Қуырылған тәтті жұмыртқа, хехе

Асыңыз дәмді болсын! /
Бұл пост арнайы рецепт емес. Бүгін таңертең орталыққа баратын болып, үйден тамақтанып шыға салайын деп ойлап едім. Тоңазытқышқа қарасам, бір қорап жұмыртқа бар екен. Үшеуін алдым да газге қойып қуырдым. Бір кезде тұз салу керек болды. Газдың жанында тұрған қораптан бір шөкімін іліп алып, жұмыртқаның үстіне айналдыра сеуіп жібердім. Жұмыртқа дәмдірек болсын деп, тауық етінен жасалған шұжықты турап салдым. Тағам толық дайын болды. Тәрелкеге салып дастарханға тарттым. Шынымды айтайын алғашқы 3 қасығы тамағымнан жақсы өтті. Кейіп байқасам, тамақ тәтті болып кеткен. Тағы да жеп көрдім. Өте тәтті. Алып-ұшып газдың қасына келіп жаңағы қораптағы ақ түйіршіктердің дәмін көрдім. (What the Hell???) Тұз деп сепкенім кәдімгі қант екен:)
Сөйтіп не болғанын айтайын ба? Айтпасам қызық болмай қалатын сияқты ма? Жарайды, айтамын. Жедім соны. Аш болған соң тасты да жейсің ғо:) Жаңа тамағымда дәмі қалып кетіпті. Мына постты сол есіме түсіп кетіп жаздым:)
Ощм, бұдан шығатын кішігірім мораль: Тамақ істегенде барлық қолданатын нәрселерді тексеріп алыңдар!

6 пікір

Korkem
вахахахаааа))) қатырдық, Садко)))
MSHERIMBEK
Еріте де аламын если шо:)
dimash
хех, жұмыртқаға тұз салудың қажеті жоқ ғой, не то что ҚАНТ)))) жұмыртқаға тұз салсан соған үйреніп кетесін де тұзсыз тағам жей алмай қаласын, ал тұз адамды ЕРТЕ ҚАРТАЙТАДЫ! Кәріс киноларына көз жүгіртсек кемпірлері де жас көрінеді, себебі олар тұздың орнына арнайы спец қолданады, кәріс халқы ақмақ па? әрине жоқ!!! Негізгі посттың тақырыбынан ауытқап кеттім ау… сол бірақ айтарым, білгеннің зияны жоқ!
MSHERIMBEK
кәріс халқы ақмақ па?
Мына жаққа келсең тек қана кәрістерді емес, өзіңнен басқа барлығы ақымақ сияқты көрінеді:)
Delfina
Сонымен, дәмді болдыма? Пісіріп көрсем қант қосып өкініп қалмаймынба?))))
MSHERIMBEK
Өте тәтті болды. Тәтті дегенде қанттың дәмі шығып тұрады. Қыздар жей алмайтын шығар.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.