Бауырдан жасалған дәмді котлет

Асыңыз дәмді болсын! /
Сәлем, қымбатты «Айтабер»!

Көп болыпты, сайтымызда дәмді тағам иісінің шықпағанына. Бүгін өздеріңізбен бауырдан жасалған дәмді котлеттің рецептімен бөлісе отырсам.

Сонымен, дәмді котетімізді жасау үшін бізге керектілер:

1. Қой (сиыр) бауыры — 0,5 кг
2. Бір стакан шала пісірілген күріш
3. Бір бөлке нан уағы
4. Жұмыртқа — 4
5. Пияз, сарымсақ (бауырмен бірге ет тартқыштан өткіземіз)
6. Дәміне қарай тұз, бұрыш
7. Май
8. Картоп — 3-4 бас

Бауырды ұсақтап турап:



еттартқыштан өткіземіз:


Картоп, пияз, сарымсақты да еттартқыштан өткізіп жібереміз:

Оның үстінен суға шала пісіріліп, шайылған күрішті, наның уағын, жұмыртқа, тұз, бұрыш қосып араластырамыз. Егер тым қою болып жатса ұн қосуға болады (қоюлығы оладьи секілді қоймалжың болғаны дұрыс):



Енді алдын ала отқа қойылған табаны қыздырып майды бетіне ғана құюға тырысамыз. Май қызғаннан кейін, дайын қоймалжыңды қасықпен алып табаға саламыз да оны жаймалаймыз. Ұнға аунатып алсаңыз да болады:


Котлет асты қызара піскеннен соң, екінші бетіне аударамыз.
Осылайша, дастарханға жәй пісіріп қойғанда желінбей қалатын бауыр, өкпе секілді мал мүшелерін тартымды, әрі дәмді тағам түріне айналдыруға болады.

Дайын котлеттер:




Тістедім ))))



Таңғы ас үшін тойымды және ұзақ жолға таңазытып алып шыққанға таптырмайтын дәм.

Ас болсын!

Пы/сы: Бұрын жалғыз өзім күйбеңдеп жүруші ем, енді жеңешем бар тым болмаса суретке түсіріп жүретін)))

22 пікір

qyrmyzy
Осындамын! Асханаға кірмегелі көөөөп болды:) Таңғы асқа котлет Ботқадан ары аса алмайм
korwinin_kyzy
сен үшін менің бағамды алу өте маңызды болар,(осы жерде 15 минуттай жыртылып кулдым)
мә саған плөс,, тамақ жақсы щыққан бірақ ананы завтракка жүрмейтын сияқтығой? м?
qyrmyzy
хехехе, неге күлдің?
mairosh
оо котлет екінші жағын мен тістейінші))
Delfina
Мен котлетке күріш қосқанды бірінші рет көріп тұрмын. Тіптен басқаша қылып жасайды екенмін.
Қолың дерт көрмесін. Керемет шығыпты.
senim
Бауырды жей алмайтын халім бар
Madi
Кәрістер шикі бауырды жасыл жапыраққа орап жеп жатушы еді киноларында.Қанды көбейтеді дейді ғой осы бауыр.
Jako
Қайырбектің кәтілетінен бері тәбет тас-талқан еді, Көркемжан рахмет, тәбетті қайтадан аштың. Бауырдан дайындаған мәзірлер өз басымның өте жақсы көретін тағамдарының бірі.
m170785
Соны айтам ау ағасы, дені дұрыс котлетті енді көрдім. Ол енді Көршінің қызы Қайырбек әдейі де жасамаған шығар енді «Көтілет» қылып, бәрінен кешірім сұрады. Олда бір түсінді ғой. Кейде ағаттық жасап, шеттен шығып қалатыны болса, тек сонысы ұнамай қалады Қайрекеңнің, өзінен де көрсін, Котлеттің жұлдызы )
korwinin_kyzy
Сендер мені кекетуді қашан қоясындар а?

Сақал, Ж? мыналарға айтындар мені кекете берет
Ойнамайм сендермен Броде бы достаскан искятымызго
m170785
Кекетіп отырған жоқпыз Қайреке, сіздің кешірім сұрап, отырғаныңызды, кейде миығынан күліп тым ағаттық кететініңізді айтып отырмын Жәкеме, а так базар жоқ жігіт қой Көршінің қызы Қайырбек )
m170785
енді шамыңа тиген шығар, мен кекесінмен айтып отырған жоқпын, өзіңізден де көріңіз Қайырбек, түзел, жөнді дұрыстау жаз, бұл бір емес Қайырбек. Бір жалт етіп дұрыстап жәзіпжверсеңіз, дұрыстау болар еді
qyrmyzy
Жетер енді!!! Қалай ыңғайсызданбайсыз солай жазуға???
«Көтілет»
не деген сұмдық?! Тамақ ол! Әрдеңеге теңей бермеңіз! Жігітсіз ғой, қыздар да олай тіреліп алмайды бір тақырыпқа!
qyrmyzy
Жако аға, жалықпадыңыз ба? Бір айдан бері айтып келесіздер, Қайырбекте де жүрек бар ғой… Шәйнек болды, жазды пост. Неге түртпектей бересіздер? Тіпті Мақсат аға екеуіңіз күбіресіп (өсектеп) отырғандарыңызды жиі көремін. Жетер енді. Кешірімін сұрады, тағы не істесін? Әлде Рубеннің кебін кигізейін деп жүрсіз бе?
m170785
Қырмызы мен ешнәрсе дегенім жоқ, тек сондайды тағы жазбаса екен деп айтып отырғаным ғой. Кешірімді бәрімізден де сұрады, дұрыс, тек еліріп кетпесе екен деймін да тым. Ал қалғаны өте жақсы. Қырмызы біз өсектеп отырғанымыз жоқ, түсіндіріп айтып жатырмын өзіне де, сенбесеңіз Қайрекеңнен сұраңыз. Түсінетін жігіт, көзім жетті, еркелегені болмаса
Jako
Мен артық ешнәрсе айтқан жоқпын, Қайырбекте еш өшім жоқ.Құдай сақтасын. Рубен дегеніңнің кім екенін де білмеймін.Мен сізге не деп қойдым деп барлық пікірлерімді ақтарып отырсам, адвокаттықтан жүйкелеп жүрген сыяқтысыз ғой.Шаршамаңыз, әркімнің өз басы бар.Макеңмен не әңгіме айтатынымды қаласаңыз сізбен ақылдасайын бұдан былай.Негізі үлкендердің әңгімесінің әңгімесінің сізге еш қызығы бола қоймас, түсінетіндей дәрежеге жетпеген сияқтысыз.Кешіре ғой, тамаша посты былғамайық.
qyrmyzy
Бәрібір басқашасыз! Рахмет!!!
m170785
Міне Көркемжан нағыз котлетті жасады, мәәәәдес, жарайсыз. Апаңыз нағыз батыр болған екен ))). КОТЛЕТ нағыз ООООООСЫНДАААААЙ болса. Е бәәсе осылай бұрын жасау керек еді Көркемжан.
Zhanat
қолыңыз дерт көрмесін!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.