"Айтабер смайлигі" печеньесі..

Асыңыз дәмді болсын! /
Сәлеметсіздер ме, Айтаберліктер! Мал-жан аман ба? Бүгін сіздерді тәтті «Айтабер смайликтерімен» шәй ішуге шақырмақ арам ойым бар еді… (не ғой, «салауатты өмір салтын ұстана жүріп, ішпе-жеме деп еді, мұнысы несі?» деп арам ойлап қалмаңыздар, қыз боп туғаннан соң болашақта керек болар деймін ғой со баяғы...)
Тәәәк, сонымен:
Құрамына енетіндер:
Манный жармасы — 1 стакан,
Айран (кефир) — 1 стакан,
Құмшекер — 1 стакан,
Ұн — 3 стакан,
Жұмыртқа — 4 шт,
Маргарин (сливочый май да жарай береді) — 200 г,
құмшекер пудрасы — 100 г,
Шоколад — 50 г.
тұз, сода, тортқа арналған бояу, лимон.

Дайындалуы (ескерту: дайындауға кіріспес бұрын, қол тазалығына мән беріңіз!):
Алдымен Манный жармасын айранмен жақсылап араластырамыз да, 1 сағат шамасын қойып қоямыз, манный жармасы сіңуі үшін, ара-арасында қозғап тұрамыз.
Уақыты боған соң, құмшекер, екі жұмыртқа және қалған екі жұмыртқаның сарысын салып араластырамыз. Араластырып болған соң, Маргаринді ерітіп (суытып) құямыз, аздап тұз, сода, ұнды салып илейміз. Егер ұн аздық етсе тағы да қосуға болады. Қамырды шамалы қатты етіп илеймыз, ол сосын жұмсарып кетеді. Қамырды зуала етіп, жарты сағатқа қоя тұрамыз.Уақыты болған соң 7-8 мм етіп жайып, стаканмен дөңгелете кесеміз. Қатты қызбайтын пеште (духовка) ара-арасын жиі етпей (себебі, олар пісу барысында үлкен болып кетеді) қалыпқа орналастырамыз. 160градуста 20-25 минутқа қоямыз.Мен пештің астына қойдым көтерілуі үшін, көтерілген соң үстіне ауыстырамыз беті қызару үшін. Бетін тым қатты қызартпай пештен аламыз, да шамалы суытып қоямыз. Пісіру кезіндегі уақытты пайдаланып, печенье бетіне жағатын жалатпа дайындаймыз. Манағы екі жұмырқаның ағына лимон шырынының 5-6 тамшысын тамызып, көпіршіктенгенше араластырамыз да құмшекер пудрасы мен бояу қосып араластырамыз.Мұнан соң дайындаған жалатпаны шамалы суытып қойған печенье үстінен жалатамыз да суытып қоямыз.
Енді алдын ала пиолайға салып ерітілген шоколадпен Айтаберге арнап смайлик саламыз: Ал енді Садко бастап, қалғандарыңыз қостап, шәйға келіңіздер, дәм ауыз тиіңіздер… Негізі бұл печеньенің аты жәй ғана «смайлик» оны Айтаберге арнағаным үшін ренжімессіздер деп ойлаймын, ұялы телефонмен түсірілген сапасыздығы үшін тағы да кешірім сұраймын…
Ұмытып барады екем, мұны қайдан алдың деймін дейтіндерге тағы сол жауап, бір кездері алып сақтап қойған екем, Осылай Айтаберге жазып отырармын деп ойламаған едім ол кезде…

Алдағы күнде тағы да жып-жылы жүзбен жүздескенше....)) Сау-саламат болыңыздар!

55 пікір

mairosh
Ухты! Мынаны жасап көру керек. )))))
Abylai
Көркем кетемееет, тамаша, ғажап. )) әттеңі духовкам істемейді (( Микроволновая печьке пісіруге болатын бірдеңелерің бар ма?
AKA
шештен, пиолайға, зуала
дегендерді түсінбесем де, риза боп күліп алдым. Жарайсыңиии, мамадес қызсың ғой, қуаныштымын!
AKA
«Айтабер смайлигі» печеньесі..
нүктелерді ап тасташ иә, қажетпес қо. Бояу болғанда… ол қандай боладкен? Дауай, шығар, тағы қандай өнерлерің бар? :)))
Korkem
вахахаааа, нүктелер тақияңа тар боп тұр ма? Шығарам ғой, сіз де қарап қалмайтын шығарс..)))
Korkem
Бояу арнайы торт дайындайтын жерде немесе құмшекер пудрасы, приправалар сататын жерден сұрасаңыз табасыз, неше бір түрі бар.
AKA
Садко — үйрек муахахахаха :))))))) жо-жоқ, бантик таққан үйрек :))) мен балапан емеспінииии, бірақ дәмін татуға барамын шақырсаң. :)
erke_ky3
Вааау, қандай әдемііііііі! Фантазияныз күшті екен
ereke_enu
Ой еее, осыны пісіріп салып жіберсеңдер өмірімнің соңына дейін ырза болып өтер едім сендерге..)
Arhun
Маған бір-екеуін қалдырып қойыңдар… ең құрмағанда Ням-ням
beko
Біздің аспасшыларымыз ай, шексіз ризамын, сіздерге!
Алдағы уақытта кездескенде (жоспар «айтабершілердің алғашқы кездесуі») қолдарыңыздан, дәм ауыз тиерміз деген үміттемін… АйтаБер ұжымы, менен бетер қалайтын шығар… хе хе
Korkem
Мяяя, ол кездесу қашан? Неге мен білмей жүрмін оны?
beko
Құдай қаласа, осы жылы. Анық уақыты құпия. Уақыты келгесін, АйтаБер қолданушысы жариялар, сондықтан достарымызды да қосу керек ау шамасы, бірге ойнап, танысып, білісіп, ой өрісімізді достарымызбен(әртүрлі жастағы) кеңейтетін…
Ал мен АйтаБер-ді өз достарыммен бөлісудемін, ал сіздер ше? Онда мұнда басуға кеңес беремін.
pari
Көркем күшті екен!!! қарным шұрылдап барады
Azamat
Қалайда жасап жеймін)
Korkem
алдыңыздан жарылқасын
AL-ASTER
Сызылып қалған сөздерді оқып алып, печеньелердің құрамында спирт бар ма деп ойлап қалдым. Күліп тұрған пішендерді жеу сондай аянышты эпизод сияқты ма, қалай өзі?!
Liberal
Қап менде қалып кетіппін ғой :))))))))))
Korkem
Қайда, қашан, белгісіз «Айтабер» жиынына келетін болсаңыз, міндетті түрде пісіріп апрамын...)))
Liberal
ол жиналыс болатыны қайдам… Демек әзір бұйырмайды екен )))
MSHERIMBEK
Шерлеріңді тарқатсаңдар болды! Мына пікірлеріңді өшіремін. Сайтқа келген адамдарда негатив болмасын:)
aikedoku
Брат, сөйтші, осы пікірлерді өшіріп тастай салш негізі
Korkem
міне, ақылың кірді
konvict
Не ғо, біреудің еңбегін жоққа шығарып отқаның қызық екен ше
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.