Түрікше күріш "гарнирі"

Асыңыз дәмді болсын! /
Ассалаумағалейкум! Ас адамның арқауы, «алма» оның тарқауы. Әрине дұрыс тамақтану, ол адам ағзасының дұрыс және ретті жұмыс істеуіне негіз болатын басты себеп. Сол үшін жейтін асымыздың адал, әрі таза және ағзаға мейлінше пайдалырағын таңдағанымыз жөн. Осы арада, айтып кететин жайт. Мынау, Жапония техника саласында ілгері келе жатқан мемлекеттердің бірі ғой. «Технологиялық мемлекеттің» ғалымдары дұрыс тамақтануда өте қызықты жаңалық ашыпты. Психологиялық зерттеулер бойынша, адамның көп немесе аз тамақтануы, тағамның және оның қаптамасының көлеміне байланысты болады екен. Осыны ескерген, жапондықтар, арнайы көзілдіріктен, камерадан жане компьютерден тұратын құрылғы ойлап тауыпты. Ғалымджар камераның көмегімен, тағам көлемін 1,5 есеге үлкейткенде, адамдар 10 пайызға дейін аз тамақтанған. Ал, керсінше, кішірейткенде, 15 пайызға артық тамақ жегендігін айтады. Мейлі, қалай тамақтансаңыздар да, дендеріңіз сау болғай. Ал, енді, гарнирге келсек. Негізі, басты тақырыбымыз да осы еді. Әуелі, күрішті жақсылап тұрып шаямыз. Сосын оны сүземіз. Мүмкіндігі болса, барынша суы қалмай сүзілгені жақсы. Сүзілген күрішті бір шетке алып қоямыз. Кызып тұрған, пешке, қазанды, я болмаса жайпақ кострюльді қоямыз. Май құямыз. Май мен күріштің қатынасы, 1 келі күрішке 50 — 60 грамм сұйық майдан келу керек. Сосын, «паутинка» вермишелин салып қуырамыз. Вермишель қызарған кезде, күрішті салып, әрі қарай қуырамыз. Күрішті қызғанынша қуырамыз. Сосын тұз қосып, қайнаған су құямыз. Су күріш бетінен 1 см асып тұруы керек. 4 — 5 минут қызған отта ұстап, пештен алып тастаймыз. 15 минуттан кейін, қазанның қақпағын ашып, дайын болған гарнирді бір қозғаймыз. Осымен, түрік гарнирі дайын болады. Ас болсын, айтаберліктер!!!
Диета жайындағы видео

8 пікір

Yasin
мынау ботқа болды ғой
Бір күні үйге келіңіз, мен сізге жасап берейін, бір — біріне жабыспай пісетін, ең тамаша гарнир болады. Бетіне «Мясо по Тайский» жасап берейін…
Korkem
«Мясо по Тайский» жасап берейін…
осы мясо по-тайскийіңізді жасап, суретке түсіріп салыңызшы өтініііш?
Yasin
мясо по тайский меніңше ащылау болады соя майына жасалама?
qyrmyzy
иа, жекөргем!
Jako
Күріш пен вермишель, біртүрлі естіледі екен, жасап көріп барып бірдеңе демесек..., не айтуға болады.Бірақ рецептің ерекшк екендігіне еш дау жоқ.
Айтпақшы, вермишельдің қазақшасы қалай өзі, қазақша нет деп жазарымды да білмей қалдым, оның үстіне «паутинка»? "Өрмек жібі" дейін десең, бір ыңғайсыз…
Jako
"Іиір кеспе"-десе қалай болар екен,өзі«паутинка»-дегенде келмейтін сияқты ғой. Өрмекшінің торына ұқсамайды ғой,іиір-іиір болмай ма?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.