Бумен дайындалған балық мәзірі.

Асыңыз дәмді болсын! /
Құрметті Айтаберліктер! Мен бүгін сіздерге өзімнің буда пісірірілген балақ мәзіріммен таныстырғам келіп отыр. Өздеріңіз білетіндей балықты майға қуырғанда аз май жұмсалмайды, сондықтан мен балықты еш майсыз, буда өз дәмімен пісіруді ұсынбақпын. Ал кеттік…
1)
Бір 2-3 килолық сазанды таңдап алғанан соң, оны жуып, шырышынан тазалап аламыз.
2)
Онан соң балықты жарып тазалаймыз.
3)
Енді балықты кесектеп бөлеміз.
4)
Кесектеп бөлшектеп алған балығымызды шұңғылдау ыдысқа салып үстіне тұз( әркімнің қалауы бойынша) салынған сүт құйып 0,5-1 сағаттай бетін жауып қоямыз.Сүт балыққа суда жүрген уақытында сіңіп қалған балдыр, шылаулардың иісін сорып алады да балық етінің дәмі артады.
5)
Келесі кезекте әрбір кесек балығымызды дәмдеуіштермен дәмдеп аламыз.
6)
Мәнті пісіргіштің табақтарына орналастырамыздағы, кәдігімгі мәнті пісіргендей жарты сағат кайнатамыз.
7)
Қалауыңызға қарай су құйылған ыдысқа лавр жапырағын салып жіберсеңіз болады.
Жарты сағаттан соң дайын балық кесектерін керегінше әрлеп дастарханға қойсаңыз болады, мен өзім әрлеуге жеткізбей бас саламын)))).
8)
Ас дәмді болсын!

21 пікір

gulmyra
жаксы адис екен, есимде болатын болды)))))))
qyrmyzy
Ого, күшті! Сүт жайлы білмейді екем.
yesbolat83
Бумен дайындалған балықты біздің асханада әр бейсенбі сайын біздерге ұсынады. Өте дәмді болады. Өзіме макаронмен қосып жеген ұнайды.
yesbolat83
Айтпақшы, бүгін бейсенбі ғой.
korwinin_kyzy
Мәнті

өлтіретін болдыныз мені
Jako
Не болдийии, басқа қазақшасы ойға келмеді.
Соңғы өңделген уақыты:
VVVWWW
Тамаша, өте жақсы (осы Сіз-ақ таңғалдыруды қоймайсыз), Өнеріңіз жетпіс емес жүзден де асып кететін шығар "
Тек біз үшін бір қиын жері бар екен:
2-3 килолық сазанды???
Ондай сазанды Атыраудан тауып алу қиындау соғатын түрі бар, бірақ енді біреуін 3-4 рет бөліп пісіруге болатын шығар (әзілім ғой)
Jako
2-3 кг дегенім дәәәу балық дегенім ғой біз жақтың өлшемімен)))), сіздерде бұл шабақ шығар))))
Delfina
Огооо, күшті.
Жездеке, бұқтырма пісіріп беріңізші, бізге))
Jako
Ой, мен дайын ғой))))))
Korkem
түүһ, аға))) Сайтта Жако, Жука, Жөке дегендер көбейіп кетіпті, сіз ба деп арнайы барып келдім профильіңізге. Қателеспеппін))

Қолдарыңызға қуат берсін Алла, жақсы жаздыңыз. Кеше ғана папам 2 үлкен-үлкен қылтанақсыз балық әкеліп еді, күнде жеп тұрайық пайдасы зор деп. Атын да білмейді екем, кешке келген соң сұрап аламын. Жақсы болды жазғаныңыз, тамаша!
Kan
Сазан балықты аулап алдыңыз ба аға! Кермет пісіріп көретін екен буға.
Jako
Қайдан Кан мырза, биыл мұз қатпады, сатып алуға тура келіп тұр.Өзің аулаған балық қалай пісірсең де тәтті болады ғой.
Chimaq
Kushti..uirenip alghym kelip tur....))
myna лавр degendi bilmei turmyn ne narse ekenin..((
AKA
Уаааау, керемет! Балықты жақсы көрем, мидың жақсы жұмыс жасауына пайдалы ғой. :)
Chan
смотря, балыққа байланысты шығар)
AKA
Балық и в Китае балық!
Chan
АКА апа? жоқ, тәте,әпке,әпще???
Сутке писиретинин билмейди екенмин менде
geofizik_001
сүт туралы айтқаныңызға рахмет!!! Білмеппін. Ал мен тазалап,1 сағат тұдап қойып, одан соң майонезге түрлі дәмдеуіштер қосып, соны жағып, духовкаға салып аламын 180 градуста 50 минутқа.Ол да дәмді.
banzaika1990
Керемет. Үйдегі әпкетай көретін жерге жапсырып қою керек екен. Жақын уақытта мен де дәмін татып қалармын буға піскен балықтың)))))))))))))))))

Негізі мен балықтың басын жақсы көруші едім. Обед уақыты боп қалды содан-ау деймін, «Мына дәәәәу сазан балықтың басы қайда екен» деген ой мазалап тұрғаны
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.