Табақ тарта білесіз бе?

Асыңыз дәмді болсын! /
Барлық малдарда сүйек жіліктерінің саны бірдей болғанымен жіліктері сан және қол жілік болып бөлінеді.
Жамбас, ортан жілік, асықты жілік -сан жіліктер деп, жауарын, тоқпан жілік, кәрі жілік — қол жіліктер деп аталады.
Қабырға 3 топқа бөлінеді:
1. Бұғана қабырға
2. Қара қабырға
3. Сүбе қабырға
Мойын омыртқа, ара омыртқа, қанатты омыртқа, ұша және құйымшақ омыртқа болып бөлінеді.
Ал енді ас құдайыда, тойларда табақ жасағанда ретіне қарай бөлінеді.
Бас табақ — жамбас жілік, екі қабырға, бір омыртқа, бір білем ет салады (Әдетте сан жіліктер бас табаққа салынады да қол жіліктер содан кейінгі табаққа салынады).
Қонақта құдаға, құдағиға, күйеуге, қызға да арнайы табақпен жілік салынып, табақ тартады.
Күйеу табақ. Асықты жілік, сүбе қабырға, бір білем ет, омыртқа, бір білем құйрық, бір бөлек төс сүйек салынады.
Қызға тартатын табақ.Тоқпан жілік, сүбе қабырға, бір білем ет, омыртқа, бір білем құйрық, жаясы мен ұшасы (екі жақты біріктіріп тұратын омыртқа ұша деп аталады).
Құда(құдағи) табақ. Бас, жамбас, сүбе қабырға, қанатты омыртқа, бір білем ет, бір білем құйрық арнайы туралып салынған құйрық-бауыр.
«Ой-таным» журналынан

9 пікір

Azamat
Жазбаңа рахмет Майрош)
Arhun
Эх, тағам-мәдениетіміздің байлығынай…
mairosh
Сол байлықты бағалап жүре берейік дегендей ғой.
Korkem
Таптырмас керек мәліметтер ғой… Тамаша!!! +1
Jako
Күйеу табақ. Асықты жілік, сүбе қабырға, бір білем ет, омыртқа, бір білем құйрық, бір бөлек төс сүйек
Күйеу табаққа жілік салынбайды, төс міндетті ал қалғаны табақтас адамына қарай.

Құда(құдағи) табақ. Бас, жамбас, сүбе қабырға, қанатты омыртқа, бір білем ет, бір білем құйрық
Бас табаққа салынбайды бөлек ыдыспен тартылады.
Delfina
Дұрыс айтасыз Жако аға.
mairosh
Жако агай бұл әрине менің қатем емес. Рахмет сізге есте жүреді екен
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.