Сүзбе қосылған қатпарлы бәліштің» түпнұсқасы

43 пікір

ereke_enu
Бір уыс қамырдан қаншама нәрсені шығарасыңдар да? таңқалам)
m170785
жарайсыз, тамаша дайындаганы коринип тур
Korkem
Қолдарыңыз дерт көрмесін, Ерке қыз))
banzaika1990
Ірімшік болмаса сүзбені қамырға салып пісіру деген ақылға қонымсыз меніңше. Оған қоса сүзбеге қант қосқан деген…
AKA
Маған қонымды, дәл осындай жасағам, тек қаймақпен суреті болмай тұр. Бірақ сүзбеге қант қосамын мен де, әсіресе қышқыл дәмі болғанда.
banzaika1990
воооот, воооот қаймақпен жасадыңыз, бірақ никак сүзбемен емес
erke_ky3
Сенің қай жақтың қазағы екеніңді білмедім. Бірақ біз жақта сыр деген — ірімшік, творог деген — сүзбе, ал қаймақ деген — сметана!
banzaika1990
еееееее мәселе облысаралық диалектте екен ғой. Шығыстың қазағымын. Біз жақта сүзбе деген мүлдем басқа нәрсе
banzaika1990
қаймақ деген де басқа нәрсе
erke_ky3
Онда түсінікті Банзайка :)))
banzaika1990
сол дұрыстап түсінісіп алғанымыз дұрыс болды, әйтпесе мен пысықсып бір күні біздіңше сүзбемен бәліш пысырып үйде қыран-топан күлкіге қалар едім
Korkem
сіздіңше сүзбе қалай? көрсетЧ?
banzaika1990
тәәәк, суреті дәл творог секілді, дәмін, жасалу жолын түсіндіріп көрейін.
Сүзбе — сары суынан айырылған ашыған сүт (ашыған сүтті дорбаға құйып, сары суынан арылғанша іліп қояды). Сары суы сорғып болған сон творог сияқты біртекті масса пайда болады. Сосын оған тұз қосамыз. Міне сүзбе дайын. Сүзбені кептіріп құрт жасауға болады, немесе сол күйінде де жеген темааааааааааааааа

Сіз жақта да бұндай нәрсені жасайтыны анық, атауы қалай сіздерде????
Korkem
Сүзбе.

Дәл осының өзі сүзбе ғой. Ашыған айранды жинап, дорбаға салып сүзбе шығарады. Бірақ сол күйі тұз қоспай сатады. Тұз қосса домалақтап құрт қылады.
banzaika1990
біз творогты пысқан сүттен жасаймыз, ірімшікті — шикі сүттен
Korkem
творогтың қазақшасы — сүзбе, айраннан жасайды бізде.
banzaika1990
жарайды сүзбе болса сүзбе болсын,
бірақ мен творогты суқаным сүймейді, ал сүзбені үш уақыт тамақ орнына жеуге бармын.
бұл қалай болғаны?!
erke_ky3
Көркем, Банзайка жазғандарыңды оқып күлкіден өлдім :)))

Бізде оны қатық дейді :)) Дәл солай жасап сосын тұз қосып құрт жасайды,қант және ішіне жемістер қосып йогурт жасаймыз. Кішкентайымызда апам жасап беретін :)) Бірақ творогтың да жасалу жолы дәл Банзайка басындай айтқандай ғой. Мама үйде жасайды сүзбені (творог) кәдімгі дүкеннен сатып алынған творог сиақты болады түрі де дәмі де :) Бірақ қандай сүттен (ашыған, ашымаған, піскен, піспеген) білмейді екенмін :))
erke_ky3
Өміріңізде ватрушки жеп көрген емессіз бе не сонда? o_O
Егер қамырға ірімшік салса ол «почо с сыром» болып қалады ғой!
banzaika1990
ватрушкиді де ірімшікпен (творог) жасайтын секілді еді ғой
erke_ky3
Енді постты толық оқып шықпайсың ба?! Жазылып тұр ғой
қатпарлы бәліш немесе ватрушка жасаудың әдіс-тәсілі
Daniar_alan
гдэ то шытал…
Daniar_alan
ырзам да айтаберге… пүлістесең сразу +14, +12 бола салад…
erke_ky3
Daniar_alan, барлық блогтарыма салып қойғанмын :)
khairbek
слово бәліш пербые слишу
erke_ky3
Қазақтың сөзі ғой :)) (бұрыңғы емес шығар, бірақ қазіргі кезде пирог, пирожный, жалпы осындай тәтті выпечкаларға қатысты қолданылады)
mairosh
Мынаны жасап көру керек екен )))
ardak1996
Ия, бұйырса жасау керек екен. Рахмет
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.