#qurbanait

Асыңыз дәмді болсын! /
Құрметті оқырман, сіздерді құрбан айт мерекесімен құттықтай отырып, отбасыңызға береке, бірлік тілеймін.

Айт күндері не істедім:
  • konvict Алматыға келген. Кездесіп, біраз әңгіме айтып, бір жеңілдеп қалдық:


Құрбыларыма айттап бардым:



Сайттағы барлық қыздарға арнап түсірген гүлдерім (Құрбымның есік алдындағы байлығы):


Әсіресе, кактустар қатты ұнады:)

Үйге келіп, жалғыз айтқа дайындық жасадым:

Жұмыртқасыз оладьи (құймақ)

Ингредиенттер:

• айран — 200г
• қант — 1 ас қасық
• тұз
• cұйық май — 1 ас қасық (қоспаға)
• сода — жарты шәй қасық
• ұн — 100 г


Дайындалу жолы:

Айранға тұз бен қант қосып, шанышқы немесе миксермен (Көркем миксермен) араластырылады. Қоспа қою болғанынша ұн қосып, жақсылап араластыру керек. Артынан бір ас қасық сұйық майды қосу қажет. Қоспа қою қаймақ сияқты болуы шарт. Әйтпесе, құймақ шықпай қалуы мүмкін.

Табаны майлап, бір ас қасық қоспаны құйып (бірақ қасықпен жаймау керек), баяу отта қақпағын жауып пісіреді.

Дайын болған құймақтар:



Ары қарай өзіме жайылған дастарханнан:


ПЫСЫ: келесі құрбан айтта жанұяммен бірге болайын деген ниетті жібердім жоғары жақа. Ескерді ме, жоқ па көре жатармыз:)

Жанат аға, мендегі осы. Сіздің кезек!

16 пікір

Korkem
Кідәй джанем-ау)))

Бірінші суретті айтам да ұжыС қой куртка, пальто. Шымкентке көктем келе жатыр, жылыыыыыыыыы

Бешбармағың күЧт)))
qyrmyzy
:) Біз пальто, куртка, етік киіп жүргенімізге бір ай болды-ау.
Рахмет!
Zhanat
ет жегім келіп тісім қышып отыр. Демалыс жақсы өтіпті ғой))
qyrmyzy
Шүкір, жақсы өту, өтпеу өзімізге байланысты. Менің де тісім қышып, ет асып жібердім:)
mairosh
Ақ гүл ерекше ұнады)) ҚҰймақтарында керемет. Бешбармақтағы қамырды өзін жайдын бааа?
qyrmyzy
Ақ гүл саған онда:) Құймақты бірінші рет жасадым. Не плохо получился у меня;) Veryy6 veryy gooood! Да нет, «жайма» барда… Еттің қамырын жасайтын деңгейге жетпедім әлі:)
AKA
Қабыл болсын! Бауырсақты жақсы көреееем :))
Ademi
Сіңілім, бал тамған қолдарыңыздан тамақ жеу — армааан болды ғой. Былай-былай шақырып тұрсаңызшы, көршіміз ғҮә?!
AKA

«Армандар орындалады!» © инш :)
Ademi
Қоянның сүГіретін сап кетпе, Жағдишиа ма Ананди ма… Әркімнің тамағын жей бермеймін, әркімге құшақ аша бермеймін, әркімге пікір жаза бермеймін, әркімді жақсы көре бермеймін. Так Что действуй!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.